Күні: 21 қаңтар 2013 ж.
Уақыты: 15:00
Орны: Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 151, Toyota Center Almaty шоу-рум
Қатысушылар:

  • Смағұлов Нұрлан Эркебұланұлы — Astana Group президенті
  • Ауезов Камиль Жанысұлы — «Астана Моторс» ҚМК бас директоры
  • Афонин Антон Валерьевич — «Астана Моторс» ҚМК бас директордың орынбасары
  • Макашева Анар Жанарқызы — «Астана Моторс» ҚМК маркетинг жөніндегі директор


Қазақстандық «Астана Моторс» Мотор Компаниясы ағымдағы жылдың 21 қаңтарында 2012 жылдың жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясын өткізеді.

Компания жұмысының 2012 жылдағы негізгі қорытындылары

«Астана Моторс» компаниясы 2012 жылы 2011 жылдағыдан 104%-ға артық (6 069 бірл.) 12 406 бірлік жеңіл автомобиль сатты. ҚР нарығында 2011 жылы 38 274 бірлік автомобиль сатылса, 2012 жылы 86 966 бірлік автокөлік сатылды. Сонымен, «Астана Моторс» ҚМК компаниясының үлесі ҚР нарығындағы автокөлік сатуда 14%-ды құрады. Соның ішінде компания жеңіл автокөлік сату жөніндегі жеке тарихи рекордын орнатты.
Өткен жылда «Астана Моторс» компаниясы, 2011 жылдағы 226 бірлікке қарсы (230%), 747 бірлік коммерциялық техника (оның 260 бірлігі - экспорт) сатты. 2012 жылы Қазақстанда барлығы 8483 бірлік коммерциялық техникалар мен автобустар сатылды, ол көрсеткіш 2011 жылы 5 454 бірлік болған.
2012 жылы Hyundai Auto Trans көлік құрастыру кәсіпорнында 759 бірлік коммерциялық техника жасалды.


2012 жылдағы ҚР автомобиль нарығындағы негізгі беталыстар


Жеңіл автокөліктер нарығы

2012 жылы Қазақстанның жеңіл автокөліктер нарығында төмендегідей беталыстар байқалады:

  • Қазақстандықтар көбіне жаңа жеңіл автокөліктер сатып алуды қалайды. Сонымен, Кедендік Одақ реалияларында жеке қолдануға арналған бұрын пайдаланылған автокөліктер импорты, 2011 жылмен салыстарғанда (119 809 бірл-тен 1 599 бірл-ке дейін), 75 есеге қысқарды. Экология мен қауіпсіздікке оң әсер тигізетін еліміздің автопарктік жасару тенденциясы байқалады.
  • Мемлекеттік қамқорлық пен Кедендік Одақтың арқасында Қазақстанда құрастырылған аутокөліктерді сатудың өсімі бағасы жағынан қолжетімді болды. 2012 жылы Қазақстанды шығарылған автокөліктер үлесі, 2011 жылға қарағанда, 12,6%-ды (10 942 бірл.) құрады.
  • Ресей Федерациясында құрастырылған импорттық брендтердің жеңіл автомобильдерін сатудың өсімі. 2012 жылы ҚР нарығындағыРесей Федерациясында құрастырылған импорттық брендтердің жеңіл автомобильдерін сату үлесі, 2011 жылғы (2 302 бірл.) 6%-бен салыстырғанда, 7%-ды (6 244 бірл.) құрады. «Астана Моторс» компаниясында Ресейде шығарылған Hyundai мен Toyota маркалы жеңіл автокөліктерді сату үлесі компанияның жеңіл автокөліктердің барлық сатылымының (12 406 бірл.) 35%-ын (4 390 бірл.) құрады.
  • ҚР нарығында несиеге жеңіл автокөліктерді сатудыңөсуі. 2012 жылдың қорытындысы бойынша, енсиеге сату үлесі, ҚР нарығында несиеге жеңіл автокөліктердің барлық сатылымының ішінде, 2011 жылмен салыстырғанда (4 243 бірл.), 21%-ды құрады.

