Бекнұр Несіпбаев
«Астана Моторс» ҚМК бас директоры
Бекнұр Мұратұлы компанияда 2009 жылдан бері жұмыс істейді, «Астана Моторс» ҚМК жүйесіне университетті тәмамдағаннан кейін келді және бас директор лауазымына тағайындалғанға дейін 10 жыл жұмыс істеді. Өзінің мансап жолын қосалқы бөлшектер сату жөніндегі менеджер қызметінен бастады. Кейін қосалқы бөлшектер бөлімінің бастығы, техникалық директор, Hyundai Auto Astana дилерлік орталығының директоры, «Астана Моторс» ҚМК техникалық басқарушы директоры лауазымдарына тағайындалды.
2022 жылдан бері – «Астана Моторс» ҚМК миноритарлық акционері.
Білімі
2007 жылы Қазақ-Ресей университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.