«Астана Моторс» фотосуреті

Келісімшарт 2025 жылдың 6-шы наурызында Қазақстанның 14 қаласынан 20 дилерлік орталық өкілдерінің басын қосқан Алматыдағы III Changan дилерлік конференциясында жасалды. Конференцияда брендтің аймақтық желісін ағымдағы жылы 25 дилерлік орталыққа, ал 2030 жылға қарай бүкіл ел бойынша 30-ға дейін кеңейту жоспарлары да айтылды. Айтпақшы, бүгінгі күнде қазақстандықтар брендтің 9 моделін – седандардан бастап кроссоверлер мен пикаптарға дейін сатып ала алады.

CS55 Plus Алматы индустриялық аймағында салынып жатқан AMMKZ зауытында осы жылдың қазан айынан бастап шығарылуы жоспарланып отырған алғашқы Changan моделі болмақ. Ал 2026-2027 жылдары зауыт Қазақстанда Changan автокөліктерінің өндірісін 3-4 модельге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Бұл келісімшартқа қол қою – Қазақстанда жаңа өндірісті іске қосудың негізгі кезеңі және «Астана Моторс» компаниясымен ұзақ мерзімді серіктестікке әкелетін маңызды қадам. Қазақстандықтардың қытайлық брендтердің көліктеріне, әсіресе біздің CS55 Plus сияқты бестселлерлеріне деген қызығушылығы жоғары. Алматыдағы өндірістің ашылуымен Changan модельдері клиенттерге ТМД ауқымында бұрынғыдан да жақындай түседі», – деді Changan Auto-ның ТМД-дағы бизнес бөлімшесінің бас директоры Виктор Сунь.


«Астана Моторс» фотосуреті

Жабдықты сатып алу бізге CS55 Plus өндірісі үшін құрастыру, бояу және дәнекерлеу цехтарын дайындауға мүмкіндік береді. Келісім аясында зауыт, атап айтқанда, шанақты ұсақ тораптық дәнекерлеуге арналған автоматтандырылған конвейер желісімен қамтамасыз етіледі. Бұл желіде дәнекерлеу бөліктеріндегі қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін, қолдану кезінде көліктің қауіпсіздігі мен сенімділігіне кепілдік беретін 30 дәнекерлеу кондукторы бар. Өндірістік қуатқа салынған инвестиция зауытқа сағатына 10 автокөлікке дейін шығаруға мүмкіндік береді.

Негізгі дәнекерлеу желісі бөлшектерді автоматты түрде өңдеу жүйесі бар 18 станциядан тұрады. Қол күшімен қозғаудан бас тарту қызметкерлерге түсетін жүктемені азайтады. Бұл желі өнеркәсіптік автоматтандыру шешімдері саласындағы және құрамдас бөлшектерді өндірудегі әлемдік көшбасшылардың жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Мысалы, дәлдігімен, сенімділігімен және өнімділігімен танымал төрт Fanuc өнеркәсіптік дәнекерлеу роботы орнатылады. Дәнекерлеу процесі Bosch компаниясының контроллерлері арқылы басқарылады. Сондай-ақ желі заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады, бұл ең жақсы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар қолмен дәнекерлеу станциялары үшін жетекші автокөлік брендтері пайдаланатын Obara жабдығы жеткізіледі. Жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету және электр энергиясы шығынын азайту үшін орташа жиіліктегі тұрақты токпен дәнекерлеудің заманауи MFDC технологиясы таңдалды.

«Қазір біз Алматыда мультибрендті зауыт салудың соңғы кезеңіне жеттік.  Жабдықтарды жеткізу бойынша Changan-мен жасалған келісімшарт осыны растайды. Бұл болашақта әлемдік стандарттарға сәйкес келетін автокөліктерді үздіксіз шығаруға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ «Астана Моторс» компаниясының Қазақстанда толық циклді өндірісті дамытуға және жетекші автобрендтердің модельдік желісін кеңейтуге деген ұмтылысын тағы бір рет көрсетеді», – деді «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.


«Астана Моторс» фотосуреті

Жақын арада мультибрендті зауыттың инженерлік тобы Қытайға аттанады. Тараптар Changan CS55 Plus өндірісі үшін жабдықты жобалау, орнату, іске қосу мәселелерін талқылап, барлық элементтің «Астана Моторс» стандарттарына сәйкестігін тексереді.

Changan CS55 Plus – 181 а.к. бар ықшам кроссовер. Гиннестің рекордын орнатқан (ең жоғары жылдамдықта 259 сағат 46 минут жұмыс істеді) бір жарым литрлік Blue Core қозғалтқышы үнемді отын шығынын қамтамасыз етеді – 100 км-ге 5,9 литрден бастап. Бірнеше жыл қатарынан кроссовер «Ең көп ұсынылатын 10 жаңа көліктің» қатарына енді.

Естеріңізге сала кетейік, AMMKZ – бір алаңда Қытайдың жетекші үш брендінен автокөлік шығаруды жоспарлап отырған әлемдегі алғашқы зауыт. Жоспарланған өндірістік қуаты – жылына 90 000 автокөлік.

Заманауи жаһандық автокөлік өнеркәсібінің стандарттары бойынша AMMKZ іске қосылуы Changan құрылымына кіруге мүмкіндік береді, онда қазірдің өзінде автокөліктер, қозғалтқыштар және басқа да бөлшектерді шығаратын 33 зауыт, сондай-ақ ғылыми орталықтар желісі бар. 2020 жылы бренд Қытайда алғашқылардың бірі болып 20 миллионыншы көлігін шығарды. Changan қазір әлемнің 63 елінде ұсынылған.

Дереккөз: forbes.kz


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Астана Моторс» Changan Automobile Group компаниясының Польшадағы стратегиялық серіктесі атанды

2025 жылғы 21 наурызда Германияның Майнц қаласында «Астана Моторс» (Қазақстан Республикасы) мен Changan Automobile Group (Қытай Халық Республикасы) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Астана Моторс» компаниясына жақын арада дистрибьюторлық келісімге қол қою үшін негіз болатын бизнес-жоспар дайындау процесін бастау құқығын береді.

«Астана Моторс» және Youngsan автокөлік орындықтарын локализациялады

Бүгін Қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы мен Youngsan автокомпоненттер өндірушісі (Корея Республикасы) Алматының Индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын бірлескен кәсіпорнын іске қосқанын жариялады.

«Астана Моторс» коммерциялық техника зауытына 12,8 млрд теңге инвестиция жұмсады

2025 жылғы 14 наурызда Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапарымен кеңейту жұмыстары жүргізіліп, модернизациядан өткен Hyundai Trans Almaty зауытына барды. Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері және «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты.