Ол Hyundai брендінің - GDSI (Global Dealership Space Identity) ең жаңа стандарттары бойынша құрылған. Барлық «Астана Моторс» ҚМК авто орталықтары сияқты Hyundai Premium Astana «үш S» ұстанымы: Sales, Service, Spare parts бойынша жұмыс істейтін болады.

Жаңа автоорталық астананың заманауи бөлігінде орналасқан және ыңғайлы көлік инфрақұрылымына ие. Есіл өзенінің сол жағалауында, Қабанбай батыр даңғылының бойында орналасуы қала атмосферасы мен табиғи ортаның байланысын сезінуге мүмкіндік береді. Қасында басқа сәулет қазыналары, мысалы «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Астана-Арена» спорт кешені, «Алау» мұз сарайы және ең әдемі Нұржол бульвары орналасқан. Жаңа автоорталық Астананың сол жағалауының заманауи түрінің бөлінбес бөлігі болды.

Hyundai Premium Astana дилерлік орталықтың ашылуы — бұл Hyundai автокөлік иелерінің ниетін арттыру үшін жаңа уақыт пен инновациялық стандарттардың бейнесі. Авто орталықтың сәулетінде технологиялар мен экология арасындағы баланс байқалады. Ғимараттың хай-тек стиліндегі ультразаманауи экстерьері келушілер үшін қонақжайлылық атмосферасын жасай отырып, ішкі көрініске керемет үйлеседі.

Автокөлікті рәсімдеудегі жаңа тәсіл тұтынушылардың жоғары класты қызмет көрсетуін де білдіреді. 1000 шаршы метрлік алаңы бар кең және таңдаулы шоурумда Қазақстанға жеткізілетін Hyundai автокөліктерінің барлық бірқатар үлгілері, сонымен қатар түпнұсқалық қосалқы бөлшектердің, керек — жарақтардың және қаржылық өнімдердің кең таңдауы ұсынылады. Бұл жерде кеңес үшін кабинеті бар жеке премиум — аумақ, бірнеше күту аумақтары және балалардың ойнау алаңдары қарастырылған.

Hyundai Premium Astana авто орталығының жалпы алаңы 4 510 шаршы метрді құрайды. Шоурумнан басқа онда сервистік орталық, қосалқы бөлшектердің қоймасы және көлік жуу бар. «Сбербанк» АҚ ЕБ банк-серіктестіктің қатысуы барысында құрылысқа жұмылдырылған салымдардың көлемі 1,65 млрд. тг. тең. Автоорталықтың пайда болуы Астананың инфрақұрылымының дамуын ынталандырады және 100 астам жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алаңы 2 500 шаршы метрлік сервистік бекет заманауи құралмен жабдықталған және айына 1000−1500 көлікке қызмет көрсетуге есептелген. Бекет автокөлікке техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу бойынша қызметтің толық кешенін ұсынады. Сервис толығымен автоматтандырылып, сондай-ақ GDS2 жаңа ұрпағының Hyundai үлгілері үшін диагностикалық құралдарымен жабдықталады. Ал, сервистік орталықтың басты құндылығы — HSTEP & HTRP бағдарламасы бойынша дайындықтан және сертификациядан өткен біліктілігі жоғары мамандар.

«Астана Моторс» ҚМК Сбербанк" АҚ ЕБ жобаны қаржыландырғаны, Астана қ. Әкімшілігіне дилерлік орталықтың құрылысы барысында көмек көрсеткені үшін және құрылыстың мердігері BI Group компаниясына алғыс білдіреді.

Hyundai Premium Astana автоорталығының ашылуы — «Астана Моторс» ҚМК дилерлік желісінің дамуындағы ілеспе қадамы. 1 тамызда осындай орталық Қостанай қаласында да ашылады.

Hyundai Premium Astana мекен-жайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 39.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.