Қазақстанда Changan автокөліктерінің сатылуы 29 қыркүйекке жоспарланған. Өткен сәрсенбіде бюджеттік және одан қымбатырақ көлік модельдері Қазақстанның автосарапшыларына таныстырылды.

Брендтің жаңа ресми дистрибьюторы — Silkway Auto Kazakhstan болды, ол «Астана Моторс», компанияның еншілес компаниясы, бұған дейін автокөліктерді Қазақстан нарығына брендтің ресейлік өкілдері жеткізіп келген. «Тікелей» дебют үшін Changan өз модельдер қатарынан ең танымал көліктерін іріктеп алды, олар: CS35PLUS және CS75FLкроссоверлері, сондай-ақ премиалды технологиялы көшбасшы — UNI-K. Автокөліктердің барлығы Қазақстанға тікелей Қытай зауытынан жеткізілетін болады.

Changan брендінің бірінші таныстырылымында журналистер мен автоблогерлерге 2 модель ұсынылды. Бюджеттік және ықшам кроссовер CS35PLUS, оның базалық жинақтамасы үшін сатып алушы 8 990 000 теңге жұмсайтын болады, бұл басқа брендтердің осы санаттағы автокөліктерінің бағасынан әлдеқайда төмен! Модель 1,6 литрлі қозғалтқыш көлемімен және 117 а.к. қуатымен қолжетімді, ал берілістер қорабы екі нұсқада — автомат және механика.

Орташа өлшемді CS75FL кроссовері көлемі 1,8 литрлі және қуаты 150 а.к. болатын турбиналы бензиндік қозғалтқышымен жабдықталған. Беріліс қорабы автоматты, оны әйгілі жапондық AISIN компаниясы шығарады, жетегі - толық. Базалық нұсқада — алты қауіпсіздік жастығы, климат-контроль, 10,25 дюймдік экранымен жабдықталған мультимедиа жүйесі бар. CS75FL құны — 14 490 000 теңгеден басталады.

Changan көшбасшысы — толықөлшемді UNI-K кроссоверінің ресми алғашқы таныстырылымы тура сатылым басталардың алдында — 28 қыркүйекте болады. Тіпті базалық нұсқада — бұл техникалық жабдықталуы бойынша бай көлік: 2,0 турбоқозғалтқышы 226 а.к. қуатын береді, AISIN компаниясы ұсынған су жаңа 8 сатылы автоматты беріліс қорабы, ең заманауи интеллектуалды қауіпсіздік жүйелері және премиалды Sony аудиожүйесі. Бастапқы жинақтамасы тек алдыңғы жетекпен қолжетімді, қалған екі нұсқасы — толық жетекті, өндірушісі - әйгілі Borg Warner. Базалық жинақтамасы 17 490 000 теңгеден басталады.

«Астана Моторс» компаниясының еншілес компаниясы — Silkway Auto Kazakhstan Қазақстандағы Changan брендінің өкілі. Қытай тарапы ресми дистрибьюторды «Астана Моторс» компаниясының 30 жылдық тарихы мен беделін негізге ала отырып таңдаған, ал Changan концернінің тарихы 160 жылды құрайды! Changan International Corporation әлемде қытайлық автобрендтердің арасында бірінші орынды иеленіп отыр, әлемдік автоөнеркәсіптегі технологиялық көшбасшылардың алғашқы ондығына және Қытайдың автокөлік брендтерінің «үлкен төрттігіне» кіреді. Сұраныспен расталған бедел — былтырғы жылдың өзінде автоконцерн әлемдік нарықта 2,3 млн автокөлік сатқан.
Тағы бір айта кетерлігі, біздің нарыққа биыл Changan брендімен 700 автокөлік келеді. Қазақстандағы Changan ресми дистрибьюторының директоры Сергей Галкиннің сөзінше, автокөліктердің алғашқы партиясы Қазақстанға жетіп қойған және 29 қыркүйекте Алматыда және Астанада сатылымға дайындалып жатыр. «Біздің Changan брендін дамыту бойынша болжамдар өте оптимистік көзқараста, сондықтан келесі жылдың жоспары бойынша дилерлік орталықтарға 6 мың автокөлікті алып келіп, модельдер қатарын көбейтуді көздеп отырмыз. Қазақстандықтар барлық өңірде мол таңдауға әрі шоу-румдарға және дилерлік орталықтарға бару мүмкіндігіне ие болады», — деп түсіндірді дистрибуция басшысы.

Changan автокөліктеріне берілетін зауыттық кепілдік — 3 жыл немесе 100 мың километр қашықтық. Кепілді және жоспарлы ТҚК дилерлік орталықтарда жүзеге асырылады. Алғашқы Changan дилерлік орталығы Алматы қаласындағы Mycar Almaty жаңа автоорталығында ашылған, тағы біреуі - Астана қаласында. Жыл соңына дейін дистрибьютор өңірлік желіні 10 дилерлік орталыққа дейін көбейтіп, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларын қамту көзделіп отыр, ал 2023 жылдың соңына дейін олардың саны 18-ге дейін өсетін болады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.