30 сәуір Алматыда жаңа ультразаманауи Jaguar Land Rover Astana Motors дилерлік орталығының салтанатты ашылуы болды. Ашылуға келген алғашқы қонақтардың қатарында Ұлыбританияның ҚР-дағы елшісі Майкл Джон Гиффорд және Ұлыбританияның ҚР-дағы Премьер-министрінің сауда өкілі баронесса Эмма Николсон Винтерборнская болды.

Алматының беделді ауданы, Әл-Фараби көшесінің бойында орналасқан жаңа Jaguar Land Rover дилердік орталығы ARCH озық фирмалық дизайн-концепциясы бойынша орындалған. Оның басты ерекшеліктері - ғимараттың арка түрінде жасалған кіреберісі және бірыңғай «клиенттік дәліз» ретінде бөлінген қызмет көрсету орындары.

«Қазақстан үздік автомобильдердің тұсауын кесу картасында бұлжымас нүктеге айналды —деп атап өтті „Астана Моторс“ президенті Нұрлан Смағұлов. — Jaguar Land Rover — нағыз классикалық ағылшындық орнықтылық пен ең озық автомобильдік инновациялардың үйлесімі, бұл оның жылдан-жылға беделді автомобиль марапаттарын жеңіп алып, ағылшындық патшалық сарайдың таңдаулысы атануға мүмкіндік береді. Біз аты аңызға айналған ағылшынлдық брендтің бір бөлігі атанып, оны Қазақстанда ұсына алып отырғанымызға бақыттымыз және мұнымен мақтанамыз!».

Ресми дилер «Астана Моторс» ашқан дилерлік орталықтың жалпы ауданы 2800 шаршы метрден астам көлемді құрайды. Ғимарат ішіне кіргенде клиенттердің ең бірінші көретіні - Approved бағдарламасы аясында сатылатын, сертификатталған жүрілген автомобильдердің шоу-рум аймағы. Сондай-ақ орталықтың бірінші қабатында 7 көтергішті, ауданы 1174 шаршы метрді құрайтын сервистік аймақ пен бірегей қосалқы бөлшектер қоймасы орналасқан. Көп функционалды аймақтардың әрқайсысы Jaguar және Land Rover клиенттеріне қажетті сервистік қызметтің барлық спектрін компанияның жоғары сапа стандарттарына сәйкес өндіруге мүмкіндік береді. Сервис орталығы айына 1000 адамға дейін қызмет көрсете алады. Клиенттер көрсетілген қызметтің сапасын бақылап немесе жұмыстардың атқарылуын қашықтықтан қадағалау үшін арнайы Video Capture сервисін пайдалана алады: автомобильге қызмет көрсету бойынша бейнежазба көлік иесінің электронды поштасына жолданады. Автоорталықтың Іле Алатауының ғажайып көрінісін тамашалауға болатын екінші қабатында орналасқан шоу-румда жаңа автомобильдер ұсынылған: бұл жерге онға жуық Jaguar және Land Rover сыйып кетеді. Келушілер үшін сонымен қатар модельдер конфигураторы, демалыс аймақтары, аксессуарларды және жәдігерлік бұйымдарды сату бөлімдері қолжетімді.

«Jaguar Land Rover компаниясы сондай-ақ дилерлік желінің дамуына және қолдау білдірілуіне ерекше көңіл бөледі, ал озық технологиялар, қызмет көрсетудегі үздік деңгей және қызметкерлердің жоғары біліктілігі Jaguar Land Rover дилердік кәсіпорны жетістігінің бүкіл әлем бойынша негізгі бұлжымас құраушылары болып табылады. Енді тамаша сервистің осындай деңгейі Алматыдағы жаңа Jaguar Land Rover Astana Motors дилерлік орталығының клиенттері үшін де қолжетімді болмақ», — деп мәлімдеді Jaguar Land Rover — Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан бас директоры Вячеслав Кузяков.

2019 жылдың басты екі лауазымын жеңіп алып — Еуропада және әлемде «Жыл автомобилі" атанған және қазіргі таңда Jaguar бестселлерлерінің біріне айналған Jaguar I-PACE электро-кроссоверінің тұсау кесері кештің жауһарына айналды. I-PACE атақты британдық бренд ұсынған тұңғыш электромобиль, ал енді қазақстандық нарықта кепілдікпен, техникалық қызмет көрсету және сервистік қолдау білдірумен ресми түрде ұсынылған тұңғыш электрлі кроссовер.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.