Нұрлан Смағұлов
Astana Group Негізін қалаушы және Президенті
Нұрлан Смағұлов — тарихы «Астана Моторс» ҚМК құрылған 1992 жылдан бастау алатын Astana Group тобының негізін қалаушы. Нұрлан Еркебұланұлы — кәсіпкер, меценат, № 2 түзету мектеп-интернатының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
Қысқаша өмірбаяны
- 1965 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша бітірген.
- 1984 – 1986 жылдары әскер қатарында қызмет етті.
- 1992 жылы «Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясының негізін қалады. Автокөлік компаниясы қызметінің негізгі түрі — автокөліктер жасау және сату, сервистік қызмет көрсету.
- 1996 – 2002 жылдары «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ-та жұмыс істеді.
- 1996 – 2000 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі лауазымын атқарды.
- 2003 жылы Mega Center Management компаниясының негізін қалады.
- 2019 – 2023 жылдары Қазақстан велосипед спорты федерациясын басқарды.
- 2020 жылы Нұрлан Смағұлов қайырымдылық қорын құрды.
- 2020 жылы MYCAR компаниялар тобын құрды.
- 2021 жылы Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының құрылысын бастады.
Марапаттары мен сыйлықтары
- 2007 жылы республикаға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» мемлекеттік орденімен марапатталды.
- 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталды.
- 2009 жылы Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясы ұйымдастырған «Жыл кәсіпкері» (Entrepreneur of the year award) Халықаралық байқауының Ұлттық кезеңінің жеңімпазы атанды.
- 2011 жылдан бері Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің ондығына кіреді.
- 2014 жылдан бері Қазақстандағы ең ірі рантье (Forbes Kazakhstan рейтингінде № 1).
- 2015 жылдың қорытындысымен Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша «Жыл бизнесмені» болып танылды.
- 2018 жылы өндірістік қызметте сіңірген еңбегі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.