    Автокөліктерді несиеге сату өсуінің негізгі себебі қаржылық институттарының бәсекелестік жағдайындағы автонесиелеу бағдарламасын жандандыруы салдарынан Қазақстандағы микроэкономикалық жағдайлардың жақсаруы болуы болып табылады.

  • Делдалдық (диллерлік) желілердің (Hyundai, Toyota, Nissan, Subaru, BMW, Lexus) белсенді дамуы. 2012 жыл бойында нарықтағы негізгі ойыншылармен өңірлік экспанция өткізілді және жаңа автоорталықтар ашылды. 2012 жыл қорытындысы бойынша 16 делделдық орталық ұсынылды. 2013 жылы тағы 2 диллерлік орталық ашу жоспарлануда.


Коммерциялық техникалар нарығы

2012 жылы коммерциялық техникалар нарығында, Кедендік Одақ заңнамалары мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың өзгерістер енгізуі арқасында, жеңіл автокөліктер нарығындағы сияқты, ҚР шығарылған автомобильдерді сатудың өскендігі (2011 жылғы 863 бірлікпен салыстырғанда, 2012 жылғы өсім 220%-ды құрады) байқалады.
Экспортқа бағытталған кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетудің арқасында коммерциялық техникалардың дамуы. Сонымен, «Астана Моторс» компаниясы Hyundai Auto Trans автокөлік құрастыру кәсіпорнында жасалған Hyundai жүк автокөліктерін экспорттауды бастады, 2012 жылы Белорусь Республикасында Ресей Федерациясының шығыс бөлігіне жүк автокөліктерін жеткізу жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

2012 жылдағы «Астана Моторс» компаниясы жұмысының негізгі бағыттары

«Астана Моторс» ҚМК құрамындағы Hyundai AutoTrans автокөлік құрастыру кәсіпорнының дамуы

Hyundai Auto Trans кәсіпорнындағы Hyundai жүк автокөліктері мен автобустарын құрастырудағы қазақстандық өндіріс үлесін көтеру жөнінде жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Hyundai жүк автокөліктері мен автобустарын ауыздықтау үлесі 30%-ды құрады.

2012 жылы қаңтарда компания жүк көтерушілігі 1 тонна болатын жаңа Hyundai Porter үлгісін шығарып, коммерциялық техниканың сәндік түрлерін кеңейтті. 2012 жылдың сәуір айынан бастап компания кузов бояуын қосатын ұсақ негіздік құрастырудың жаңа технологиясы бойынша сыйымдылығы 19-дан 28 орынға дейінгі қалалық Hyundai County автобусын шығарып келеді. Шассидегі (рефрижераторлар, өндірістік тауарларға арналған фургондар және т.б.) жеке қондырмалардың өндірісін ретке келтірді.

2012 жылы Hyundai Auto Trans компаниясы өндірістік құрастыру мен автокөліктерді, автобустарды, жүк тасымалдайтын және арнайы техникаларды сату саласындағы ИСО 9001−2009 «Сапа Менеджменті Жүйесі" ҚР СТ сертификатын алды.


Инвестициялық жобалар

2012 жылы «Астана Моторс» компаниясы Астана қ. BMW/MINI және Lexus премиум-тобындағы екі жаңа автоорталық ашты. Екі автоорталық та өндірушілердің соңғы стандарттарына қатаң сәйкестендіріліп салынған. Құрылыстағы инвестициялар көлемі 1,3 млрд теңгеден астамды құрады. Автоорталықты ашу 100-ден астам жұмыс орнын қалыптастырды.

2013 жылы компания 3S үлгісіндегі төрт автоорталық салмақ: Hyundai Алматы қ., Hyundai Астана қ., Hyundai Қостанай қ. және BMW Алматы қ., инвестициялар көлемі 3,4 млрд теңгеден астамды құрайды.


