Мерекелік торт, жайлы орта және шампан. Өткен сенбі күні «Алматы Тойота Орталығы» өздерінің мерейтойын ауқымды түрде атап өтті. Қонақтардың арасында — тұрақты клиенттер мен жапон брендінің жанкүйерлері болды, оларды «Астана Моторс» президенті Нұрлан Смағұлов құттықтау сөзбен қарсы алды. Тура 25 жыл бұрын автоорталық ашылған сәттен бастап, Toyota брендінің Қазақстанда даму тарихы басталған еді.

1994 жылы «Алматы Тойота Орталығы» Toyota автомобильдерінің Қазақстандағы тұңғыш ресми дилеріне айналды. Дәл сол уақытта орталық жапон маркасының еліміздегі алғашқы авторизацияланған сервис станциясы дәрежесіне ие болды. Осы жылдар аралығында қазақстандықтар жапон брендінің автомобильдерін сенімділігі, сапасы мен төзімділігі үшін жақсы көріп үлгерді. Дегенмен, 1990-шы жылдары Toyota автомобильдері көпшіліктің арманы болатын, ширек ғасырдан соң, Toyota нағыз ұлттық бренд атанды.

Нұрлан Смағұлов 25 жыл бұрын Алматыда автоорталық ашқан кезде, көпшіліктің бұған күмәнмен және сенімсіздікпен қарағанын айтады. Әйтсе де, тура сол кездегі секілді, президент табысқа қол жеткізу үшін сенім білдіріп, кері шегінбей, соңына дейін бару керек деп есептейді. Дәл осының арқасында Toyota Motor Corporation-ның қатаң талаптарына сай келетін, сондай-ақ клиенттерінің барлық сұраныстарын ескеретін автоорталық ашу мүмкін болды. Орталық жоғары іскерлік беделге, сатып алушылардың сенімі мен бизнестегі серіктестері арасында құрметке қол жеткізді.

«Алматы Тойота Орталығында» алғаш рет көпшілік назарына бренд жанкүйерлерінің басын қоса отырып, ірі жапон автоөндірушісінің көптен күтілген жаңа өнімдері ұсынылды. Клиенттердің көбі 20 жыл бойы маркаға адалдықтарын сақтап келеді, ал бұл автомобильдерге деген сүйіспеншілік ұрпақтан ұпаққа берілуде. Toyota жанкүйерлеріне адалдықтары үшін құнды сыйлықтар табысталды.

Автоорлалықтың мерейтойын тойлау осы жылдың көптен күтілген премьерасы — жаңа маңғаз RAV4 кроссоверінің тұсу кесерімен сәйкес келді. 2011 жылы Toyota Motor компаниясының директоры Акио Тойода бұдан былай жалықтырғыш автомобильдерді шығармайтынын жариялаған еді. Жап-жаңа бес орындық ықшам RAV4 осыған дәлел. Өндіруші шынымен ауқымды өзгерістер енгізген: модель жаңа интерьер мен дизайнға ие болған, ал бұрыштық сызықтар оның сымбатын батыл әрі ерекше қыла түскен. Автомобиль TNGA (Toyota New Global Architecture) ғаламдық модульді архитектурасының барлық артықшылықтарын бойына сіңірген, бұл көлікті жүргізуден алатын ләззатты арттыра түседі. Тұтас отбасына жетерлік кеңістігі бар жоғарғы қатарлы интерьер қала ішінде жайлы қозғалып немесе ұзақ автосаяхатқа аттануға мүмкіндік береді. Жоғары деңгейдегі қауіпсіздігі үшін RAV4 EURONCAP тәуелсіз қауымдастығының краш-тестілерінен ең жоғарғы ұпай, 5 жұлдызды иеленді. Жаңа RAV4 өзінің сыртқы келбеті мен сипаттары арқасында әлі талай жүректерді жаулап алатын болады.

Кештің басты оқиғасы клиенттер арасында Toyota Corolla-ны ұтысқа тігу сәті болды. Бұл автомобиль әлем бойынша ең көп сатылатын модель ретінде екі рет «Гиннес рекордтар кітабына» кірді - 1966 жылдан бастап шамемен 45 миллион бірлік сатылған. Әлемде әр 15 секунд сайын жаңа Toyota Corolla сатылады. Жеңімпазды кездейсоқ таңдау барысында автомобиль осыдан бір ай бұрын Toyota Corolla сатып алған Айнагүл Манашеваға тиесілі болды. Жеңімпаз ұтып алған Toyota-ны әпкесіне сыйлайтынына уәде берді. Бұл брендтің сүйікті ғана емес, сондай-ақ отбасылық бола түскенін тағы бір мәрте дәлелдейді.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.

«АСТАНА МОТОРС» ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК LEXUS ASTANA ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫН САЛАДЫ

Жобаны Chapman Taylor британдық сәулет бюросы әзірледі

«Астана Моторс» Олимпиада жүлдегерлеріне Hyundai автокөліктерін сыйға тартты

«Астана Моторс» компаниясы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне 2024 жылғы Hyundai Santa Fe премиум-класты танымал моделін және 2024 жылғы екі Hyundai Tucson автокөлігін сыйға тартты. Айта кетейік, Hyundai Tucson - Қазақстандағы сатылым көшбасшысы. Автокөлік кілттерін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыстады.

ҮШ АЙДА 264 ПӘТЕР: НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ ОРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР