Қытай автоөнеркәсібінің 2022 жылғы жаңа HAVAL Dargo көлігі автокөліктер нарығын игеріп жатыр. Стильді, қуатты, технологиялы әрі еңсергіштігі жоғары кроссовер — жайлылық пен таза ауада белсенді тынығуға әдеттенген қала тұрғындары үшін жасалған көлік. Автокөліктер Қазақстанға тікелей Қытайдан жеткізіледі және автоорталықтарда бар.

Тамыз айының басында HAVAL Dargo кроссоверлеріне алдын ала тапсырыстар қабылдана бастады. Көліктің ресми тұсаукесері 6 қыркүйекте Алматыда өтті.Қазір алғашқы клиенттер жаңа көліктерін алып жатыр. Dargo құны 14,8 миллион теңгеден басталады.

Сатып алушылар назар аударатын бірінші жайт — Фил Симмонс жасаған стильді дизайн. Бұл дизайнер өз қызметін Jaguar Land Rover-де бастап, 20 жылдан астам жол талғамайтын көліктердің сыртқы түріне жауап беріп келеді.



HAVAL Dargo өзі де «жол талғамайтын көлік дерлік». Бұл осы брендтің ¾ санатындағы алғашқы көлігі. Автокөліктерді жіктеу шкаласында ол қалалық кроссовердің функционалдығы (2x4) мен жол талғамайтын көліктің жоғары еңсергіштігі (4x4) арасында орналасқан.

Сондай-ақ Dargo ұқсас кроссоверлерге қарағанда биігірек әрі кеңірек: ұзындығы — 4620 мм, ені - 1890 мм, биіктігі - 1780 мм. Дөңгелек базасы — 2738 мм. Жол саңылауы — 200 мм.

Шанағының төрт түсі ұсынылған — қою қызғылт сары және байсалды классикалық қара, ақ және сұр. Интерьері сән-салтанатты, жайлылық пен технологиялылықты біріктірген. Жүргізушінің орындығы массаж функциясымен жабдықталған. Салонның үш түсі қолжетімді - қара, қызғылт сары екпіні бар қара және қызғылт сары екпіні бар сарғыш. Максималды жиынтықтама үшін перфорациясы мен алькантарадан (жасанды күдері) жасалған бүйірлік ендірмелері бар табиғи былғары салоны қолжетімді.



HAVAL Dargo иесі көліктің толық жетектілігі арқасында ғана емес, айнала шолу камерасының, көмекші жүйелердің арқасында кез келген жол жағдайында өзін сенімді әрі жайлы сезінеді. Автокөлік проекциялық дисплеймен және диагоналы 12.3 «түрлі түсті сенсорлық экраны бар мультимедиалық жүйемен, «мөлдір капот» функциясымен, жол белгілерін тану жүйесімен (TSR), 360° айнала шолу камерасымен, кері қозғалыс көмекшісімен жабдықталған: автокөлік маршруттың соңғы 50 метрін «есте сақтайды» және рульдің барлық қозғалысын кері тәртіппен қайталай алады, бұл функция тар тұйық көшелерде немесе тұрақтан шыққанда өте пайдалы. Эко, Комфорт, Спорт, Соқпалы жол, Құм, Қар, Батпақ, Шөп/Қиыршық тас деген басқару режимі таңдалатын рульдің электронды күшейткіші қала сыртына шыққанды ұнататын адамдардың көңілінен шығады.



Айта кетейік, HAVAL бренді Қазақстанда ресми түрде 2021 жылдың сәуірінен бастап таныстырылған. Дистрибьюторы — «Астана Моторс» құрамына кіретін Haval Motor Kazakhstan.

«Бүгінгі таңда HAVAL Қазақстандағы ең көп сатылатын 15 үздік автокөлік брендтерінің қатарына кіреді. Бұл «Астана Моторс» құрамындағы алғашқы қытайлық автокөлік бренді. Біз қалыптасып қойған ойларды жеңе отырып, сенімділігімізді дәлелдеп, сапа мен жүргізу жайлылығының жаңа деңгейін көрсете отырып, қазақстандықтардың жүрегіне жол аштық. Қазір желіде екі пикап пен бес кроссовер бар. Біз HAVAL Dargo-ның клиенттерімізге ұнап, бестселлерге айналатынына сенімдіміз. Компания модельдер желісін одан әрі кеңейтпек. Сондай-ақ Алматыдағы Mycar Kuldjinka-да жаңа ірі дилер орталығын ашады», — деді Қазақстандағы Haval директоры Ақылбек Анарбаев.

slider_98 slider_99 slider_100 slider_101 slider_102 slider_103 slider_104 slider_105 slider_106 slider_107 slider_108

Барлық қажетті ақпарат haval-motor.kz сайтында және 7007 байланыс орталығында.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.