2021 жылдың соңына дейін Hyundai Motor Company-мен (Оңтүстік Корея) жасалған келісім шеңберінде Hyundai Trans Auto зауыты жүк көтергіштігі 3,5-тен 9 тоннаға дейін болатын Hyundai Mighty ЕХ6, ЕХ8 және ЕХ9 аз тонналы жүк көліктерінің ұсақ түйінді өндірісі желісін, оның ішінде жүк тасымалдаудың барлық арнайы шарттарына жауап беретін коммуналдық техниканың, фургондар мен борттық платформалардың түрлі модификацияларын іске қосады.

Автомобильдер экологиялық стандарттарға сәйкес келеді, қауіпсіздігімен, эргономділігімен және жайлылығымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, 2021 жылы Hyundai Trans Auto Golden Dragon автобустарының өндірісін кеңейтеді. Жалпы алғанда, құрылыс және қайта құру аяқталғаннан кейін кәсіпорынның ауданы, 9,5 мың шаршы метр ауданда орналасқан жаңа цехтарды қоса алғанда, 14 мың шаршы метрді құрайды.

"Hyundai Trans Auto әр модель бойынша дәнекерлеуді, бояуды игере отырып, тәжірибе жинақтайды және дамиды. Кәсіпорынның кадрлық, экспорттық, инвестициялық әлеуеті артып келеді. «Астана Моторс» өзінің стратегиялық жоспарын ұстанады — яғни өндіріс технологиясын тереңдетіп, өткізу нарығын кеңейту. Біз үшін отандық автоөнеркәсіпті дамытуға үлесімізді қосу маңызды", — деп атап өтті «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Hyundai Trans Auto отандық кәсіпорны 2011 жылы «Астана Моторс» пен Hyundai Motor Company арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған.

Бүгінде Hyundai Trans Auto 238 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ұсақ түйінді өндірістің кеңеюімен кәсіпорында 350 адам жұмыс істейтін болады, қазақстандық қамту үлесі артады, ТМД елдеріне автомобильдер экспортының көлемі ұлғаяды.

Зауыт автокөліктердің кең желісін — коммуналдық кәсіпорындар мен жеке меншік ұйымдарға арналған мамандандырылған коммерциялық техниканы, оның ішінде борттық жүк көліктерін, изотермиялық және өнеркәсіптік тауарлық фургондарды, рефрижераторларды, өзітүсіргіштерді, қоқыс тасығыштарды, өрт сөндіру машиналарын, жолаушылар автобустарын, реанимобильдерді ұсынады.

Қазақстандағы Hyundai, МАЗ, Golden Dragon коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы — Hyundai Com Trans Kazakhstan, «Астана Моторс» еншілес компаниясы http://hyundaitrucks.kz/


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.