BYD делегациясы жолаушылар және коммерциялық көлік шығаратын Astana Motors зауытында. Фото Astana Motors

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors  компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында  шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Бұған дейін Бейжіңде Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов пен Тянь Чунлун мырза өндірістік ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Салтанатты рәсім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсянның қатысуымен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің VIII отырысы аясында өтті.


BYD делегациясы жолаушылар және коммерциялық көлік шығаратын Astana Motors зауытында. Фото Astana Motors

«Құрамдас бөлшектер зауытқа келіп жетті. Бүгінгі таңда Қазақстанда B12 моделінен 30 дана BYD электробустарының алғашқы партиясы шығарылды. Біз жыл соңына дейін тағы 70 электробус, ал жалпы көлемде 100 BYD электробустарын шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Astana Motors жолаушылар және коммерциялық техника зауытының директоры Әділбек Гаев.

BYD B12  моделі - BYD компаниясының 12 метрлік қалалық электр автобустарының соңғы буыны. Электробус шассиге біріктірілген Blade аккумуляторымен жабдықталған. Инновациялы Blade аккумуляторы ең қатал экстремалды сынақтардан өтіп, әлемдегі ең қауіпсіз батареялардың бірі болып танылды.


Суретте: BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун, Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев және зауыт директоры Әділбек Гаев.

Алматыда электроавтобус шығару жобасы кезең-кезеңімен өндірісті локализациялауды көздейді. 2026 жылдан бастап зауыт технологиялық процестерін жетілдіріп, өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.

Тянь Чунлун мырза атқарылған жұмыстар мен оның нәтижелерін жоғары бағалады. Ол Қазақстанда электробустарды шығару жобасының маңызы зор екенін және ынтымақтастықтың одан әрі дамуына жол ашатынын атап өтті.


Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің архиві

Айта кетейік, шілде айында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды BYD компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Айван Цао және Astana Motors компаниясының басшылығымен кездесіп, электроавтобустарды шығару және оны локализациялау жолдарын талқылады.

Қазақстанда электробус өндірісін локализациялау жобасын ҚР Үкіметі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі қолдады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.

Нұрлан Смағұловтың Almaty Museum of Arts – дәстүрден арандатуға дейін

Кәсіпкер, меценат әрі коллекционер Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайы ресми түрде 2025 жылдың 12 қыркүйегінде есігін ашады.