Автокөліктерді бөлшек сату «акулалары» Брайан Бенсток, Стив Гринфилд және Чип Перри Алматыдағы Auto Business of Tomorrow форумында сөз сөйледі
Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

АҚШ-тың жетекші әлемдік автокөлік брендтерінің көшбасшыларыменкездесуге  Қазақстан мен Өзбекстандағы «Астана Моторс» топ-менеджерлері мен қызметкерлері жиналды.

Америкалық спикерлердің Қазақстанға сапарын компания өз қызметкерлері үшін ұйымдастырды. Бұл 2024 жылдың қазан айында Нұрлан Смағұлов командасының АҚШ-қа іскерлік сапары кезінде кәсіпкерлер келіскен ынтымақтастық шеңберіндегі алғашқы жоба.

Брайан Бенсток, Paragon Honda & Paragon Acura компаниясының бас серіктесі және вице-президенті, Google-дің АҚШ-тың автокөліктерді бөлшек сату нарығымен өзара әрекеттесуінің сенімді сарапшысы; Стив Гринфилд, Automotive Ventures венчурлық қорын құрушы, бірқатар серпінді автокөліктерді бөлшек сату стартаптарының басқарма мүшесі және Чип Перри, АҚШ-тағы AutoTrader.com ең ірі автокөлік классифайдтың негізін қалаушы — автокөліктерді бөлшек сату саласында және цифрлық шешімдер бойынша негізгі сарапшылар.

Чип Перри және Стив Гринфилд
Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

Спикерлер форумның қатысушыларына жаһандық автокөлік нарығының трендтері туралы айтып, оның даму көріністерін сипаттады, басқа елдерде автобизнес жүргізу тәжірибесі мен техникаларын ашты. Сарапшылар қазақстандық дистрибьюторлар мен дилерлердің назарын клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынастың құндылығына және олардың адалдығын арттыруға аударды. Америкалық кәсіпкерлер деректерді жинауға және тиімді стратегиялық жоспарлау үшін аналитиканы қолдануға, сондай-ақ икемділік пен жаңаға ашықтықтың маңыздылығына үлкен мән береді.

«Шабыттандыру, көшбасшы болу және табысқа жету» —  Auto Business of Tomorrow спикерлерінің негізгі жолдауы. Форумның түйінді сөздері «клиенттің қанағаттануы», «деректерді талдау», «көшбасшыларды тәрбиелеу» болды.

Брайан Бенсток өз сөзінде дилер үшін ен маңыздысы клиенттің жеке уақыты, сатып алушыға автокөлікті жедел жеткізуге және қызмет көрсетуге дайындығы екенін атап өтті. «Егер көлікті сату арқылы біз клиентті қанағаттандырмасақ — онда бұл қандай жеңіс?» — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар дилер үшін уақыт ең құнды болып табылады, оны зерттеу, деректерді талдау, қоршаған орта факторлары мен клиенттің мінез-құлқы, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау үшін пайдалану маңызды.

Брайан Бенсток
Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

Заманауи әлемдік бөлшек сауда үшін өзекті тақырыптардың бірі — офлайн-сауданы ығыстырып жатқан онлайн-сауда. Форумға қатысушының болашақта классикалық дилерлік орталықтар немесе маркетплейстер басымдық алатыны туралы сұрағына Брайан Бенсток офлайн-сауданы онлайн-сауда ауыстыра алмайды деп жауап берді.

«Оқиғалар қалай өрбісе де, біз үшін бірінші болу, әдеттен тыс шешімдерді іздеу, клиентке ең жақсы қызмет көрсетуге күш салу маңызды. Егер сіздің сатып алушыңызға дилерлік орталықта немесе сауда ойын-сауық орталығында қызмет көрсету тәсілі ұнаса, ол сізге қайтып келе береді. Біз үшін ең құндысы — клиенттің сеніміне ие болу», — деп атап өтті Бенсток мырза.

Стив Гринфилд
Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

Ал Стив Гринфилд жасанды интеллекттің маңызды рөлін атап өтті.

«Біз өз бизнес-модельдерімізде инновацияларға көңіл бөлуіміз керек. Әлемдік дилерлер үнемі жаңа ақиқатқа бейімделіп, бәсекеге түсу үшін дамуды жалғастырады. Кейде менің миым біз жұмыс істейтін және ең жақсы шешімдерге ұмтылатын қиындықтардан жарылып кететін сияқты», — деп бөлісті Стив Гринфилд.

Чип Перри «Астана Моторс» компаниясының Қазақстан автокөлік нарығының жетекші ойыншысы ретіндегі рөлін атап өтіп, компанияның табысты жобасына — жаңа автокөліктердің Mycar.kz маркетплейсін қамтитын MyCar экожүйесіне, MyCar Finance микроқаржы ұйымына, Mycredit кредиттік брокеріне, MyCar Pro автоорталықтары үшін бизнес-процестерді автоматтандыру жүйесіне және ірі мультибрендтік автоорталықтарына назар аударды.

