Гаогун өндірістік институты ең ақылды 10 үздік Қытай көлігін жариялады. Бірінші орынды қазақстандықтарға Haval брендімен танымал Great Wall Motor компаниясы алды.

Нарықты алға жетелейтін нәрсе — бәсекелестік, ал ең қатал бәсекелестік Қытай көлік өндірісінде шығар. Қытай еліндегідей көлік өндірушілер мен өзіндік брендердің саны әлемдегі ешбір елде жоқ. Сондықтан тұтынушының назары мен әмиянына кім көбірек лайық екенін анықтау үшін тұрақты түрде қуатын өлшеу, бағалау, краш-тесттер мен рейтингтер өткізіліп тұрады.

Дегенмен ағымдағы күнгі жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ болашаққа дайындығы: экологиялық тазалығы, технологиялығы, инновациялығы бойынша да жарысады. Гаогун өндірістік институтының ең ақылды Қытай көліктерінің жаңа рейтингінде бірінші орынды Great Wall Motor компаниясы алды. GWM басқа өндірушілерден зерттеу орталықтарының мүмкіндіктері, интеллектуалды технологияларды ендіру көлемі және «ақылды» автокөліктердің нарықтағы үлесі сияқты параметрлері бойынша озып кетті. «Қытай автокөліктері» ақпараттық порталындағы әріптестер өз материалында атап өткендей, «ақылды» индексі - бәсекелестіктегі ең жаңа әрі ең қатал бағыт, өйткені автокөлік мультимедиалық көмекші, кеңесші әрі штурман болуы керек.

Great Wall Motor-дың танымал модельдерінің функцияларын қараған кезде бұл қатты байқалады. Мысалы, үздік жиынтықтағы Haval Jolion жол белгілерін тану жүйелерімен жабдықталған, көзден тыс аймақтардағы жүріс кедергілерін тіркейді, толық жетекті аспадағы датчиктер жол жабынының сапасына талдау жасап, жайлы жүрісті қамтамасыз етеді, айналаға мониторинг жүргізу жүйесі алда келе жатқан және қарсы келе жатқан көлікпен соқтығу қаупі туралы ескертеді, оған қоса бейімделгіш круиз-бақылау, жолақты қауіпсіз ауыстыру және автоматты түрде тұраққа қою. Ақылбек Анарбаев, Haval Motor Kazakhstan директоры («Астана Моторс» еншілес компаниясы) көліктің интеллектуалды жүйесін: «Шаршаған кезіңіздегі сақтық, бір минуттық зейінсіздіктен сақтандыру, нақты уақыт режимінде жол жағдайын бағалау … Жол жүргенде аз күйзеліп, көп рақат алу!» — деп сипаттады.

Haval Jolion бағасы 11, 9 млн теңгеден басталады! Ақылды Jolion-ның IQ-ын Haval дилерлік орталықтарында өзіңіз тексере аласыз: тест-драйвқа арналған көліктер — өз сыншыларын, ал Great Wall Motor зауытынан шыққан жаңа көліктер өз сатушыларын күтіп тұр!


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.