Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев ерекше тұжырымдамалық атмосфераға ие және уақытты мәдени тұрғыда өткізуді ұсынатын MEGA Silk Way СОО аралап шықты.

Сауда, ойын-сауық орталығының ресми ашылуына орай және Наурыз мерекесін атау аясында MEGA Silk Way аумағында HASSAK этно-фольклорлық ансамблі, акробаттар, әуе гимнасттары, эквилибристер, сондай-ақ театрландырылған шеру, қолөнершілер мен суретшілердің жәрмеңкесі өтті.

2017 жылдың 6 наурызында MEGA Silk Way техникалық ашылуы өткізілді. Халықаралық тәжірибеге сай, СОО техникалық ашылуы ғимаратқа кіруге болатынын, яғни кейбір жалға алушылар жұмысын бастап кетіп, сауда ойын-сауық орталығы қонақтарын қарсы алуға дайын екендігін білдіреді. СОО ашылу күніне орай сауда орындарының 93% жалға беріліп үлгерсе, 7% бойынша келісімдер қол қою кезеңінен өтіп жатыр. Бұл MEGA желісінің сауда ойын-сауық орталығын пайдалануға беру тұсының ең жоғары көрсеткіші.

Жұмысының алғашқы күндерінде-ақ MEGA Silk Way астана тұрғындары мен қонақтарының шоғырлану орталығына айналды. Сауда ойын-сауық орталығы EXPO-2017 халықаралық көрмесінің архитектуралық ансамблінің бір бөлігі. Ол қарқынды дамып жатқан ауданда, тұрғын үйлер кварталы, Назарбаев Университеті, Ұлттық хореография академиясы және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандардың жанында орналасқан. MEGA Silk Way ғимаратының ішкі кеңістігі — 1,5 миллион текше метрге жуық аудан — жарық әрі жайлы. Жалпы ауданның коммерциялық бөлігі — 62%. Коммерциялық ауданның үштен бір бөлігін (32%) білім беру, спорт, ойын-сауық әлеуметтік жобалар алып жатыр. MEGA Silk Way ішінде EVRIKUM ғылыми-ойын-сауық паркі, MARWIN шығармашылық кеңістігі, KANGO батут паркі, он бір залды Chaplin кинотеатры, Happylon отбасылық ойын-сауық паркі, сонымен қатар жәрмеңке, көрме, концерттерді өткізуге, ал қысқы маусымда MegaIce мобильді мұз айдынына арналған «қалалық алаң" бар.

MEGA Silk Way сауда орталығында «Технодом», Mimioriki, QLP, Calvin Klein, Tommy Hilfiger, Zara, Bershka, Massimo Dutti, Armani Exchange, т.б. отандық және шетелдік брендтер ұсынылған. Кейінірек астаналық MEGA Silk Way орталығында әйгілі H&M бренді ашылмақшы. MEGA Silk Way арт-нысандары сауда ойынсауық орталығында ерекше тұжырымдамалық атмосфераны сыйлап отыр. Жобаның Ұлы Жібек жолын қайта құру идеясынан шабыт алған Нұрлан Далбайдың жетекшілігіндегі қазақстандық мүсіншілер тобы қозғалысты суреттейтін мүсіндер сериясын жасап шығарды.

MEGA Silk Way болашақтың СОО үлгісі іспетті. Жобаның сәтті шығуы MEGA әріптестері — Chapman Taylor (Ұлыбритания) архитектуралық бюросы және бас мердігер— Renaissance Сonstruction АҚ (Ресей, Астанадағы филиалы) арқасында мүмкін болды.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ASTANA MOTORS CHERY-ДІҢ ЧЕХИЯДАҒЫ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ БОЛДЫ

Сатылым күзде бензин және гибридті (PHEV) қозғалтқыштары бар Chery Tiggo 7 және Chery Tiggo 8 кроссоверлерінен басталады.

Тарихи максимум: Changan CS55 Plus - Қазақстандағы қытай автобрендтері арасында сатылым көшбасшысы.

2025 жылғы мамыр айының сатылым қорытындысы бойынша қытайлық жеңіл автокөлік сегментіндегі 18% нарық үлесі Changan брендіне тиесілі болды.

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.