Биыл мамыр айында Нұрлан Смағұлов қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен оралдықтарға қыркүйек айына дейін 264 пәтерді сатып алуға және меншікке беруге уәде берді. Әйтсе де үйлестірілген жұмыстың арқасында барлық уәде етілген пәтерлер берілді. Соңғы кілтті табыстау салтанаты 1 тамызда өтті. Оралдықтарға пәтерлер тұруға дайын қалпында берілді.


Алғашқы пәтерлерді маусым айында бере бастадық. Қор директоры Айдын Сұлтановтың айтуынша, компания барлық 264 пәтердегі әрлеу жұмыстарының аяқталуын күтпеуге шешім қабылдаған және пәтерлердің дайын болуына қарай кілттерді мұқтаж адамдарға беріп отырған – бірінші кезекте осы уақыт ішінде эвакуациялық бекеттерде тұруға мәжбүр адамдар болды.


«Біз «Виктория-2» саяжай бірлестігінде он жылдан астам уақыт тұрдық. Биыл бізді тасқын су басып кетті. Осы кезде дейін жалдамалы пәтерде тұрдық, ал бір жарым ай бұрын бізге осы жаққа көшетінімізді айтқан. Бұл күнді асыға күттік. Қазір бізге пәтерлерімізді табыстап жатыр, біз осы іске қатысқан барлығыңызға – Смағұлов қорына, облыс әкіміне және мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз... Бұл пәтерде үлкен отбасыммен: мен, әйелім, үлкен ұлым және оның отбасымен өмір сүретін боламыз, әзірге алты адамбыз», — деді Еркін Камусинов.
Кейінгі пәтерлер су тасқынынан кейін үлкен отбасымен жалдамалы үйде тұруға мәжбүр болған отбасылардың арасында бөлінді. Қорға пәтер алатын отбасылардың тізімін әкімдік ұсынды.


«Біз барлық пәтерлерді мәлімделген мерзімінен бұрын табыстай алдық. Пәтерлердің сатып алынуын, жөнделуін біз өзіміз бақыладық, өзім қатыстық, бағаладық (…) Барлық зардап шеккен отбасылар қыркүйек айының басында қоныстанады деп жоспарланған болатын, бірақ 1 тамыздың өзінде біз қалған 122 пәтердің кілттін бердік. Біз өз тарапымыздан бұл үшін бар күш-жігерімізді салдық », — деді Нұрлан Смағұлов қорының өкілі Мереке Сұрағанов.
Пәтерлерді сатып алуға Қор 5,6 млрд теңге бөлген болатын.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.