MEGA Aktobe сауда-ойын-сауық орталығы қаланың тұрғындары мен меймандарының сүйікті демалыс орны — Абай атындағы Орталық мәдениет саябағында орналасқан. Ол Ақтөбедегі ең үлкен орталық болмақ. Оның жалпы ауданы — 45 мың шаршы метр. Өзінің өлшемдері бойынша MEGA Aktobe Астана мен Шымкенттегі дәл сондай орталықтардан үлкен. Бірегей дизайн бойынша тұрғызылған қазіргі заманның ғимараты саябақтың көркем табиғатымен сәтті жарасым тауып, Ескі қала мен Жаңа қаланың арасын байланыстыратын буынға айналады.

Сауда-ойын-сауық орталығында отбасымен бірге демалу үшін қажеттінің бәрі бар: Қазақстанның ең жақсы мультиплексі - фильмдерді үш өлшемді (3D) көріністе көрсетуге мүмкіндік беретін Kinopark желісінің жеті залдық кинотеатры, MEGA Ice мұз айдыны, ТМД аумағында балалардың ойын-сауығы саласындағы көшбасы — барлық жастағы балаларға арналған аттракциондар мен ойын автоматтарының кең ауқымын ұсынатын Babylon паркі, 360 отыратын орынға шақталған үлкен фуд-корт, онда түрлі фаст-фуд кафелері - MrBurger&pizza, Musetti, LFC, Taksim, Kemer, Black&Brown кофеханасы кеңінен ұсынылады, «Технодом» тұрмыстық техниканың ең ірі желісінің супермаркеті, жаңа Greenmart гипермаркеті (30 000 астам тауар атаулары) және 725 автомобильге арналған ыңғайлы паркинг. MEGA Aktobe орталығының 75 дүкені әйгілі әлемдік және ресейлік брендтерді ұсынады, олар: Adidas, Oggie, Springfield, Reebok, Naf-Naf, s. Oliver, Sela, InCity, Swiss Time, Beautymania, «Интертоп», «Городок», Kira Plastinina.

MEGA Aktobe жобасы Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов пен Ақтөбе әкімшілігінің тарапынан қолдауға ие болды, олар қолайлы инвестициялық жағдайлар жасап, MEGA Aktobe СОО орналасқан ауданның инфрақұрылым мәселелерін шешуге көмектесті.
— Біз Astana Group президенті Нұрлан Смағұловтың сөзі мен ісінің алшақ емес екенін және қаламызда Астана, Алматы мен Шымкентте бой көтергендей сауда-ойын-сауық орталығының пайда болғанын көрдік. Мұндай демалыс орталығы Ақтөбе секілді серпінді дамып келе жатқан бүгінгі заманның қаласы үшін әбден қажет — деп атап өтті Елеусін Сағындықов.

Нұрлан Смағұловтың айтуынша, бұл жобада бұрыннан бар MEGA орталықтарының үздік элементтерінің барлығы біріктірілген:
— MEGA Aktobe Алматыдағы MEGA-орталыққа қарағанда көзге анағұрлым ауқымды көрінеді. Әрі оның тек Ақтөбе тұрғындарының ғана емес, сонымен қатар көршілес аймақтардан — Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарынан, тіпті Ресейдің облыстарынан келетін демалушылардың арасында танымал болатыны сөзсіз. MEGA Aktobe — тек бизнес-жоба ғана емес. Ол маңызды әлеуметтік функция атқарады. Жаңа сауда-ойын-сауық орталығында мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ, ал бюджетке түсетін жыл сайын салықтық аударымдар 200 миллион теңгені құрйтын болады.

MEGA Aktobe орталығының құрылысын қаржыландыруға «Қазақстан халық банкі" серіктес ретінде қатысты. Инвестициялардың жалпы көлемі 70 миллион долларды құрады. 2006 жылы «Қазақстан Халық банкінің" қаржылық қатысуымен MEGA Alma-Ata СОО салынған болатын.

Ақтөбе MEGA пайда болған Қазақстанның төртінші қаласы болды. Бүгінгі таңда MEGA СОО елордамыз Астанада, республикамыздың қаржы орталығы — Алматыда және Оңтүстік Қазақстанның аса ірі қаласы — Шымкентте ашылды. MEGA желісінің сауда-ойын-сауық орталықтары қаланың көрнекі орындарының тізімінде өзіне лайықты орын алды. Мұнда үйлену тойының салтанатты шерулерін жиі көруге болады, балаларға арналған мерекелер өткізіледі, мұнда қаланың меймандарын әкеледі. Орта есеппен әрбір MEGA орталық күн сайын 30 000 мейманға дейін қабылдайды. Демалыс күндері бұл сан екі есе көбейеді.

MEGA СОО жобаларының барлығын француздың Design Architectural компаниясы әзірлеген, оның бүкіл дүние жүзінде сауда-ойын-сауық орталықтарын жобалау ісінде отыз жылдық тәжірибесі бар.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының құрылысын салумен және MEGA желісін дамытумен отандық инвестор, алуан түрлі бағыттардағы компанияларды басқарушы Astana Group компаниясы айналысады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Нұрлан Смағұлов: Біз АҚШ-тың беделді автокөліктерді бөлшек сату аңыздарымен ынтымақтастықты бастаймыз

Автокөліктерді бөлшек сату «акулалары» Брайан Бенсток, Стив Гринфилд және Чип Перри Алматыдағы Auto Business of Tomorrow форумында сөз сөйледі

«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитеті мен Chery ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

11 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Астана Моторс» өкілі – Chery автобренді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Chery ҚР Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі атанды. Үшжақты Меморандумға Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Chery International вице-президенті Жу Шандон және «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.