«Мен Mycar-ға таңғалдым. Сіздер болашақ туралы ойлайсыздар, дилерлерге процестерді оңтайландыруға мүмкіндік бересіздер, олар сатып алушыларға жоғары деңгейлі қызмет көрсетеді. Бұл бөлшек сатушылардың арасындағы жаңашыл. «Астана Моторста» сала көшбасшыларын тәрбиелейтін ой-сана бар. Сіздер нарықтағы «ақ дақтарды» автокөліктерді сату үшін жан-жақты және ауқымды алаңды құру арқылы толтырасыздар, бұл бизнеске бәсекелестерден өзгеше болуға мүмкіндік береді. «Астана Моторс» — шынымен де экономиканың шикізатсыз секторындағы көшбасшы», — деді Чип Перри.

АҚШ-тың жетекші әлемдік автокөлік брендтерінің көшбасшыларымен кездесу
Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметі

«Астана Моторс» негізін қалаушы автокөлікті жекелеп сату инновациялардың дамуымен, жаңа қуат көздерін қолданатын автокөліктердің пайда болуымен тез өзгеретінін атап өтті.

«Адамзат дамып келеді, біз басқа ырғақта өмір сүріп жатырмыз, мен «Астана Моторстың» Америкадан келген озық әріптестерімізбен қатар жүргенін мақтан тұтамын. Қазақстан ең ашық нарық болып табылады, мұнда бәсекеге жоғары қабілеттілік бар. Бүгін біз сұрақтар арқылы таңғалдық және арандаттық, өйткені бұл біз үшін қызық. Біз өз клиенттеріміз үшін одан да көп жұмыс істеуге шабыттандық. Адамдар әрқашан жаңа сапалы автокөліктерге мінгісі келеді және біз болашаққа батыл қарауымыз керек», — деп қорытынды жасады Нұрлан Смағұлов.

Ол «Астана Моторс» компаниясының іске асырылып жатқан жобалары туралы да айтып кетті. Атап айтқанда, Нұрлан Смағұлов Алматыда салынып жатқан Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытына Қытайдан жабдықтар — 1800 теңіз контейнері келіп, инженерлер жабдықтарды орнатып жатқанын хабарлады. Елдегі ең ірі өнеркәсіптік нысанның құрылысында 1000-нан астам құрылысшылар мен 400-ге жуық құрастырушылар жұмыс істейді. Жоспар бойынша құрылыс 2025 жылдың қаңтарында аяқталады, жабдықтарды орнату келесі жылдың ақпан-наурыз айларында аяқталады. Сәуір айында кәсіпорын Қытайдың үш ірі бренді — GWM, Chery және Changan автокөліктерін сериялық шығара бастайды.

Жұмыс істеп тұрған Hyundai Trans Kazakhstan зауыты осы уақытта Hyundai автокөліктерін өндіру үшін 15 робот орнату арқылы кәсіпорынды ауқымды жаңғыртуды жүргізуде, осылайша кәсіпорын мақсатты түрде жергілікті қамтуды тереңдетуді жалғастыруда және инженерлік кадрлар үшін жаңа жұмыс орындарын құруда.

Дереккөз: forbes.kz


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

«Астана Моторс» және Genesis Қазақстан нарығында премиум брендтің ресми түрде іске қосылғаны туралы хабарлады

Әлемге әйгілі дизайнер Сан Еп Ли қазақстандық клиенттерге бренд философиясы мен жаңартылған модельдерін таныстыру үшін Алматыға келді

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитеті мен Chery ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

11 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті мен «Астана Моторс» өкілі – Chery автобренді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Chery ҚР Паралимпиада комитетінің ресми демеушісі атанды. Үшжақты Меморандумға Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Chery International вице-президенті Жу Шандон және «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев қол қойды.

Hyundai және Satbayev University қазақстандық инженерлерді даярлау үшін ынтымақтасты

Аталған басқосуға 2023 жылы Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орны мен Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторстың» еншілес компаниясы) зауыты арасында басталған ынтымақтастық себеп болды. Бұл ынтымақтастық шеңберінде компанияның мамандары автоөнеркәсіптің болашақ инженерлері мен мамандарымен өз тәжірибесімен бөліседі.

Отбасы Күнi – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы дәстүрлі Отбасы күні, зауыттың туған күніне орайластырылған

Hyundai отбасылық мерекесі қазақстандық стильде: автомобиль зауытының 3000-нан астам қызметкері және олардың туыстары дастарқан басында ашық аспан астына жиналып, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күнін атап өтті.

«Астана Моторс» Қазақстандағы MyCharge электрзарядтау станциялары желісін салуға 5,8 млрд теңге инв

Бұл туралы Астанада өткен Astana Finance Days халықаралық форумында белгілі болды, мұнда қазақстандық компания «Астана Моторс» Қытайдың электрзарядтау инфрақұрылымы секторындағы көшбасшысы TELD технологиясы негізіндегі электрзарядтау станциялары (ЭЗС) инфрақұрылымын ұйымдастыру бойынша MyCharge жобасының іске қосылатыны туралы жариялады.

«АСТАНА МОТОРС» ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК LEXUS ASTANA ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫН САЛАДЫ

Жобаны Chapman Taylor британдық сәулет бюросы әзірледі