11 қыркүйек күні Алматының орталық стадионында әсерлі футболды жақсы көретіндер, қазақстандық жұлдыздардың жанкүйерлері мен сәнді Hyundai автокөліктерін ұнататындар бас қосты!

slider_122

Әншілердің, режиссерлер мен миллиондаған оқырманы бар блогерлердің қатысуымен өткен шоу-матч жаңа Hyundai Bayon моделінің таныстырылымына арналды және 17 мыңнан астам көрермен жинады.

Таныстырылым үшін спорттық форматтың таңдалуы да бекер емес. Hyundai Motor Company ресми автокөлік серіктесі және FIFA-ның ресми демеушісі ретінде 1999 жылдан бастап FIFA-мен бірге қызмет атқарып келеді. Bayon моделі орындалған дизайн Sensuous Sportiness — «сезімтал спорттылық" деп аталады. Сонымен қатар ықтимал клиенттердің арасында қараша айында Катарда өткізілетін футболдан әлем чемпионатына жолдама ойнатылады!

slider_125 slider_126 slider_127 slider_128

Алматы Hyundai-чемпионаты өте керемет өтті! Футбол алаңына Серғазы Тоқтарбек (Сека), Бисариев Әділет, Нұрғали Сисинғалиев, Ғәділбек Жанай, Тәуекел Мүслім, Нұржан Керменбаев, Асет Қарабалин, Аян Бірбаев, Қуаныш Кемірқұлов, Әнуар Матжанов, Марғұлан Тұрсынов, Мырза Махамбет, Мұқасан Шахзадаев, Азамат Сыздықов, Әділжан Омаров, Азат Асанов, Daulet және Мақсат Сейдахмет шықты!

slider_132 slider_131 slider_133

Вувузелалар, тулар, көздің жауын алатын аквагрим — ұйымдастырушылар жанкүйерлерге арнап қолдаудың тиімді құралдарын дайындады. Әйтсе де ойыншылар да керемет көңіл күй сыйлады, футболды жақсы көретін, бірақ шоуға келгенде кәсіпқой жандар — «Алатау» мен «Картоп» командалары көрермендерді еріксіз баурады. Дәл жаңа Hyundai Bayon баурағандай!

Көлікті Hyundai Auto Kazakhstan («Астана Моторс» құрамына кіреді) директоры Денис Коломацкий таныстырды:

«Бұл Қазақстанда шығарып жатқан Hyundai желісіндегі 10-шы моделіміз. Hyundai Motor Company автокөлікті Еуропа нарығы үшін арнайы әзірлеген болатын. Біз Hyundai Bayon моделін Орталық Азия нарығында ұсыну: бейімдеу, сертификаттау, логистикасын пысықтау үшін көп жұмыс атқардық. Пилоттық партияны шығаруды біз Hyundai Motor Company делегациясының қолдауымен тамызда қолға алдық. Олар бізбен бірге процестерді жолға қойды, әр кезеңде, әр цехта процесті бақылап отырды, әр кезеңде сапасын тексерді, себебі сапа Hyundai Motor Company үшін бәрінен қымбат. Енді біз Қазақстанда бұл модельді ресми түрде жасап шығара аламыз, қазан айынан бастап жаппай өндіре бастаймыз».

slider_129 slider_130

Hyundai Bayon моделінің техникалық ерекшеліктері туралы танымал автоблогер Тимур Мустафаев айтып өтті, ол Bayon-ның жұмсақ мінезіне, талғампаз сымбатына және «қамқорлықпен» техникалық жабдықталуына тоқталып, әсіресе SmartSense ақылды көмекшілер жүйесінің сөзсіз және бірінші орында қазақстандық нәзік жандылардың жүрегін жаулайтынын айтты!

Hyundai дилер орталықтарында Bayon-мен жақын танысып, тест-драйв жасап, алдын ала тапсырыс рәсімдей аласыз!

Bayon моделінің құрметіне өткізілген футбол шоуы матчтың ең белсенді әрі көзге түскен ойыншысын марапаттаумен аяқталды. «Астана Моторс» компаниясы «Алатау» командасының қақпашысы Мақсат Сейдахметті таңдады! Ол Катарда өтетін FIFA-2022-ге екі адамға арналған билеттерге ие болады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.