«Астана Моторс» компаниясы жабық тұсаукесер барысында «Уақыт пен қашықтыққа қарамастан біргеміз!» байқауы аясында түсірілген фильмдерді көрсетті. Қысқаметражды фильмдердің негізінде қарапайым қазақстандықтардың өмірінен алынған үздік оқиғалар жатыр.

Картиналардың көрсетілімі http://films.astana-motors.kz сайтындағы ғаламтор арқылы дауыс берудің басталуын белгілеп, кез келген адам ұнаған фильміне өз даусын беріп, «Астана Моторс» компаниясының апта сайынғы жүлделер ұтысының қатысушысы бола алады.

«Бұл осыдан 25 жыл бұрын басталған. Біз жас едік, тұңғыш жол салушылар қатарында болып, «Астана Моторс» компаниясының негізін салдық. Ізашар болу — үлкен міндет. Біз алғашқы көлік орталықтарын ашып, жапондық қызмет көрсету мәдениетінің негізін қалауды қолға алдық. Содан бері 25 жыл өтті… Көптеген адамдарды «Астана Моторс» компаниясымен жеке және қызықты оқиғалар байланыстырып отыр. Көбісі «Махаббатың шегі жоқ" атты алғашқы жарнамалық ролигін ерекше еске алуда. Осылайша, байқау жариялап, ал үздік оқиғаларды экранға түсіру туралы идеясы туындады», — деді «Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов.

Байқау ережелері бойынша кәсіби қазылар алқасы 10 үздік оқиғаны таңдап, олардың негізінде сценарийлер жазылып, содан соң бір ай ішінде продакшн-студиялар актерлерді іріктеп, кішігірім фильмдерді түсірсе, алты қазақстандық композитор музыканы жазған болатын. Айта кетсек, байқауға барлығы 80 астам өтінім түскен. Барлық түсірілім топтары бірдей шарт бойынша әрі көлемі 1 миллион теңге көлеміндегі теңдей бюджетпен жұмыс істеген. Нәтижесінде 10 оқиға, 10 сценарий, 10 студия, 10 әуен және 10 фильм пайда болды. Бұл жұмысты танымал режиссер Бақыт Кілібаев басқарды. Бұл қазақстандықтардың махаббаты, достығы, өзара түсіністік, тілектестік пен мейірімділік туралы фильмдер. Осының барлығы әр адамға жақын тақырып.

«Бұл фильмдер — он түрлі әлем. Әрқайсысы түрлі жанрға жатады. Мұңды да, трагедиялық та, кейіпкерлердің ауыр жағдайларды еңсеру туралы оқиғалар да бар. Адамның энергиясына толы, дарынды, әркелкі фильмдер. Сондай-ақ олардың бір ай ішінде ғана түсірілгені қуантады», — деді режиссер, жоба жетекшісі Бақыт Кілібаев.

Альманахты жасап шығаруға Санжар Мәдиев, Ғазиза Тілеубай, Дина Тасболатова, Динара Бақтыбаева, Ақан Сатаев, Төлепберген Байсақалов және т.б. қатысқан. Финалға қатысушылардың он жұмысын екі кезең бойынша бағаланады: режиссерлердің бағасын кәсіби қазыдар алқасының мүшелері мен қарапайым қазақстандықтар береді. Көрермендер «Астана Моторс» компаниясының сайтында дауыс бере алады. Жеңімпаз атанатындардан бөлек, ғаламтор арқылы дауыс беретін белсенді қатысушылар да жүлделерге ие болады.

Еске салсақ, 2017 жылы «Астана Моторс» 25 жылдығын атауда. Мерейтойға орай, компания жыл бойына бірқатар әлеуметтік және қайырымдылық шараларды өткізіп келеді. Көп жылдан бері компания мәдениет, өнер, білім беру мен спорт салаларын дамыту ісіне үлес қосып, бірнеше әлеуметтік инвестициялау бағдарламасын жүзеге асырып отыр. Осылайша, қазан айының басында компания президенті Нұрлан Смағұлов Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына Энди Уорхолдың «Джеки Кеннеди» суретін сыйласа, алып шаһар тұрғындарына музейге бір ай бойы тегін бару мүмкіндігін ұсынды. Қазан бойы алматылықтар мен қала қонақтары, компанияның мерейтойына орай, музей экспозициясымен тегін таныса алады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.