Қаржылай жетістіктері

«Астана Моторс» ҚМК Қазақстан Республикасының ірі салалық салық төлеушілерінің бірі болып табылады. 2012 жылы компания 8,5 млрд. теңгеден астам қаржыны мемлекет бюджетінің есеп шотына аударды.


2012 ж. Халықаралық марапаттары

2012 ж. «Астана Моторс» компаниясы халықаралық сияпаттардың жүлдегері болды:

  • қазақстандық Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьютері Hyundai Motor Company-дың (Барселона қ., Испания) халықаралық Regional Excellence Award сыйлығын тапсыру салтанатында «Жыл жеңімпазы» марапатына лайық деп танылды;
  • «Астана Моторс» құрамындағы «Алматы Тойота Орталығы» компаниясы клиенттерге жоғары дәрежелі қызмет көрсеткені үшін айтулы Ichiban марапатына (Будапешт қ., Венгрия) ие болды.


«Астана Моторс» ҚМК 2012 жылғы әлеуметтік жобалары

«Астана Моторс» ҚМК өзінің 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында спорт, мәдениет және білім саласында бірқатар көлемді іс-шараларға қолдау көрсетті. Олардың қатарында «Қазақстан барысы қазақша күресі бойынша ұлттық турнир, «Бірінші болу батылдығы» І Қайырымдылық марафоны, су добынан жастар чемпионаты, су добынан ФИНА әлемдік лигасының суперфиналы бар. «Астана Моторс» Альпенизм мен құзға өрмелеушілер Федерациясының құрама командасына дәстүрлі түрде қолдау көрсетеді. Компания суретшілер мен өнер қайраткерлеріне каталогтар шығаруға және «Біз Қазақстан болашағына сенеміз» девизімен көрмелер ұйымдастыруға қолдау көрсетеді. Ә.Қастеев ат. мұражайда ҚР өнерінің танымал қайраткерлерінің: Павел Зальцманның, Әбдірашит Сыдыхановтың, Кенжебай Дүйсенбаевтың бірқатар көрмелерін өткізді. Компанияларға қолдау көрсету барысында Қайта өрлеу дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі француз өнерін танытатын бірегей «Франция маржандары» көрмесі өткізілді.
Өткен жылы өңірлердегі талантты балаларды оқытуға арналған оқу гранттарын бөлуге жұмсалатын білімдік қор өз жұмысын бастады.
2013 ж. компания әлемдік велотурларда Қазақстанның кәсіби «Pro Team Astana» велокомандасының бірінші мемлекеттік емес демеушісі болды.


2013 жылға даму перспективасы

2013 ж. «Астана Моторс» ҚМК ҚР жеңіл автоиобильдердің, 2012 жылмен (86 966 бірл.) салыстырғанда 49,4%-ды құрайтын, 130 000 бірлігін сатуды болжайды. «Астана Моторс» компаниясы, 2012 жылға (12 406 бірл.) қарағанда өсімі 52% жеңіл автоиобильдердің 18 860 бірлігін сатуды және Қазақстан экономикасында сыртқы өзгерістер мен айтулы кері әсерлер болмаған жағдайда нарықтағы өз үлесін сақтауды жоспарлап отыр.

2013 жылы «Астана Моторс» ҚМК Қазақстан нарығындағы коммерциялық техника сатуды 13448 бірлік деңгейінде болжайды. «Астана Моторс» компаниясы 2045 бірлік коммерциялық техника (оның 800 бірл. экспорт) сатуды жоспарлап отыр.

Соның ішінде Hyundai Auto Trans автомобиль құрастыру кәсіпорны 2013 жылы 2 046 бірл. техника жасауды жоспарлайды.
Бөлшектік несиелеу мен лизингтік қызметтерді бұдан әрі дамытуға арналған алғышарттар бар. Бағасы жағынан «Астана Моторс» компаниясының бағалары бойынша несиеге сату үлесі 2013 жылы ҚР нарығындағы жеңіл автокөліктерді бүкіл сатудың 30%-ға дейін көтерілді.

