Нұрлан Смағұлов өз қоры арқылы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек көрсетуге 5,6 млрд теңге бөлді. Қаражат БҚО тұрғындары үшін пәтер сатып алуға жұмсалды.

Қор 264 пәтер, оның ішінде 75 бір бөлмелі, 143 екі бөлмелі және 46 үш бөлмелі сатып алынды.

Astana Group құрамына кіретін компаниялар мен Нұрлан Смағұлов қоры су тасқынының салдарын жоюға 6,1 млрд теңге бағыттады.

Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов: "Бұл жай ғана көмек емес, барлық компаниялар тобының жеке жауапкершілігі. MEGA, «Астана Моторс» және Mycar СОО желісінің қызметкерлері де сыртта қалмай, өз бастамаларымен 10,4 млн теңгеден астам қаржы жинап, Ақмола облысының Атбасар ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде жіберілді. Мен әріптестерім мен біздің серіктестерімізге осы жолы да компанияның қолдауына қосылғандары үшін алғысымды білдіремін ".

Еске салайық, 2024 жылдың 1 сәуірінде «Астана Моторс» алғашқылардың бірі болып көмек көрсететінін мәлімдеп, 500 млн теңге аударды.

«Астана Моторс» құрамына кіретін Chery бренді қытайлық Chery International компаниясымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысына 50 млн теңгеге баламалы гуманитарлық көмек берілді.

Нұрлан Смағұлов қорының директоры Айдын Сұлтанов құрылысшылардың болжамы бойынша қазақстандықтар шілде айының соңына қарай жаңа пәтерлерге қоныстана алатынын айтты.

«Қазір пәтерлерде әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, ол аяқталған соң 264 отбасы қоныс тойын тойлай алады».


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.