Машина жасаушы күні - «Астана Моторс» үшін ең маңызды мереке! Оның құрметіне арналған бірқатар салтанатты шаралар 22 қыркүйекте жыл сайынғы Машина жасаушылар форумында басталды, форумда Hyundai Trans Almaty директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайрат Ережепов пен Hyundai Trans Kazakhstan бояу цехінің бастығы Александр Байер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті машина жасаушы» төсбелгілерімен марапатталды.

Ал мерекенің шарықтау шегі 22 қазан күніне сай келді! Машина жасау күнінің құрметіне Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттарының қызметкерлеріне алғысхаттар, сыйлық сертификаттары, алтын, күміс және қола «Астана Моторс» белгілері табысталды.

Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттары — «Астана Моторс» компаниясының өндірістік кәсіпорындары.

Hyundai Trans Almaty 2011 жылы ашылды және Hyundai, Golden Dragon, МАЗ және Foton маркаларының мамандандырылған коммерциялық техникасын шығарады.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытында 2020 жылдан бері Hyundai жеңіл автокөліктері өндіріледі. Биыл кәсіпорын өзінің толық өндірістік қуатымен жұмыс істеуге кірісті.

2022 жылдың төртінші тоқсанында Алматы Индустриалдық аймағында автокомпоненттер өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Жобаға салынатын инвестициялар 15 млн долларды құрайды. Өндірістік жайлардың ауданы — 9 500 ш. метр. Кәсіпорындарда 175 жұмыс орны құрылады. Өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Сондай-ақ қытайлық автоөнеркәсіптің көшбасшылары Chery, Haval және Changan маркаларының автокөліктерін өндіретін мультибрендті зауыт тұрғызылады. Жаңа индустриалды нысанның Қазақстан үшін түбегейлі ерекшелігін атап өтер болсақ, кәсіпорын шанақты дәнекерлеумен және бояумен бірге шағын торапты әдіспен автокөліктердің бүкіл көлемін өндіретін болады. Мультибрендті зауыттың өндірістік қуаты жылына 90 мың автокөлікке дейін, соның ішінде 60%-ын — ТМД елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Инвестициялар 100 млрд теңгеден асып жығылады.

Кәсіпорын 2200-ге тарта жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарын ашады, олардың әрқайсысы басқа салаларда онға дейін жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін болады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.