«Астана Моторс» еншілес компаниясы Haval Motor Kazakstan қытайлық Great Wall Motor автоконцернінің еуразиялық бөлімшесі топ-менеджерлерінің қазақстандық журналистермен және автоблогерлермен алғашқы медиа-конференциясын ұйымдастырды.

slider_174 slider_173 slider_172

Дистрибьютор компания ретінде Haval Motor Kazakhstan медиа-кездесуге қатысуға Great Wall Motor Eurasia президенті Джеймс Джангті және маркетинг жөніндегі директоры Кэрол Тянды шақырды.

Джеймс Джанг компанияның Қазақстан нарығындағы жоспарлары туралы айтып берді. Атап айтқанда модельдік қатар, баға саясатының факторлары, модельдерді жергілікті тұтынушының талаптары мен күтулеріне бейімдеу нұсқалары, сондай-ақ брендтің тұрғызылып жатқаны туралы"Астана Моторс" компаниясы қыркүйек айында хабарлаған мультибрендті зауытта жерсіндірілуі таныстырылды.

Дилерлік орталықтарда жаһандық нарықта да, Қазақстанға іргелес мемлекеттерде де танымал болған модельдер ұсынылып жатыр. Бұл Ресейде құрастырылған HAVAL Jolion, HAVAL Dargo, F7 және F7Х. Қытайда өндірілген POER пикапы, HAVAL Dargo және Jolion автосалондарда 2022 жылдың қараша айында қолжетімді болады. F7 және F7Х модельдері Ресейде құрастырылып жеткізіледі, себебі олар Туладағы GWM зауытында өндіріледі.

Кэрол Тян компанияның баға саясатына ерекше көңіл бөлді: Great Wall Motor жаңа әзірлемелерге тұрақты инвестициялар құйып келеді, бұл тұтынушы үшін соңғы бағаға әсер етпейді, Haval брендін «жайлылық бағасы бойынша премиум бренд» деп атауға болады. Маркаға жататын автокөліктер Қазақстан нарығында ұсынылған кроссоверлердің орташа баға сегментінен орын алады, соған қарамастан, үздік сипаттамалар мен технологиялар ұсынады. Сатылымдар мен Haval брендіне көңіл толу статистикасы бүкіл әлем бойынша өте жоғары деңгейде — 7 млн сатылған автокөлік, модельдердің тұрақты танымалдығы, мысалы, Қытайдың өзінде H6 9 жылдан бері SUV сегментінде көшбасшылық орнын сақтап келеді.

Great Wall Motor Қазақстандағы модельдік қатарды кеңейтуді ойластыруда, 3 жаңа модель қарастырылып жатыр, алайда нақты қандай модельдер екені әзірге айтылған жоқ. Тян ханымның айтуынша, жоспар мәрелік кезеңде тұр және алдағы уақытта дилерлік орталықтардағы желінің жаңартулары ғана емес, компанияның «Астана Моторс» мультибрендті зауытында өндіруге қай модельді ұсынатыны да жария етіледі. Мистер Джанг атап өткендей, Great Wall Motor концернінің бірлескен кәсіпорындар құру бойынша тарихы бай, «біз бұл үдеріспен жақсы таныспыз, оның үстіне „Астана Моторс“ компаниясының да автокөліктерді сатудан да, өндіруден де қомақты тәжірибесі бар, сондықтан біз оптимистік жоспарлар құрамыз».


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.