Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.

Бүгінгі таңда төрт MyCharge ЭЗС ашылған, олар Алматыда MEGA Alma-Ata СОО аумағында, Hyundai Premium әл-Фараби, Hyundai Suyunbay дилерлік орталықтарында және Қонаев қаласында Qonaev City сауда орталығының аумағында орналасқан. Жұмыс істеп тұрған ЭЗҚ-ларда қуаты 80-нен 480 кВт-қа дейінгі жылдам зарядтау станциялары орнатылған, бір терминалдың максималды қуаты 240 кВт. Терминалдардағы ағытпа стандарттары: GBT (Қытай стандарты) және CCS2 (Еуропа стандарты).

«Жаңа энергия көздерімен жүретін автокөліктер – Қазақстанға сөзсіз келетін әлемдік тренд, сондықтан зарядтау инфрақұрылымы мәселесін бүгін шешу керек. Біз санға емес, сапаға назар аударып, TELD компаниясының озық жабдықтарымен қауіпсіз жоғары технологиялық ЭЗС желісін салуды көздеп отырмыз», – деді «Астана Моторс» бизнесті дамыту жөніндегі директоры Ақылбек Анарбаев.

TELD электрзарядтау жабдығының ресми дистрибьюторы және MyCharge ЭЗС желісінің операторы құқығында «Астана Моторс» сондай-ақ Қазақстанда ЭЗС салуға және басқаруға қызығушылық танытып отырған отандық кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнатуға дайын екендігі туралы хабарлайды. «Біз TELD компаниясының озық технологияларымен және бизнестегі өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деп атап өтті Ақылбек Анарбаев.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары кезінде 2023 жылдың қазан айында Бейжіңде «Астана Моторс» пен TELD New Energy Co. дистрибьюторлық келісімге қол қойғанын естеріңізге сала кетеміз.

slider_299

slider_301

TELD жабдықтар мен бағдарламалық қамсыздандыру әзірлейді, 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің ЭЗС-ларымен жұмыс істейді және осы салада бай аналитикалық, инженерлік деректерге ие. Компания қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аудара отырып, ЭЗС салу және пайдалану нормалары бөлігінде ҚХР заңнамасын қалыптастыруға және жаңартуға белсенді қатысады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.