Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов журналистермен кездесу барысында өткен жылдың қорытындысын шығарып, 2018 жылдың жоспары жайында айтып берді.

2017 жылы Қазақстандағы көлік өндірісі 2016 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 19 мың данадан асып түсті. Өткен жылы сатылымның төмендеу үдерісі бәсеңдеп, нарық өзінің түбіне жеткен болатын. Жылдың ортасынан кейін көлік нарығы қалпына келтіріле бастады. Жылдың қорытындысы бойынша 49 052 автомобиль (коммерциялық техниканы есепке алмағанда) сатылған. Соның ішінде Астана Моторс ҚМК сатылымына 8 600 көлік тиесілі, ал компанияның нарықтағы үлесі 18% құрған.

Айта кетсек, 2017 жылы жақын және алыс шетелге 1500 автомобиль экспортталған. Жүк көліктерінің экспорты бойынша Hyundai Trans Auto компаниясы көшбасшы ретінде танылып, техниканың 200 астам бірлігін сыртқа шығарды. Бұл үрдіс 2018 жылы да жалғасатын болады.

Сонымен бірге Trade-in бағдарламасы бойынша жаңа көліктер сатылымының өсуі байқалды. Былтырғы жылдың өзінде «Астана Моторс» ҚМК автомобильдердің жалпы сатылым көлемінен 16% сатып, бұл көрсеткіш 1360 бірлікке жетті. 2018 жылы Trade-in бағдарламасы бойынша сатылым өсімі 20% дейін артып, 2200 бірлікке жетеді деп күтілуде.

Көліктерді несиелеу тақырыбына келер болсақ, былтыр автомобильдерді несиеге сатудағы «Астана Моторс» ҚМК үлесі 44% жетіп, болжам бойынша 2018 жылы көліктерді несиеге сату үлесі 13% артып, осылайша, 57% құрайтын болады. Биыл мемлекет тарапынан жергілікті жерде құрастырылған автомобильдерді жеңілдікпен несиелеу үшін 8 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Несиелік бағдарламаларға дилерлер де несиелік мөлшерлемені субсидиялау бойынша белсенді қатысып отыр.

«Біз ертеңгі күнге деген сенім беретін ғана брендтерді дамытумен айналысамыз. Бұл дегеніміз, болашағы зор, технологиялық әрі инновациялық брендер — Jaguar Lаnd Rover, Volvo. Volvo туралы айтар болсақ, орташа мерзімді кезеңде пайда таппайтынымыз хақ. Алайда, бұл марка тез өзгеріп отыратын әлемнің көшбасшыларының біріне айналуы мүмкін. Өйткені, 2019 жылдан бастап, Volvo жеңіл автомобильдері электр қозғалтқыштармен және гибридтік моторлармен жабдықталатын болады. Дағдарыс кезінде қолданған шараларымыз: көліктерді жөндеу мен қосалқы бөлшектерді сатудан түсетін табысты арттырып, Тrade-in (ескі көлікті айырбастап, жаңа автомобильді сатып алуды оңтайландыратын механизм) бағытын дамыта алдық. Бұрындары Тrade-in, сол секілді қаржы қызметтермен айналысып көрмедік, әрі сақтандыруды дамытпай, жөндеу жұмыстары мен қосалқы бөлшектерді ауыстыруды несие бойынша жүзеге асырмағанбыз. Бүгінде осының бәрін жасап, жаңа табыс көздерін іздестіру үстіндеміз. Біздер шығын деңгейін төмендетуге тырысамыз. Абырой болғанда, жаңадан жарақтандырып, керексіз шығыннан бас тартып, жаңа пайда көздерін таба білдік. Бұл нарықтағы сұраныстың төмендігіне қарамастан, 2017 жылдың табысты болуына әкелді. „Бірге бір“ формуламызға сай, егер автоорталық ешбір көлікті сата алмаған болса, ол қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсету арқасында шығынды өтеуге тиіс. Мәселен, „Лексуста“ орын алған жағдайды айтайын, бір айда бізде ешбір автомобиль сатылмай қалған, себебі, олар жалпы қоймада болмады. Автоорталық үш ай бойы бірде бір көлікті сатпай-ақ, кіріс әкеліп отырды. Бұл таза бағалау жүйесі. Осы жүйенің аясында әр дилерлік орталықтың бағасын қойып отырамыз. Мысалы, „Тойота“ орталықтарымыздың коэффициенті 1,2, бұл шығыннан 20% артық. Демек, біздер жаңа көліктердің сатылымына тәуелді емеспіз. Америка, Еуропа елдері бұрыннан қаржы өнімдері, лизинг, Тrade-in, қызмет көрсету арқасында пайда тауып отыр. Өйткені, жаңа машиналарды сатудан түсім жоқ. Біздер де осыған дайындалып отырмыз», ¬- деді Нұрлан Смағұлов.

