«Астана Моторс» құрамына кіретін Silkway Auto Kazakhstan компаниясы Changan (ҚХР) автомобиль брендін Қазақстанда ресми түрде сату құқығына ие болды. Silkway Auto Kazakhstan мен Changan International Corporation арасындағы дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.

Changan — Қытайдың автомобиль шығаратын ең ірі концерндерінің бірі. China Association of Automobile Manufacturers (CAAM) деректері бойынша Changan International Corporation компаниялар тобының сатылымдары Қытай автобрендтері арасында әлемде бірінші орын алады. Бүгінде бұл әлемдік автоөнеркәсіптің технологиялық көшбасшыларының бірі: зерттеулер мен дамуға салған компания инвестицияларының көлемі соңғы 16 жыл бойы концерннің әлемдік кірісінің 5% - дан астамын құрайды.

Әлемнің 6 еліндегі компанияның 9 бейінді ғылыми-зерттеу және дизайнерлік орталықтары бірлесіп әлемнің 70-тен астам еліндегі тұтынушылар үшін автомобильдер жасайды. Changan зауыттары өндірістің жоғары әлемдік стандарттарына сай.

Компания әлемнің жетекші жоғары технологиялық компанияларымен бірлесе бірнеше жұмыс альянстарын құрды. Changan International Corporation 2025 жылға қарай электромобильдердің үлесі 35% құрайтын, жылына 3 млн автомобиль сатуды жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай электромобильдердің 60% үлесімен жылына 4,5 млн дана көлік сатуды көздеуде.

«Біз тұтынушылардың „Астана Моторс“ портфелінде ұсынылған брендтерге деген қызығушылығының артқанын көріп отырмыз және отандық нарыққа жоғары сапалы жаңа автомобильдерді жеткізу үшін бизнес-көкжиектерді кеңейтудеміз. Changan International Corporation — ғасырлық тарихы және елеулі сату ауқымы бар автоөндіруші, бұл бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам автомобиль сатқан алғашқы қытайлық компания. Брендтің халықаралық мойындалуы Changan қазақстандық нарықта өзінің табысты тарихын жалғастыратынына сенімділік береді", — дейді „Астана Моторс“ бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

„Астана Моторс“ Қазақстанның автомобиль нарығының көшбасшысы репутациясына ие. Компанияның әлемдік автомобиль брендтерімен табысты ынтымақтастығының отыз жылдық тарихы команданың бай тәжірибесі мен жоғары кәсіпқойлығын куәландырады. Біздің бірлескен күш — жігеріміз Қазақстанның сатып алушыларына Changan автомобильдері мен сервистерінің брендтің әлемдік стандаттарға сай жоғары деңгейін толық көлемде бағалауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Changan International Corporation бас директоры Макс Сонг.

Changan дилерлік желісінде сатуға арналған автомобильдер ағымдағы жылдың қыркүйегінде, Алматыдағы Mycar Kuldzhinka жаңа автоорталығында брендтің жаңа стандарттары бойынша салынған Changan дилерлік орталығы өз есігін ашқан кезде Қытайдағы зауыттардан тікелей жеткізіле бастайды. Mycar Kuldzhinka мекен-жайы-Құлжа трактісі, 108/10.

Дистрибьютор ағымдағы жылдың соңына дейін өз желісін Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы дилерлермен кеңейтуді жоспарлап отыр. 2023 жылдың соңына қарай Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорған қалаларында тағы сегіз дилерлік орталықтар ашылады.

slider_86

slider_87

slider_88

slider_89

«Changan тарихы 160 жылға созылады және біз үшін Қытайдың ең көне және сонымен бірге ең прогрессивті автомобиль брендтерінің бірін ұсыну үлкен мәртебе. Қытай тілінде бренд атауы «ұзақ мерзімді" - Chang және «қауіпсіздік» — An дегенді білдіреді. Changan автомобильдерінің басты артықшылығы — уақытпен сыналған сапа. Брендтің жаһандық миссиясы-зияткерлік технологиялар және энергетикалық тиімділік. Біз Қазақстанда осы құндылықтарды қолдауға, дилерлік желіні кеңейтуге, қауіпсіздік деңгейі жоғары, заманауи дизайны бар жоғары технологиялық автомобильдерді, сондай-ақ тұтынушыларымыз үшін сервис сапасының жоғары деңгейін ұсынуға ниеттіміз», — деп қорытындылады Silkway Auto Kazakhstan директоры Сергей Галкин.

CHANGAN ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША
Top-4 Қытай автоөндірушілерінің «Үздік төрттігіне» кіреді
20 млн. Әлемдік нарыққа 20 млн-нан астам автокөлік шығарылды
2 млн. Өндіріс көлемі - жылына 2 млн автокөлік
90 мың Әлемнің 33 өндірістік алаңында қызмет атқаратын 90 мың қызметкер
10 мың 24 елдегі 10 мыңнан астам инженерлер мен технологтар
180 Әлемнің 6 еліндегі 180 зертхана
9 Әлемнің 6 еліндегі 9 ғылыми-зерттеу орталығы
14 366 4 701 өнертабысты қоса алғанда 14 366 патент
9 Жекеменшік тапсырыспен жасалған қозғалтқыштардың 9 «отбасы»
4 млн. Әрбір жаңа модель үшін 4 млн км жол сынақтары және 12 мың 300 тексеру тестілеулері

Қазақстандағы Changan туралы толық ақпарат 7007 телефоны бойынша беріледі, «Астана Моторс» компаниясының тәулік бойы байланыс орталығы.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.