Тұржанов Ерікқали
Ерікқали Серікұлы «Astana Motors» КМК-дағы қызмет жолын 2014 жылдан Hyundai Auto Kazakhstan автоорталығының аймақтық сату менеджері лауазымынан бастады. Бір жылдан кейін ол Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясында сату бөлімінің басшысы лауазымына ауысты. 2017 жылы Ерікқали «Астана Моторс» компаниясының жүрілген көліктерді сатуды дамыту жөніндегі директоры болып тағайындалды. Бес жылдан кейін ол MyCar Group директорының орынбасары болып, ал 2023 жылдан бастап директор қызметін атқарды.
Білім
2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласындағы Колумбия колледжін «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша аяқтаған;
2012 жылы Тұран колледжінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша дипломын алды.
2015 жылы «Тұран» университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.