2018 жылға деген «Астана Моторс» ҚМК-ның сарапшылық болжамы бойынша, көлік нарығындағы сатылым 54 000 автомобиль көлемінде болмақ. «Астана Моторс» ҚМК сату жоспарына сай, 2018 жылы — 11 783 көлік сатылып, бұл нарықтағы үлестің 21% құрамақ.

Сонымен қатар, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, «Астана Моторс» компаниясы ҚР көлік саласындағы ірі салық төлеушілерінің бірі атанды. Аудит нәтижесі бойынша, мемлекет бюджетіне салық және кедендік аударымдар көлемі 11,8 млрд. теңге немесе 36,2 млн. USD құрған болатын. 2017 жылы компанияның жалпы айналымы 111, 5 млрд. теңге немесе 340,6 млн. USD жетті.

MEGA COO

Жылына MEGA СОО желісіне 36 млн. адам (Mega Alma-Ata СОО-на айына: 1,3 млн. адам, Mega Park — 750 мың адам, Mega Silk Way — 1 млн. адам) келеді. 2016 жылмен салыстырғанда СОО келушілер саны 5% артты.

2017 жылда СОО желісіндегі сауда айналымы 8% ұлғайып, 16,7 млрд. теңге сомасын құрған. Былтырғы салық аударымдары 3,3 млрд теңгеге жетті.

2017 жылы жалға алушылардың 50% астамы айналымнан түскен пайызға өту туралы келісімге қол қойды (СОО желісінің сауда аудандары бойынша 83%). 2017 жылы MEGA СОО жалға алушыларының тауар айналымы орта есеппен алғанда 20% өсті (Mega Alma-Ata — 16%, Mega Park — 26%).

2017 жылы ашылған жаңа дүкендерінің саны — 226 (Mega Alma-Ata — 21, Mega Park — 14, Mega Silk Way — 191).

Ойын-сауық пен сатып алу арақатынасы орташа есептегенде, СОО желісі бойынша аудандардың 41% мейрамханалар, фастфуд, кафе, ойын-сауық және білім беру жобаларына арналған (Mega Alma-Ata — 43%, Mega Park — 46%, Mega Silk Way — 35%). 2017 жылы MEGA СОО желісі бойынша 500 астам әлеуметтік, ойын-сауық және білім беру шаралары өткізілген.

MEGA Alma-Ata СОО — аудандардың 100% тапсырылды:

2018 жылдың наурызынан MEGA Alma-Ata аумағы тағы 10 790 м² ұлғаяды деп жоспарланған. Құрылыс аяқталған соң:

Mega Alma-Ata СОО ауданы 175 000 м² дейін (қазір 164 500 м²) артады;

Mega Alma-Ata СОО кинотеатры Қазақстанның ең үлкен кинотеатрына айналып, оның ауданы 2,5 есеге ұлғаймақ (қазір: 3 475 м², зал саны — 8, отыратын орын саны — 1 500, кеңейту жұмыстарынан кейін: 8 570 м², зал саны — 15, отыратын орын саны — 2136). Ең үлкен кино-концерт залы ашылмақшы. Оның ауданы 700 м² болса, экраны — 26 X 20,55 м, отыратын орын саны — 380.

Фудкорт ауданы 2 есеге артпақ (қазір: 1 800 м², отыратын орын саны — 470; кеңейту жұмыстарынан кейін: 3 660 м², отыратын орын саны- 1010).

MEGA Park СОО — аудандардың 98% тапсырылды:

Мұнда айына 750 мың адам келеді. 2018 жылы ауданы 3000 м² құрайтын ZARA дүкені ашылады. Ашылу күні: 2018 жылдың 1 наурызы.

ТРЦ MEGA Silk Way — аудандардың 97% тапсырылды:

2017 жылы осында айына 1 млн. астам адам келген. Қаңтардың соңында СОО 10 миллионыншы келуші келген. 2018 жылдың мамырында MEGA Silk Way СОО негізінде бейілділік бағдарламасы іске қосылады. 2018 жылдың қыркүйегінде жоба бүкіл MEGA СОО бойынша жүзеге асырылады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.

«АСТАНА МОТОРС» ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК LEXUS ASTANA ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫН САЛАДЫ

Жобаны Chapman Taylor британдық сәулет бюросы әзірледі

«Астана Моторс» Олимпиада жүлдегерлеріне Hyundai автокөліктерін сыйға тартты

«Астана Моторс» компаниясы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне 2024 жылғы Hyundai Santa Fe премиум-класты танымал моделін және 2024 жылғы екі Hyundai Tucson автокөлігін сыйға тартты. Айта кетейік, Hyundai Tucson - Қазақстандағы сатылым көшбасшысы. Автокөлік кілттерін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыстады.

ҮШ АЙДА 264 ПӘТЕР: НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ ОРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР