Компанияның 2009 жылғы жұмысының негізгі қорытындысы:

  • 2009 жылы «Астана Моторс» ҚМК 3 124 жеңіл автомобиль мен 130 дана коммерциялық техниканы сатып өткізіп, осы көрсеткіш бойынша ресми дилерлердің арасындағы жетекші орнын сақтап қалды. Жеңіл автомобильдердің ресми нарығындағы сатылымдардың жалпы көлеміндегі компанияның үлесі 29%-ды, айналым — 110 миллион АҚШ долларын құрады.
  • Компания клиенттерге автомобильдерді несиеге сатып алу мүмкіндігін беру үшін қаржы мекемелерімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеді. «Астана Моторс» ҚМК және «Ресей жинақ банкі" АҚ компанияның клиенттері үшін пайдалы шарттармен (жылына 12% мөлшерлеме бойынша) бөлшек несиелендіру өнімдерін іске қосу туралы келісімге қол қойды.
  • Корпоративтік клиенттерде бос ақшалай қаражат тапшылығы болған жағдайларда «Астана Моторс Лизинг» еншілес компаниясы ірі компаниялармен және ШОБ кәсіпорындарымен автомобильдерді қаржылық және шұғыл лизингіге беру бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізді.
  • Компанияның 2009 жылғы қызметінің негізгі бағыттарының бірі автомобильдердің қоймадағы қорларын азайту болды, бұл шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік берді.
  • Өткен жылы «Астана Моторс» ҚМК өзінің бөлімшелерінің басқару органдарында халықаралық стандарттарды ендіру бойынша 2008 жылғы басталған жұмысты жалғастырды. Компания қазіргі сәтте компанияның жұмысының бірыңғай стандарттары бойынша ішкі аудитке дайындалуда.
  • 2009 жылғы наурызда «Астана Моторс» ҚМК Астанада ресми түрде Тойотаның жаңа дилерлік орталығын ашты, ол жапондық автоөндірушінің барлық стандарттарына сай келеді.
  • 2009 жылы компания көптеген жаңа өнімдерді ұсынды: «Астана Моторс» ҚМК құрамындағы Бавария автоорталығының немістің БМВ АГ концернінің алты жаңа үлгісін — Х1, М5, М6, 5-ші сериялы Гранд Туризмо, 7-ші серия (толық жетек), жаңа қозғалтқышы бар 760 үлгілерін бір мезгілде қатар ұсынуы автонарықтағы нағыз үлкен оқиға болды. Сонымен қатар компания қазақстандық тұтынушыға жаңа брендтерді - спорттық MINI мен әйгілі Rolls Royce автомобилін ресми түрде ұсынды. Өткен жылы компания жол таңдамайтын танымал Toyota land Cruiser 150 Prado автомобилінің жаңа буынын сондай-ақ Toyota Avensis автомобильдерінің жаңа буынын ресми сата бастады. Жаңа үлгілердің қатарында сондай-ақ Subaru Legacy, Subaru Outback болды. Компания сондай-ақ жаңа Nissan Murano, Nissan NP300 Pick Up, Nissan Qashqai + 2 үлгілерін сатуға кірісті де, Hyundai i30 автомобилінің тұсауын кесті.


Компанияның 2010 жылғы жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қазақстанның ресми дилерлерінің арасында жеңіл автомобильдерді сату бойынша көш басшы үлесін сақтау.
  • Компанияның қоржынындағы брендтер желісін кеңейту.
  • Компанияның пайда құрылымында сервистік қызметтер көрсету және қосалқы бөлшектерді сатып өткізу сатылымдарының көлемін арттыру.
  • Компания шығындар мен бизнес үдерістерді оңтайландыру бойынша жұмысты жалғастырады.
  • «Астана Моторс Лизинг» автомобильдердің қаржылық және шұғыл лизингі бағдарламалары бойынша жұмысын жандандырады.
  • 2010 жылы компания нарықта автомобильдердің бірнеше жаңа үлгісін ұсынады: Subaru Impreza, Hyundai Tucson, Hyundai Sonata, Nissan Patrol, Nissan Note, Nissan Juke.
  • Клиенттер үшін көрсетілетін қызметтердің жаңа пулын жасау (соның ішінде trade-in бағдарламасы)


Қазақстанның автонарығының 2009 жылы дамуының қорытындысы:

Авторитэйл отандық экономиканың басқа салаларымен бірге қиын кезеңді өткеруде. Беделді «Салон Авто» журналының деректері бойынша 2009 жылы ресми дилерлер 11 113 жеңіл автомобиль сатқан екен, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 23 573 болған еді. «Астана Моторс» ҚМК 2009 жылғы сатылымдардың қорытындысы бойынша ресми дилерлердің арасындағы бірінші орынды сақтап қалды. Компанияның үлесі 29%-ды құрады.

Ескерім: Жаңа жеңіл автомобильдер нарығын есептеп шығару үшін Қазақстанның ресми дилерлерінің көпшілігі, сондай-ақ тұрақты негізде автомобиль нарығына талдау жасап отыратын «Салон Авто» журналы Ресейде тараған әдістемені қолданады. Ол ресейлік автомобильдердің сатылымдарын есепке алмайды. Сонымен қатар, сарапшылардың көпшілігі, соның ішінде «Салон Авто» журналы қолданатын жалпы қабылданған әлемдік әдістемеге сәйкес, аталған зерттеуде жеңіл автомобильдер мен коммерциялық техника бойынша бөлек есептер келтіріледі. Басқа тәсілдемелерді объективті деп санауға болмайды. Олар тұтынушыны шатастырады да, жағдайды шынайы бағалауға мүмкіндік бермейді.

