Мансап

Astana Group — бұл 8000-нан аса маман!

Бізде жұмыс істеу  тек тұрақтылық, әлеуметтік кепілдіктер мен жақсы еңбек жағдайларын ғана беріп қоймай, кәсіби және жеке тұлға ретінде өсуге ауқымды мүмкіндіктер ашады. Біз компаниямен бірге дамуға дайын талапты және бастамашыл адамдарды жұмысқа шақырамыз.

Ұсынатын жағдайларымыз:

 • Кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндігі.
 • Корпоративтік оқыту.
 • Қызметкерлерінің дағдылары мен білімін үнемі жетілдіріп отыру үшін компания ішкі және сыртқы оқыту бағдарламаларын ұсынады.

Сынақ мерзімі сәтті аяқталғаннан кейін компанияның әр қызметкерінің Академия шеңберінде оқуға мүмкіндігі бар, мысалы:

 • кәсіби бағыттар бойынша оқыту (сату, сервис, маркетинг және т.с.с.);
 • қазақ және ағылшын тілдерінің курстары;
 • «Болашақтың көшбасшылары» бағдарламасы бойынша компанияның басшылық лауазымдарға кадрлық резервіне қатысу.

Тәлімгерлік

Атқарып отырған қызметінде кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар ең жақсы дайындалған жұмыскерлер тәлімгерлерге айналады. Өз саласы бойынша жоғары кәсіптік қабілеттері бар. Оқытуға қабілеті бар және өзінің кәсіби тәжірибесімен және білімімен бөлісуге дайын.

Қызметкерлерге сыйақы беру

Жыл соңында компания қызметкерлерге олардың жыл бойғы жұмысының қорытындылары бойынша жетістіктері мен компанияның дамуының жалпы нәтижесіне қосқан үлесі үшін сыйақы береді.

Корпоративтік медициналық қызмет көрсету

Корпоративтік медсақтандыру, кеңесші дәрігер.

Корпоративтік психолог

Жұмыспен қамтылған әрбір қызметкердің психологқа жүгінуге мүмкіндігі бар.

Фитнес

Компанияның әрбір қызметкерінің спорттық-сауықтыру қызметтерінің жылдық абонемент құны төлемінің бір бөлігінің (50%) өтелуіне мүмкіндігі бар.

Жеңілдіктер

Автокөліктер сатып алуға және автокөліктерге қызмет көрсетуге.

Қызметкерлерге материалдық көмек

Көмек ерекше өмірлік жағдайларда беріледі.

Жұмыс іздеушілерге

Компаниямыздағы ашық орындарға байқауға қатысу үшін өз түйіндемеңізді бізге электронды пошта арқылы жіберу немесе түйіндеме жіберу нысанын толтыру қажет:

"Астана Моторс" – hr@astana-motors.kz

MEGA – info@megacenter.kz

Mycar.kz – hr@mycar.kz

Электронды хаттың тақырыбында өз тегіңізді, атыңызды және қай лауазымға үміткер болып отырғаныңызды көрсетуіңіз қажет.

Тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз талаптарға сай келсе, Сізді міндетті түрде сұхбаттасуға шақырамыз. Келіп түскен барлық түйіндемелер деректер базасына тіркеледі, біз жаңа орындар ашылған жағдайда бірінші кезекте осы деректер базасынан іздейміз.