Айжан Төлемісова
Айжан Төлемісова 2008 жылдан бері Astana Group тобының құрылымдарында жұмыс істеп келеді. Компанияға университетті бітіріп келді және мансабын Астанадағы «Астана Моторс» мультибрендтік автоорталығында жарнама жөніндегі менеджер ретінде бастаған.
2009 жылы «Астана Тойота Орталығында» маркетинг жөніндегі директор лауазымына тағайындалып, 2014 жылы осы автоорталықты басқарған.
Содан кейін ол «Лексус Астана» директоры және брендтің Астана бойынша өңірлік директоры лауазымдарында жұмыс істеген, MyCar Astana орталығының бірінші басшысы болған және елордада тұңғыш Mycar автохабын тұрғызумен және іске қосумен айналысқан.
2022 жылдың ақпан айында Айжан Төлемісова Mega Center Management компаниясының бас директоры лауазымына тағайындалды.
Білімі
2007 жылы Орынбор мемлекеттік университетін маркетинг; мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Swiss Business School мектебінде MBA дәрежесін алған.