«Астана Моторс» Алматының Индустриялық аймағында қытайлық Chery, Haval және Changan автогиганттарының автомобильдерін өндіруге арналған толық циклді мультибрендті зауыт салуға кірісті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға ресми сапары аясында кәсіпорынның құрылысын бастауға рұқсат берді.

Зауыт құрылысын іске қосу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев; «Астана Моторс» Басқарма Төрағасы Нұрлан Смағұлов; «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

«Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөз жүргіздік. Соның ішінде осы жоба туралы да әңгімелестік. Нәтижесінде, міне, бұл жоба іске асырыла бастады. Құтты болсын!» — деді Президент.

slider_182 slider_183 slider_184 slider_185 slider_187 slider_186 slider_188

Мультибрендті зауыттың өндірістік қуаты — жылына 90 мың бірлік. Кәсіпорындағы автомобильдердің барлық көлемі тек шанақты дәнекерлеу және бояу арқылы ұсақ түйінді әдіспен шығарылатын болады.

Өндірілген автокөліктердің жалпы көлемінің 40%-ын «Астана Моторс» отандық нарыққа, 60%-ын — ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

«Астана Моторс» компаниясы адами капиталды дамытуға басты назар аударады және машина жасау саласында білікті кадрларды тәрбиелейді.

«Мультибрендті зауытта 2 200 жұмыс орны құрылады. Ұжымның негізгі тірегі - инженерлік-техникалық мамандықтардың мамандары, олар жетекші автоконцерндердің тәжірибесін қабылдап, Қазақстанда технологияларды дамытатын болады. Біз Қытайдың автоөнеркәсіп көшбасшыларының стандарттары бойынша өндірісті ұйымдастыруға 100 млрд. теңге инвестициялаймыз. Біздің жаһандық мақсатымыз — Алматының Индустриялық аймағында технопарк салу, компоненттерді өндіріп, оларды кәсіпорындарымыздың желісіне жеткізетін шағын және орта бизнеске арналған кластер құру», — деп атап өтті «Астана Моторс» Басқарма Төрағасы Нұрлан Смағұлов.

slider_189 slider_190

«Астана Моторс» СЕО Бекнұр Несіпбаев, өз кезегінде, келесіні атап өтті: «жаңа кәсіпорын Chery, Haval және Changan брендтерінің тоғыз моделін өмірлік циклінің басында - буын ауысқан кезде немесе толық рестайлинг кезінде шығарады, яғни модельдердің әлемдік нарыққа шығуына қарай олардың өндірісін игереді". Атап айтқанда, әңгіме Chery Tiggo 2 PRO, Chery Tiggo 4 PRO, Chery Tiggo 7 PRO; Haval Jolion, Haval Н6, Haval M6 Plus; Changan CS35, Changan CS55 және Changan CS75 сияқты модельдер жайлы болып тұр.

Мультибрендті зауыттың құрылысын аяқтаудың жоспарланған күні - 2024 жылғы IV тоқсан. 2025 жылдың I тоқсанында автомобильдердің пилоттық өндірісін іске қосу жоспарлануда.

Лицензиялық келісім бойынша автомобиль шығаратын кәсіпорын «Астана Моторс» компаниясының 100% меншігінде.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Моторс» компаниясы жергіліктендіруді кезең-кезеңімен тереңдетіп келеді және ағымдағы жылы автокомпоненттер шығаратын зауыт салуға кіріседі. Алматының Индустриялық аймағында технопарк құру Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына, машина жасау саласында білікті кадрлар жүйесін қалыптастыруға серпін береді.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.