2013 жылы «Астана Моторс» компаниясы автокөлік сату деңгейі аса төмен болған жағдайда, компанияның қаржылық орнықтылығы мүмкін болатын экономикалық төмендеу (дағдарыс) кезеңінде сервис қызметі мен қосалқы бөлшектер сату есебінен қамтамасыз ететін «1/1» стратегиясын жалғастырады.

2013 жылы қазақстандық әуесқой автомобильшілерді «Астана Моторс» компаниясы брендтрінің жаңа өнімдері күтеді. Компания өз клиенттерін Hyundai i30, i40, Veloster және Hyundai Santa Fe (NC) ұзартылған нұсқасы сияқты автокөліктерді ресми түрде сатудың басталуымен қуантады. Сонымен қатар «Бавария автоорталығы» BMW Z4, 5 топтамысын, 6 топтамысын және жаңа үш есікті MINI Paceman кроссоверін ұсынғанына қуанатын болады. ҚР Subaru арнайы дистрибьюторы Forester 4-өзгерген түрін, BRZ артқы жетекті спорт купесін, жаңа спорттық толық жетекті WRX Sti-ті; Toyota — жаңартылған RAV4 және Hilux-ті; Nissan — представит новое поколение Nissan Almera мен рейстайлингтік Nissan Tiida жаңа өзгерген түрін сатуды бастайтынын хабарлайды.

Hyundai Auto Trans автомобиль құрастыру зауыты 2013 жылы жүк көтеру сыйымдылығы 10 тонна және одан жоғары болатын (Hyundai HD 270, HD 500) ірі тонналық техникаларды, сонымен қатар отандық автоөндірістің дамуындағы келесі кезеңге айналатын Hyundai маркалы жүк автокөліктерінің толық жетекті үлгілерін шығаруды игеруді жоспарлап отыр.


Компания туралы

«Астана Моторс» ҚМК — 1992 жылдан бері автокөліктерді сату және оларға сервистік қызмет көрсету саласында жұмыс жасап келе жатқан Қазақстандағы алғашқы компания. Бүгінгі күнде «Астана Моторс» компаниясы Қазақстан нарығында 7 автокөлік брендін — Қазақстандағы Hyundai жеңіл техникасының ресми дистрибьютерін, Қазақстандағы Hyundai коммерциялық техниканың ресми дистрибьютерін, Қазақстандағы Subaru ресми дистрибьютерін, Қазақстандағы BMW және MINI эксклюзивтік импортерін, Алматы мен Астана ққ. «Тойота» ресми делдалын, Астана қ. Lexus ресми делдалын, Алматы қ. Nissan ресми делдалын және сонымен қатар жүк көліктері мен Hyundai автобустарын құрастыратын Hyundai Auto Trans автокөлік жасау өндірісін ұсынады.


Қосымша ақпараттар үшін хабарласуыңызды өтінеміз:
Александра Шиклеева,
«Астана Моторс» ҚМКPR-менеджері.
тел. 244−76−53 (#10019)
моб. 8−701−929−4010
e-mail: pr@astana-motors.kz


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Нұрлан Смағұлов: Біз АҚШ-тың беделді автокөліктерді бөлшек сату аңыздарымен ынтымақтастықты бастаймыз

Автокөліктерді бөлшек сату «акулалары» Брайан Бенсток, Стив Гринфилд және Чип Перри Алматыдағы Auto Business of Tomorrow форумында сөз сөйледі

«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитеті мен Chery ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

11 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Астана Моторс» өкілі – Chery автобренді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Chery ҚР Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі атанды. Үшжақты Меморандумға Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Chery International вице-президенті Жу Шандон және «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.