Дәнекерлеу цехы, Hyundai Tucson шанағы робот арқылы дәнекерлеу посты. Фото: "Астана Моторс"

2025 жылдың қаңтар және наурыз айлары аралығында дәнекерлеу, бояу және құрастыру желілерінде жаңғырту жұмыстары жүрді. Жұмыстың негізгі мақсаты локализация деңгейін ұлғайту, технологиялық процестерді оңтайландыру, жұмыс өнімділігін арттыру болды. Нәтижесінде жаңа роботтар мен қондырғылар іске қосылып, ұсақ түйінді құрастыру әдісімен жаңа Hyundai Santa Fe моделін өндіру жолға қойылды.

"Біз Hyundai Trans Kazakhstan зауытының ауқымды өзгерістеріне 8,5 млрд теңге жұмсадық және қосымша жұмыс орындарын аштық. Роботтар ең қиын міндеттерді өз мойнына алды, ал біздің қызметкерлер қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырып, жаңа қызметке кірісті. Біз кәсіби инженерлік-техникалық кадрлардың мықты командасын дайындадық. Өз кезегінде олардың индустрия саласындағы мансаптары сәтті өсуде. Модернизация нәтижесінде зауыт өндірілетін өнімнің 50%-дан астам көлемін автөкөлікті ұсақ түйінді әдіспен дәнекерлеу және бояу арқылы шығара алады", - деді "Астана Моторс" негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Осылайша, Hyundai Trans Kazakhstan автокөліктің іші-сыртын дәнекерлеу, бояу, құрастыру процесін жеделдету арқылы ұсақ түйінді өндірісті екі есеге арттырды.

Дәнекерлеу цехын жаңғырту жұмыстары барысында цехта Оңтүстік Кореядан жеткізілген Hyundai Robotics 4 дәнекерлеу роботы, 14 сервопистолет, 111 дәнекерлеу пистолеті, сонымен қатар Hyundai Santa Fe моделін дәнекерлеуге арналған кондукторлар конвейері орнатылды.


Дәнекерлеу цехы, Body Respot шанақ дәнекерлеу желісі. Фото: "Астана Моторс"

Локализацияның арқасында дәнекерлеу желісіндегі посттар саны өсіп, ондағы роботтарға күрделі дәнекерлеу жұмыстарының 30%-ы жүктелді.

Модернизациядан кейін бояу цехындағы 6 YASKAWA (Жапония) өнеркәсіптік роботы мен шанақтарды бояу желісіне жеткізетін автоматты конвейер іске қосылды. Конвейердің механикалық бөлігі Корея Республикасында, ал электр қозғалтқыштары Жапонияда жасалған. Сондай-ақ цех аумағында катафорез желісі, герметик пен мастиканы жағу, корпусты бояу мен жылтыратуға дайындайтын өндіріс учаскілері жаңартылды.


Hyundai Trans Kazakhstan зауыты. Бояу цехы, лак-бояу жабынын робот арқылы жағу посты. Фото: "Астана Моторс"

Өзгерістер құрастыру цехында да жүргізілді. Бұл жерде SM AGV (Корея Республикасы) өндірушісінен шанақтарды автоматты түрде тасымалдауға арналған 4 робот іске қосылды. Цехта шанақтарды тасымалдауға арналған EMS (Корея Республикасы) аспалы ілгіштер бар автоматты шасси конвейер желісі, ішкі және сыртқы бөлшектерді орнату желісінің конвейері, қосымша манипуляторлар және алдыңғы әйнекке герметик жағуға арналған YASKAWA роботы орнатылды.


Дәнекерлеу цехы, шанақты дайындау посты. Фото: "Астана Моторс"

Жалпы алғанда, 2025 жылы зауыттың жұмыс күші ұсақ түйінді өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты 1600 адамға дейін артады. Жұмысшылар жаңа дағдыларды игеріп, техникалық біліктілігін арттыруда.

Еске салайық, "Астана Моторс" Алматының Индустриалды аймағында автокөлік кластерін құрды. Оның құрамына екі автокөлік зауыты, логистикалық хаб және автокомпонент өндірісі бойынша, атап айтқанда мультимедиялық жүйелер мен орындықтарды шығаратын технопарк кіреді.

Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторы 2024 жалпы ел бойынша 44 218 көлік (үлесі 21,6%) сатып, екі жыл қатарынан нарықтағы көшбасшы атанды.

2025 жылдың бірінші тоқсанында Hyundai ресми дилерлері 11 705 көлік сатқан. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен (9 277 бірлік) салыстырғанда 26,2%-ға жоғары. Осылайша, бренд республикадағы ең көп сатылатын 10 автокөліктің қатарында бірінші орынды иеленді. Өз кезегінде бұл қазақстандықтар Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан шыққан отандық автокөліктерді таңдайтынын көрсетеді.

Дереккөз: Nur.kz


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Астана Моторс» Changan Automobile Group компаниясының Польшадағы стратегиялық серіктесі атанды

2025 жылғы 21 наурызда Германияның Майнц қаласында «Астана Моторс» (Қазақстан Республикасы) мен Changan Automobile Group (Қытай Халық Республикасы) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Астана Моторс» компаниясына жақын арада дистрибьюторлық келісімге қол қою үшін негіз болатын бизнес-жоспар дайындау процесін бастау құқығын береді.

«Астана Моторс» және Youngsan автокөлік орындықтарын локализациялады

Бүгін Қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы мен Youngsan автокомпоненттер өндірушісі (Корея Республикасы) Алматының Индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын бірлескен кәсіпорнын іске қосқанын жариялады.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: МУЛТИБРЕНДТІ ЗАУЫТ CHANGAN CS55 PLUS-ТЫ ШЫҒАРУҒА ДАЙЫНДАЛУДА

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты қытайлық Changan компаниясымен CS55 Plus автокөліктерін шығаруға арналған жабдықты жеткізу туралы келісімге қол қойды.

«Астана Моторс» Қазақстанда BYD брендінің іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарлады

Қытайлық инженерлер BYD автокөліктерін қазақстандық нарыққа бейімдеді