Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan автомобиль зауыты Bayon өндірісіне кірісті. Қазақстан үшін жаңа модельді сатуды бастау 2022 жылғы қазанға белгіленіп отыр.
Қазіргі уақытта Hyundai Trans Kazakhstan жеті Hyundai моделін — Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria, i30, сондай-ақ шанақты дәнекерлеу және бояу арқылы ұсақ түйінді әдіспен Tucson моделін шығарады. Ағымдағы жылы кәсіпорын 3000 бірлік Hyundai Tucson шығаруды жоспарлап отыр.
Жақында Алматы зауыты 2021 жылғы Hyundai Bayon ықшам қалалық кроссоверінің пилоттық партиясын шығаруға кірісті. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Hyundai Motor Company инженерлері жүргізетін өндірісті сертификаттауды алғаннан кейін, автокөліктер Қазақстан бойынша Hyundai дилерлік орталықтарына тест-драйв үшін келіп түседі, ал қазан айында кәсіпорын Bayon сериялық өндірісін бастайды деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Creta танымал модельдерін өндіру бойынша жоспарларынан бас тартпайды. Hyundai Auto Kazakhstan («Астана Моторс» еншілес ұйымы) ресми дистрибуциясының директоры Денис Коломацкийдің айтуынша, компания жартылай өткізгіш және логистикалық дағдарысты ушықтырған геосаяси жағдайға байланысты жоспарларын түзеткен. Hyundai Accent (Ресейде бұл модель Hyundai Solaris деп аталады), Hyundai Creta Қазақстанда танымал түрінде, сондай-ақ осы модельдерге бірқатар жиынтықтауыштарды Санкт-Петербургтегі Hyundai зауыты шығарады. Осылайша, Алматыда барлық модельдер қатарынан екеуін өндіру үшін жиынтықтауыштар бойынша ынтымақтастық Ресей Федерациясындағы жеткізушімен жолға қойылды. Басқа модельдерді өндіруге арналған жиынтықтауыштарды Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Оңтүстік Корея, Үндістан, Қытай және басқа елдерден алады.

Hyundai Accent және Creta өндіру жоспарларын өзгертудің тағы бір себебі - рубльдің ағымдағы жоғары құны. Ресей Федерациясынан жеткізілетін жиынтықтауыштардың бағасы бәсекеге қабілетсіз болады. Егер бұрын рубльге қатысты теңге бағамы 5,3 болған кезде Active Plus жиынтықталымындағы автомат қорабы бар Hyundai Accent 7 млн 690 мың теңге болса, қазіргі бағам бойынша дәл осындай жиынтықталымдағы бұл модель шамамен 12 млн теңге тұратын болады. Бұл тұтынушыға әсер ететін автомобиль бағасының айтарлықтай өсуі.

«Бүгінде бүкіл әлем бойынша дистрибьюторлар мен өндірушілерге оңай емес. Зауыттар мен импорттаушылар жиынтықтауыштар мен автомобильдерді жеткізу маршруттарын өзгертуде, өндіріске арналған модельдерді қайта қарауда. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты логистика, жартылай өткізгіштер және валюта бағамына қатысты жағдайдың жақсаруына қарай Hyundai Ассent және Creta модельдерін өндіруді қайта жаңғыртуды сөзсіз жоспарлап отыр. Жаһандану жағдайындағы басқа өндірушілер сияқты, біз де әлемдік нарықтағы жағдайға өте тәуелдіміз және жоспарларымызды түзетіп отырамыз. Біз бірқатар модельдер үшін жиынтықтауыштарды жеткізудің жаңа бағыттары бойынша серіктестермен уағдаластыққа қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты жалғастырудамыз. Алматыдағы біздің кәсіпорын жаңа модельдерді шығару есебінен, Tucson ұсақ түйінді өндірісін ұлғайту есебінен, қалған модельдер есебінен 100% іске қосылды», — деп атап өтті Қазақстандағы Hyundai басшысы.

Денис Коломацкий сондай-ақ 2022 жылы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты мерзімінен бұрын толық өндірістік қуаттылыққа шығатынын — жылына 47 мың автомобиль шығаратынын хабарлады. Келесі жылы кәсіпорын алдында өндірістік қуаттылықты жылына 75 мың автокөлікке дейін арттыру міндеті тұр, оның ішінде зауыт 20 мың бірлікке дейін ұсақ түйінді әдіспен өндіретін болады. Оның ішінде жылына 40 мың автокөлік Қазақстан үшін өндіріс жоспары, қалғаны экспортқа шығарылмақ. 2021 жылы қазақстандық нарық үшін Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 22 мың автокөлік шығарды, ағымдағы жылы жоспар — 30 мың және 2023 жылы — 40 мың автокөлік.

Естеріңізге сала кетейік, Hyundai Trans Kazakhstan зауыты — «Астана Моторс» еншілес кәсіпорны. Қазіргі уақытта компания Hyundai Trans Kazakhstan маңындағы Алматы Индустриялық аймағында компоненттер өндіру зауытын салуды бастауға дайындықтың соңғы сатысында тұр. Жаңа кәсіпорын Hyundai автокөліктеріне арналған мультимедиялық жүйелерді, автокөлік орындықтарын, полиуретанды кілемшелерді, қанатшаларды және шашыратқыштарды шығаратын болады. Осылайша, Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктер шығаратын зауыттың айналасында өндірістік кластер қалыптасуда.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.