Chery командасы «Байқоңырдан» зымыран ұшыруға қатысты
Қазақстанның танымал автоблогерлері мен инфлюенсерлері Chery Tiggo 8 PRO MAX көлігімен 1 400 км жүріп, зымыранның ұшуын тамашалады
Зымыранның ұшуын барлығы теледидардан немесе YouTube-тан көрген шығар, бірақ оны тура ұшу алаңында тұрып, өз көзіңізбен тамашалау тек 2018 жылы «Байқоныр» туристер үшін ашылған кезден бастап мүмкін болды. Алайда қазіргі кезде де зымыранның ұшуын өз көзімен көрген адамдардың саны көп емес.
Қазақстандық танымал автоблогерлер мен инфлюенсерлер Байқоңырдың ұшыру алаңына келер жолда Шымкенттен ғарыш айлағына дейін Қызылорда арқылы 1 400 км жол жүріп, 2022 жылы қыркүйек айында сатылымға түскен жаңа модель Chery Tiggo 8 PRO MAX көлігін тестілеуден өткізді. Chery-дің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы First Motor Group («Астана Моторс» құрамына кіреді) болып табылады.
Тест-драйвқа қатысушылар атап өткен Chery Tiggo 8 PRO MAX көлігінің негізгі ерекшелігі - бұл тарту күші, 197 аттың күші айтарлықтай үлкен автокөлікке жылдамдықты тез арттыруға мүмкіндік береді, ал бұл мүмкіндіктің, әсіресе тасжолмен ұзақ жол жүргенде маңызы зор.
— Автокөліктің техникалық сипаттамалары — 200 аттың тарту күші, жеті сатылы беріліс қорабы, спорт режимі, — дейді көлік сарапшысы Дияс Валихан.
Chery Tiggo 8 Pro Max — брендтің елімізде ұсынылған бірінші толық жетекті моделі. Сондай-ақ өз класындағы ең жүйрік кроссовер — 0-ден 100 км/сағ дейін жылдамдықты арттыру 8,5 секундты алады, шекті жылдамдығы — 195 км/сағ.
— Chery Tiggo 8 PRO MAX моделінің басты ерекшелігі салон дер едім. Орындықтары ыңғайлы, Шымкенттен Байқоңырға дейін жол жүрсем де, шаршаған жоқпын. Шудың оқшаулануы жоғары деңгейде. Барлық қажеттілікті қанағаттандыратын жайлы көлік, сондай-ақ 360 градусты түсіретін камерасы мен бейімделгіш круиз-бақылауы да бар, — деп атап өтті автоблогер Руслан Мұқанов.
Chery Tiggo 8 PRO MAX көлігі автожорыққа қатысқан қыздардарды — дизайнер Аида Кауменова мен мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратованы да бейжай қалдырған жоқ.
Қыздар бірінші кезекте салонның кеңдігін және жаңа бренд топтамасынан бастап спорттық сөмке мен жабдыққа дейін барлық зат сыятын үлкен жүксалғышын атап өтті. Автокөлік өте кең - жеті орынды премиум салоны бар. Екінші және үшінші қатардың орындықтарын жинап тастауға болады, ол кезде зат қоятын орын 2101 литрге дейін ұлғаяды.
— Бұл кроссовердің салоны люкс сегментіндегі автокөліктердің салонындай, — деп тоқталды Аида Кауменова.
Шынымен, сарапшылар модельдің сырт келбеті, интеллектуалдық жүйелері, Jaguar дизайнерлерінің премиум салоны мен бес жұлдызды қауіпсіздік деңгейі оны жоғары баға сегментіндегі автокөліктердің қауіпті бәсекелесіне айналдыратынын атап өтті. Оның үстіне Chery Tiggo 8 PRO MAX моделінің құны 18,9 млн теңгеден басталады.
Байқоңырға келгеннен кейін топ аздап демалып, содан соң Халықаралық ғарыш станциясын жабдықтаудың 82-ші миссиясы бағдарламасы бойынша «Прогресс МС-21» ғарыштық тасымалдау жүк кемесі ұшырылған «Шығыс» ұшыру алаңына келді.
Зымыран ұшырылғаннан кейін автожорыққа қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.
— Нағыз керемет сапар болды. Зымыранның ұшырылғанын өз көзіммен көрдім, оның үстіне бұл жүк зымыраны еді. Бірнеше тоннаның әуеге көтерілгенін ойласам, ақылға сыймайды, — деп актер Нұрлан Батыров өз әсерімен бөлісті. — Chery-мен бірге Қазақстанға саяхаттап, ұлан-ғайыр Отанымыздың ең көрікті жерлерін аралаңыз.
— Өте тез ұшырылды, әйтсе де көп тонналы алыптың, сондай үлкен әрі сондай қуатты нәрсенің аспанға санаулы секундта ұшып, ғарышқа еніп кеткенін көру адам айтқысыз керемет болды! — деп еске алды Ерден Телемісов. — Біз қуанғаннан балалар секілді секіріп кеттік. Автожорықты ұйымдастырғаны үшін Chery Kazakhstan компаниясына көп рақмет! Ең бастысы, адамдардың басын қосу және өте сапалы автокөліктерге отырғызып, туған жеріміз Қазақстанды аралату — олардың қолынан келді.
First Motor Group компаниясының жаңа кроссовердің тест-драйвына шақырып, неге ғарыш айлағына баруға шешім қабылдағаны туралы Компанияның Маркетинг жөніндегі директоры Айгүл Темешова тоқталып өтті.
— Chery Tiggo 8 Pro Max тұсаукесерінде қонақтарға автокөлікті «ұшқыштар» таныстырған болатын. Бұл тақырыпты да біз бекерден бекер таңдаған жоқпыз, автокөлікті әуе кемесімен салыстырып жатады, өйткені кроссовердің «жүрегіне» ұшақтарға арналған қозғалтқыш құрылғыларын жасап шығаратын Honeywell компаниясының турбинасы орнатылған. Сонымен қатар автокөліктің руліне отырғанда бірінші ойыңызға келетіні - «ұшақтағыдай екен» деген ой. Айнала экрандар мен жүйелер, дауысты көмекші, тұраққа қойған кездегі «автоұшқыштың" аналогы. Ал жайлылық деңгейін заманауи әуе лайнеріндегі бизнес-класпен салыстыруға болады, бұл жүргізуші үшін де, барлық қалған жолаушылар үшін де бірдей жайлылық деңгейі. Осы тақырыпты өрбіте отырып, біз ғарыш айлағына шақыруға, стандарттан тыс тест-драйв өткізуге және автокөліктің тасжолда өзін қалай сезінетінін байқап көруге шешім қабылдадық, — деп түсіндірді Айгүл Темешова.
Автожорық кезінде қатысушылар Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалай алды, зымыранның ұшуын көріп, Chery автокөлігін тестіден өткізе алды. Сіз де жаңа автокөлікті сынап көре аласыз — тест-драйвты: Астана, Алматы (соның ішінде Құлжа күрежолындағы жаңа Mycar Almaty орталығында), Шымкент, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар қалаларындағы кез келген дилерлік орталықтан өтуге болады немесе chery.mycar.kz онлайн-дилеріне хабарласып, үйден тест-драйв өткізуге тапсырыс бере аласыз.
Жылдың соңына дейін тағы сегіз дилерлік орталық ашылады — Астанада тағы біреуі, сондай-ақ Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Петропавл қалаларында ашылады.