Сатылымдардың екінші жыл қатарынан төмендеуінің басты себебі - халықтың табысының азаюының салдарынан тұтынушылық сұраныстың елеулі түрде төмендеу, бұл Қазақстанның экономикасына әлемдік экономикалық дағдарыстың күшті теріс ықпал етуінен болып отыр.

Сұраныстың азаюы сондай-ақ тұтынушылық несиелердің қымбаттауына да байланысты. Орташа тиімді пайыздық мөлшерлеме жылына 16 — 22%-ға дейін өсіп кетті. Бұл несиеге сату үлесінің 2007 жылғы 30%-дан 2009 жылы 5%-ға дейін қысқаруына әкелді.

2008−2009 жылдары мемлекеттік ұйымдардың қызметтік автокөлікті сатып алуына тыйым салынуы және жекеменшік компаниялардың автопаркті жаңартуға жұмсалатын шығындарын елеулі түрде қысқартуы да корпоративтік сегменттегі сатылымдардың азаюына ықпал етті. 2009 жылы корпоративтік клиенттердің «Астана Моторс» ҚМК-ның жалпы сатылымдар көлеміндегі үлесі 22%-ды құрады, бұл дағдарысқа дейінгі 2007 жылғыдан 57% төмен.

Өткен жылы автомобильдер сатылымына негізінен қозғау салған автодилерлердің дисконттық науқандары болды. Олардың бәрі де 2007 жылы сатылым қызу жүріп тұрған кезде тапсырыс берілген автомобильдерді 2008 жылы арзанға сата бастауын жалғастырды. Бұл тұтынушылардың қалауының елеулі түрде өзгеруіне себеп болды: шегерімдердің соңына елеуреп түсемін деп, тұтынушы техникалық сипаттамаларына назар аударудың орнына, бағасы арзанырақ автомобильді таңдаумен болды.

Қазақстанның автонарығының 2010 жылы дамуының перспективалары:

Ақ болсын, сұр болсын, барлық автодилерлердің стратегиясын айқындайтын басты оқиға Қазақстан, Ресей мен Белоруссияның Кедендік одағының құрылуы болды. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай кедендік тариф күшіне кірді. Соның нәтижесінде жаңа автомобильдерге салынатын импорттық баж салығы Қазақстан үшін 10%-дан Ресейдегі сияқты 30%-ға өсіп кетті. Бағалардың өсуін күтудің нәтижесінде жаңа автомобильдер сатылымының қысқа мерзімге күрт өсіп кеткенін атап өту керек, ол өткен жылы рекордтық деңгейге жетіп, 1 531 бірлікті құрады. Автонарықтың баламалы шолуын жасаушылар осы жайтты 2010 жылы сатылым көлемі 50−70% өседі деген болжамдардың негізді екенін көрсететін оңды серпіннің мысалы ретінде көрсетуге асықты. «Астана Моторс» ҚМК бұл көзқарасқа ортақтаспайды, оны қате деп санайды.

Өткен жылы барлық ресми дилерлер Қазақстанға автомобильдерді импортқа әкелуін азайтты. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы жеңіл автомобильдердің, соның ішінде ұсталған автомобильдердің импорты 2008 жылмен салыстырғанда 30%-ға азайды. Кедендік баж салықтары көбейіп отырған жағдайда біз импорт одан әрі де азаяды деп күтудеміз.

Біздің пікірімізше, импорттық баж салықтарының өсуіне байланысты жаңа автомобильдердің бөлшек бағасының артуы, тіпті 2009 жылы экономиканың тұрақтана бастағаны байқалған жағдайда да, тұтынушылық сұранысқа елеулі соққы болып тиеді. Осылайша, авторитэйл нароығындағы рецессия 2010 жылы да жалғасады.

Компания туралы

«Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясының негізі 1992 жылы қаланды. Компания Қазақстандағы ресми дилер мәртебесін бірінші болып алды, ол Astana Group тобының бөлімшесі болып табылады. Бірнеше жыл бойы «Астана Моторс» ҚМК Қазақстанның ресми автонарығындағы сатылымдар бойынша көш басында келеді. Компания Subaru және Hyundai компанияларының ресми дистрибьютор, BMW компаниясының эксклюзивті импортшысы және Toyota мен Nissan компанияларының ресми дилері бола отырып, бес автомобиль брендін ұсынады, бүкіл республика аумағында дилерлік желісі бар. «Астана Моторс» ҚМК-ның барлық автоорталықтарының жалпы ауданы — 45 000 шаршы метр. Компания автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің үлгілерінің ауқымды қатарын ұсынады, кепілдік қызмет көрсетеді, сервис пен жөндеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ автомобильдерді несиеге және лизингке сатады. Жоғары сапалы жұмысы үшін «Астана Моторс» ҚМК алты жыл қатарынан «Қазақстандағы жыл таңдауы» республикалық фестиваль-конкурсының қорытындысы бойынша «№ 1 автодилер» деп танылып келеді. Компания үш жыл қатарынан Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасының «Мінсіз» сапа белгісімен атап өтілді.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Нұрлан Смағұлов: Біз АҚШ-тың беделді автокөліктерді бөлшек сату аңыздарымен ынтымақтастықты бастаймыз

Автокөліктерді бөлшек сату «акулалары» Брайан Бенсток, Стив Гринфилд және Чип Перри Алматыдағы Auto Business of Tomorrow форумында сөз сөйледі

«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитеті мен Chery ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

11 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Астана Моторс» өкілі – Chery автобренді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Chery ҚР Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі атанды. Үшжақты Меморандумға Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Chery International вице-президенті Жу Шандон және «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.