Қарағанды облысының Ағадыр кентіндегі он бір көп балалы отбасы бірден қоныс тойын тойлады. Жайлы жабдықталған, үлкен, жиһаздың керекті топтамасымен толық қамтамасыз етілген үйлерді «Астана Моторс» компанияның өз қаражатына сатып алды. Кілттерді салтанатты түрде табыстау рәсіміне «Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов пен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов келді.

— Ағадыр — менің «кішкентай Отаным». Бұл жерде менің әкем ержетіп, балалық шағын өткізген. Жетістікке қол жеткізген кез келген адам өз Отанының алдындағы парызын өтеуі тиіс. Мен бүгін өз жерлестеріме көмектесе алатыным үшін бақыттымын. Біздің компания қайырымдылықпен белсенді түрде айналысып, адамдарға көмектеседі. Бұл біздің тұжырымдамамыз, өмірлік стиліміз және пәлсапамыз, — деді Нұрлан Смағұлов.

«Астана-Моторс» компаниясы көмек көрсету үшін отбасын таңдау кезінде көп балалы, асыраушысы жоқ, бір ғана жәрдемақыға күн көретін және жұмыс істеуге қабілетсіз отбасыларға баса назар аударды. Барлық үйлерде кішігірім бақша мен қажетті қосымша құрылыстар үшін жеке меншік жер телімі қарастырылған, оның жалпы ауданы 100 шаршы метрден асады. Үйлердің әрқайсысында көп адам тұратын отбасы жайлы өмір сүруі үшін жағдайдың бәрі жасалған: бірнеше жатын бөлме, кең ас бөлмесі, плазмалық теледидарлар және тағы басқа. Барлық үйлер толықтай жиһаздандырылған, яғни бұл отбасыларға өз қаражаттарын жұмсамастан, дайын тұрған үйлерге келіп, бірден қоныстануға мүмкіндік береді.

Фарида Көмекованың балалары жазғы демалыстарын жаңа үйде бастайды. Алты баланың анасы Фарида Көмекова бұл күнді ұзақ жылдар бойы күтті. Енді олардың төрт бөлмелі үлкен үйлері бар, ал 12000 шаршы метрді құрайтын жер теліміне бақша егіп, ұй маңындағы шаруашылықпен айналысуға болады. «Біз жолдасым екеуіміз де жұмыс істейміз, алайда өз баспанамызға қол жеткізу мүмкін болмады. Бүгін біз үшін ең бақытты күн!», — деді «Күміс Алқа» иегері Фарида Көмекова.

Ләззат Ахмағанбетованың отбасы баспана алу үшін өз кезегін 13 жыл күткен. Бес баласымен бірге олар да 4 бөлмелі өз үйлеріне қоныстанады. «Мен соңына дейін бұның шындық екеніне сене алмай келдім», — деп сезімімен бөлісті көп балалы ана.

Дәл осы күні, Ағадыр кентіне келуіне орай, Нұрлан Смағұлов «Астана-Моторс» компаниясы 2011 жылы тұрғызған және әлі күнге дейін өз бақылауына алып, заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыратын Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Мектеп — жалпы ауданы 800 шаршы метрден асатын, екі қабатты ғимарат. Мұнда балалар бассейні мен күрес залы бар, дзюдо, самбо, қазақша күрес, футбол бойынша тұрақты түрде жарыстар өткізіліп тұрады. Мектепте тәрбиеленушілер үнемі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жатады. 2011 жылдан бері қарай 4 000 оқушы дәл осы мектептің түлегі атанып үлгерді. Солардың ішінде мың жарымнан астам оқушы — спорт кандидаттары мен шеберлері. Сонымен қатар, «Астана Моторс» компаниясы Ағадыр кентінің түлектері үшін білім қорын құрды — жиырма дарынды бала Қазақстанның ең үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болып, тұтас оқу жылына шәкіртақы алып отырды.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.