Қазақстандық «Астана Моторс” компаниясы Алматыда салынып жатқан мультибренд зауытта Chery, Haval және Changan автокөліктерін шығаруға рұқсат алды. Өндіріс 2025 жылы басталады. Тараптар техникалық-лицензиялық келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде Сиандағы Қытай Халық Республикасының беделді өкілдері бас қосқан дөңгелек үстелге қатысқанда қол қойды.

Келісімге Қазақстаннан «Астана Моторс” компаниясының негізін қалаған Нұрлан Смағұлов, Қытайдан Chery International компаниясының вице-президенті Жу Шаодон, Great Wall Motors вице-президенті Чжан Цзюньсюэ, Changan International Corporation бас директоры Сон Шуан қол қойды. Бұл келісім «Астана Моторс» компаниясына осы маркалы көліктерді шағын түйін әдісі арқылы шығару құқығын береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің іскер топ өкілдерімен кездескенде Қазақстандағы индустрия жобаларының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Қытай — сенімді серіктес.

«Кейінгі жылдары Қазақстанда қытайлық көліктер кеңінен таныла бастады. Олар ең көп сатылатын көліктердің қатарында. Бұл саладағы ынтымағымыз жаңа сапалы деңгейге көтеріліп жатыр. Қазақстанда қытайлық көліктерді шағын түйін арқылы құрастыру қолға алынып жатыр. Бүгін екі елдің компаниялары тиісті құжаттарға қол қояды», — деді Қазақстан президенті дөңгелек үстелдің ашылуында.

«Әлемде алғаш рет қытайлық автокөлік өнеркәсібінің үш көшбасшысының көліктері бір зауытта шығарылады. Бұл — дүниежүзінің ешбір жерінде болмаған керемет жайт. Өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттің қолдап жатқанын атап өткім келеді. Осы қолдаудың арқасында Қытай Халық Республикасындағы автоөнеркәсіп әлемдік нарықта табысқа жетті. Шағын түйін өндірісін игеруге міндетін өзіне алған өндірушілерді қолдау қажет деп есептейміз. Қытайдың ең ірі автоөндірушілері ретінде біз үлкен түйін өндірісі елді шынайы автоөнеркәсіпке жетелемейтінін түсінеміз. Сондықтан біз «Астана Моторс» компаниясының Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамыту жолындағы сенімді қадамдарын құптаймыз», — деді Чжан Цзюньсюэ.

Қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Смағұлов бұл келісімді «Қазақстандағы тарихи жағдай” деп атады.

«Біздің компаниямыз автокөлік өнеркәсібіне қойылатын талаптар мен эволюцияның өзгеретін уақыты келді деп есептейді. Біз Chery, Changan және Great Wall Motors компанияларымен бірінші болып дәнекерлеу мен бояуды қамтитын 100% шағын түйін өндірісі туралы келіссөз жүргіздік. Болашақта біздің өндірісіміз жылына 90 000 көлік шығарсақ, бұл Қазақстанда кем дегенде оның 50%-інің шанақ панельдерін штамптауға және автомобиль бөлшектерін өндіруге мүмкіндік береді. Мұның барлығы экспортты ұлғайтуға көмектеседі - мультибренд зауытта шығарылатын көліктің 60%-тен астамы ТМД елдеріне жеткізіледі", — деді Нұрлан Смағұлов.

Қазақстан келісімге келген автобрендтер Қытайдағы ең ірі ойыншылар болып саналады. China Association of Automobile Manufacturers (CAAM) мәліметінше, 2022 жылдың соңында Қытай нарығының ұзақмерзімді көшбасшысы Changan екінші, Chery алтыншы орын алды, одан кейінгі позицияға Haval жайғасты.

Қытай әлемдік нарыққа шығуды жалғастырып жатыр. 2023 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, Қытай дүниежүзіндегі автокөлік өнеркәсібі мен экспорты бойынша бірінші орынға шығып (1,069 миллион автомобиль), Жапонияны (1,047 миллион автомобиль) басып озды. Қытайлық экспорттаушылардың рейтиңінде Chery екінші орында, Changan төртінші орында, Haval бренді кіретін Great Wall Motor алтыншы орында тұр.

«Астана Моторс» компаниясының жаһандық мақсаты — жаңа автокөліктерге деген сұранысты қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар Алматыдағы индустриал аймақта технопарк салу, шағын және орта кәсіпке арналған компоненттерді шығаратын және оларды Hyundai және келешектегі жаңа мультибренд зауытына жеткізетін кластер құру.

Қазір компания Қазақстаннан орта және шағын кәсіп өкілдерін іздеп жатыр. Оған қоса шетелде де зауыттың әлеуетті серіктестерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылғы қыркүйекте «Астана Моторс» компаниясы қытайлық автокөлік концерндерімен жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды. Қарашада мемлекет басшысы Алматыдағы мультибренд зауыт салуды бастауға рұқсат берді.

Қытайдың автоөнеркәсіп көшбасшыларының барлық стандартына сай, аумағы 300 000 шаршы метр болатын зауыт құрылысы жүріп жатыр. Бұл кезеңде 160 техника арқылы құрылыс-монтаждау жасалып жатыр.

Өндіріс алаңы — 150 000 шаршы метр. Жобаның жалпы бағасы — 115 миллиард теңге.

Мультибренд зауытта 2 600 жұмыс орны болады. Ұжымның негізгі тірегі - жетекші автоөндірушілердің тәжірибесін үйреніп, Қазақстандағы технологияларды дамытатын инженерлік-техника сала мамандары.

Алматыдағы мультибренд зауыты құрылысын 2024 жылғы төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр. 2025 жылғы бірінші тоқсанда автокөліктердің тәжірибе өндірісін іске қосу басталады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.