Нұрлан Смағұлов қоры

Меценаттық, қайырымдылық және волонтерлік Astana Group ішкі және сыртқы саясатының маңызды бөлігі.
«Астана Моторс» компаниясының құрылған сәтінен бастап бүгінге дейін тұрақты және жүйелі түрде өнер, спорт саласындағы жобаларды, қиын өмірлік жағдайларға душар болған балаларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

2020 жылы бұл қызмет Нұрлан Смағұлов Қайырымдылық қорының басқаруымен шоғырландырылды, енді компаниялар тобы жыл сайын меценаттыққа және қайырымдылыққа бір миллиард теңге бөліп отырады.

Вебсайт