2014 ж. 20 маусымда Алматыда Hyundai Premium Almatу премиум-класс автоорталығының салтанатты ашылуы болып өтті.

Hyundai Premium Almaty -Hyundai — GDSI (Global Dealership Space Identity) брендінің ең жаңа стандарты бойынша құрылған ТМД бірінші дилерлік орталығы. «Астана Моторс» ҚМК барлық автоорталықтары сияқты, Hyundai Premium Almaty да «үш S» принципі бойынша жұмыс атқарады: Sales (автокөліктерді сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық бөлшектерді сату).

Жаңа автоорталық қаланың беделді бөлігінде орналасқан және ыңғайлы транспорттық инфрақұрылымға ие. Әл-Фараби даңғылы бойында, Іле Алатауының етегінде орналаса отырып, қала және табиғи ортаның атмосферасының мықты байланысын сезінуге мүмкіндік береді.

Hyundai бренді адам, қоршаған орта және технологиялармен үндестікке жетуге әрекет етуде. Жаңа дәстүрлер және әдеттерді дамыту дәуірі келуде. Экологиялық және технологиялық - біздің өмірімізге қажырлылықпен енуші өзекті тенденциялар. Hyundai Premium Almaty премиалдық дилерлік орталығының ашылуы — Hyundai автокөліктері иегерлерінің ниеттестігін көтеру үшін жаңа заман және инновациялық стандарттарының бейнесі.

Міне, осы маңызды аспектілер Hyundai Modern Premium бағдарламасының мәні болып табылады, технологиялық және экологиялықтың арасындағы балансты білдіре отырып, автоорталық архитектурасында көрініс тапқан концепция. Хай-тек стиліндегі ғимараттың ультра жаңа экстерьері келушілерге қонақжайлылық атмосферасын қамтамасыз ете отырып, үйлесімділікпен интерьерге ауысады. Қазіргі таңда Hyundai Motor Company авторы болып табылатын, GDSI стандартының ұқсас жобалары, төрт мемлекетте жүзеге асырылған: Қытай, Бразилия, Турік және Корей мемлекеттері. Қазақстан үшін бұл тізімде бесінші болып тұру үлкен абырой. Hyundai Premium Almaty бірегейлігі авто орталық территориясында орналасқан Scott Lighting британдық компаниясынан «Алма» мүсіні және субұрқақ сияқты тартымды ерекшеліктер арқылы көзге түседі.

Автоорталықты рәсімдеудегі жаңа ыңғай клиенттерге жоғары класты қызмет көрсетуді білдіреді. Шамамен 1000 кв.м. аумақтағы кең және таңдаулы шаурумда Қазақстанға жеткізілетін Hyundai автокөліктерінің барлық модельдерінің тізімі ұсынылады, сонымен қатар түпнұсқалық қосалқы бөлшектердің, аксессуарлардың және қаржылық өнімдердің кең ассортименті ұсынылады. Мұнда кеңес үшін бөлме, бірнеше күту аймақтары және балалар бөлмесімен бөлек премиум-аймақ қарастырылған. Тест-драйв мүмкіндіктері ұсынылады.

Hyundai Premium Almaty автоорталығының жалпы аумағы 3 250 кв.м. құрайды. Шоурумдан бөлек, ол жер сервис аймағы, қосалқы бөлшектер қоймасы және кеңселік жайларды өз ішіне алады. «Сбербанк» ДБ АҚ банк-серіктес қатысуымен құрылысқа жұмсалған инвестиция көлемі 1,5 млрд. тг. тең. Автоорталықтың пайда болуы Алматы қаласының инфрақұрылымын дамытуға ынталандырады және 100 жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

740 кв.м. көп аумақты сервис станциясы жаңа жабдықтармен қамсыздандырылған және айына 1000−1500 автоға қызмет көрсетуге есептелген. Станция техқызмет, диагностика және автокөліктерді жөндеу жұмысы бойынша толық кешенді қызметті ұсынады.

Сервис толығымен автоматталған (өтінімді қабылдаудан бастап дайын автокөлікті клиентке бергенге дейін) және, одан бөлек, GDS2 жаңа буынының Hyundai модельдері үшін диагностикалық жабдықпен қамсыздандырылған. Сервис орталықтың негізгі байлығы -HSTEP & HTRP (Hyundai Service Technician Education Program & Hyundai Technician Recognition Program) бағдарламалары бойынша сертификация және дайындықтан өткен білікті мамандары.

«Астана Моторс» ҚМК жобаны қаржыландырғаны үшін «Сбербанк» АҚ ДБ және Алматы қаласының Әкімшілігіне дилерлік орталықтың құрылысында қолдауы үшін өз алғысын білдіреді.

Hyundai Premium Almaty автоорталығының ашылуы — «Астана Моторс» ҚМК дилерлік желісін дамытудағы кезекті қадамы. Hyundai премиум-класстың автоорталықтары осы шілдеде Астана және Қостанайда ашылады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.