Фото «Астана Моторс». AMMKZ директоры Андрей Казак және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  Қол қою рәсімі 2 сәуірде Farabi Hub инновациялық орталығында ұйымдастырылған «Ғылым, бизнес және өндіріс интеграциясы» форумы аясында өтті. Форумға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Astana Group құрылтайшысы Нұрлан Смағұлов, бизнес өкілдері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мамандары қатысты.

Университет пен Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) арасындағы ынтымақтастық 2023 жылдың қазан айында басталған болатын. Сол кезде университет пен зауыт арасында машина жасау саласында инженерлік-техникалық мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы келісімге қол қойылды. Меморандум серіктестік байланыс бағыттарын айтарлықтай кеңейтеді. Енді ынтымақтастық аясында тек кадр даярлаудан бөлек автокөлік, машина жасау өнеркәсібі және басқа да өндіріс салалары үшін автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру және ЖИ саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстар мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді дайындау жүзеге асатын болады. Университет пен зауыт мамандары жақын арадағы роботтехникалық кешендердің сандық көшірмелерінің 3D үлгілерін жасауды жоспарлап отыр. Мұндай әзірлемелер роботтехникалық жабдықтың жұмыс тәртібін модельдеуге, процестерді оңтайландыруға және әртүрлі сценарий бойынша сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Санды көшірме роботтың жағдайын бақылауға, ақауларды талдауға және оның тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар оны қызметкерлерді виртуалды оқыту, роботты және технологиялық жабдықтарды қашықтықтан бағдарламалау және бақылау үшін пайдалануға болады. Бұл іс жүзінде шынайы сынақтан өткізу кезіндегі тәуекелдер мен шығындарын азайтады.

Фото «Астана Моторс». Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренді зауыты

Мультибрендті зауыттың құрылысы – Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі үшін «Астана Моторс» компаниясы Қытайдың ірі автоконцерндерімен серіктестікте жүзеге асырып жатқан бірегей әрі маңызды жоба. Зауыт Қытайдың үш жетекші брендін, атап айтқанда Chery, Changan және GWM автокөліктерін бір алаңда өндіретін әлемдегі бірінші өндіріс болмақ. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 90 мың автокөлікті құрайды. Кәсіпорынның техникалық жабдықталуы барысында 54 роботты және жоғары деңгейлі автоматтандыру жүйесін орнату көзделіп отыр. Нәтижесінде үш жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу цехы, үш жартылай роботтандырылған құрастыру цехы, 9 катафорез ваннасы бар автоматтандырылған шанақ бояу цехы, 34 робот және соңғы буындағы атомайзерлер жұмысын бастайды. Пластик бөлшектер де бөлек автоматтандырылған цехта боялады. Зауытта 3600 маман жұмыс істейтін болады. Зауыт жоспар бойынша 2025 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады.

«Қазіргі уақытта біз мамандарды жұмысқа қабылдап, қызметкерлерді бейінді даярлаумен айналысып жатырмыз. Біз, бір жағынан, машина жасау саласында техникалық кадрлардың тапшылығын, екінші жағынан, жас мамандардың техникалық және инженерлік мамандықтарға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көріп отырмыз. «Астана Моторс» компаниясы нарық қатысушысы ретінде тек қызығушылық танытып қоймай, сонымен бірге Қазақстанда жоғары білікті техникалық кадрлар пулын қалыптастыруға белсенді атсалысуда. Бұл тұрғыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрған ынтымақтастығымыздың білім мен ғылымның дамуы үшін де, автокөлік өнеркәсібі үшін де маңызы зор», - деді Astana Motors Manufacturing Kazakhstan директоры Андрей Казак.

Фото «Астана Моторс». әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев және Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың сөзінше, AMMKZ зауытымен ынтымақтастық қазірдің өзінде оның тиімділігін және өз нәтижелерін беруде. Осылайша, бір жарым жыл ішінде механика-математика факультеті «Роботтық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша халықаралық аккредитация алып, аталған мамандық бойынша 70-тен астам мамандар дипломмен бітіріп шықты. Сондай-ақ 2025 жылдың ақпан айында университетте ҚазҰУ инженерлік және ғылыми технологиялар кластерінің құрамына кіретін Орталық Азиядағы алғашқы «Индустрия 5.0» бағытында Farabi Robotics инженерлік құзыреттер орталығы ашылды. Оның құзыретіне өндірістік робототехника саласындағы автоматтандыру, цифрландыру және жасанды интеллект бағыттары кіреді.

Орталық немістің Kuka компаниясының 11 өнеркәсіптік заманауи роботымен және қажетті бағдарламалық жасақтамалармен жабдықталған. Жақында орталыққа оқытуға арналған роботталған ұяшық жасау үшін «Астана Моторс» компаниясы атынан Hyundai Accent автокөлігі табысталды. Ұяшық оқу процесінде робот арқылы дәнекерлеу, бояу, құрастыру және осы операциялардың сапасын бақылау, сондай-ақ автокөліктердің әртүрлі бөлшектерін орнату процестерін бағдарламалау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

Фото «Астана Моторс». Farabi Robotics инженерлік құзыреттер орталығы.

Меморандум еліміздің жетекші оқу орны мен Қазақстандағы ең ірі автокөлік өндірушілерінің бірі арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болды. ҚазҰУ мен «Астана Моторс» серіктестігі іс жүзінде білім, бизнес және өндіріс салаларындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін көрсететін нақты кейс.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.