1 тамызда Қостанайда Hyundai Auto Kostanai автоорталығының мерекелік ашылуы өтті.

Hyundai Auto Kostanai дилерлік орталық Hyundai брендінің - GDSI (Global Dealership Space Identity) ең жаңа стандарттары бойынша құрылған. Барлық «Астана Моторс» ҚМК автоорталықтары сияқты Hyundai Auto Kostanai «3 S» ұстанымы: Sales (автокөліктерді сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату) бойынша жұмыс істейді.

Жаңа автоорталық қаланың орталығында, әкімшілік пен орталық алаңның қасында орналасқан. Онда ыңғайлы жерасты жолдар мен сыйымды паркинг бар.

Ғимараттың хай-тек стиліндегі ультразаманауи экстерьері келушілер үшін қонақжайлылық атмосфераны жасай отырып, ішкі көрініске керемет үйлеседі. Қазіргі күні авторы Hyundai Motor Company болып табылатын GDSI стандартының осындай жобалары төрт елде орындалған: Қытай, Бразилия, Түркия және Кореяда. Қазақстан үшін осы тізімде бесінші болу үлкен мәртебе.

Автокөлікті рәсімдеудегі жаңа тәсіл тұтынушылардың жоғары класты қызмет көрсетуін де білдіреді. 420 шаршы метрлік алаңы бар кең және таңдаулы шоурумда Қазақстанға жеткізілетін Hyundai автокөліктерінің барлық бірқатар үлгілері, сонымен қатар түпнұсқалық қосалқы бөлшектердің, керек-жарақтардың және қаржылық өнімдердің кең таңдауы ұсынылады. Бұл жерде кеңес үшін кабинеті бар жеке премиум — аумақ, бірнеше күту аумақтары және балалардың ойнау алаңдары қарастырылған. Тест — драйв мүмкіндігі ұсынылады.

Hyundai Auto Kostanai автоорталығының жалпы алаңы 2017 шаршы метрді құрайды. Шоурумнан басқа онда сервистік орталық, қосалқы бөлшектердің қоймасы, көлік жуу және кеңсе ғимараттары бар. «Сбербанк» АҚ ЕБ банк-серіктестіктің қатысуы барысында құрылысқа жұмылдырылған салымдардың көлемі - шамамен 520 млн. тг.

Алаңы 577 шаршы метрлік сервистік аумақ заманауи құралдармен жабдықталған. Бекет автокөлікке техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу бойынша қызметтің толық кешенін ұсынады. Сервис толығымен автоматтандырылған, сондай-ақ GDS2 жаңа ұрпағының Hyundai үлгілері үшін диагностикалық құралмен жабдықталады. Ал, сервис орталықтың басты құндылығы — HSTEP & HTRP бағдарламасы бойынша дайындықтан және сертификациядан өткен біліктілігі жоғары мамандар.

«Астана Моторс» ҚМК Сбербанк" АҚ ЕБ жобаны қаржыландырғаны, Қостанай қ. Әкімшілігіне дилерлік орталықтың құрылысы барысында көмек үшін және құрылыстың мердігері «СК Блиц» ЖШС компаниясына алғыс білдіреді.

Жаңа авто орталықта Қазақстанда құрастырылған Hyundai автокөліктері ұсынылған. Мәлім болғандай, осы жылдың шілдесінде «СарыарқаАвтоПром» зауытының базасында Қостанайда корей маркасының үш үлгісінің шығарылуы басталған: Elantra седаны, i30 хэтчбек және Tucson кроссовері. Жылдың соңына дейін осында 2700 автокөлікті құрастыру жоспарлануда. Тамыздан бастап отандық жиынтықтағы үлгілер ҚР бойынша Hyundai барлық автосалондарында қазақстандық тұтынушыға ұсынылатын болады.

Hyundai Auto Kostanai мекен-жайы: Қостанай қ., Нариманов к-сі, 136/1.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.