Фотосурет: «Астана Моторс». Changan-2025 жаһандық дилерлік конференциясы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация  – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Changan Kazakhstan ресми дистрибьюторы 2024 жылдың қорытындысы бойынша сатудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізгені үшін, сондай-ақ Changan автокөліктерін жергілікті жерде шығару жобасын жасағаны үшін атап өтілді.

Changan-2025 жаһандық жоспарлары: 3 миллион автокөлік шығару және сату

Кеше Changan штаб-пәтері орналасқан Чунцин қаласында өткен іс-шараға 70-тен астам елден брендтің дистрибьюторлары мен дилерлерінен тұратын 600-ден астам өкіл қатысты. Брендтің бас кеңсесі қатысушылармен өзінің ауқымды даму жоспарларымен бөлісті. Мәселен, биыл Changan бүкіл әлем бойынша 3 млн-ға жуық автокөлікті сатуды мақсат етіп отыр, ал 2030 жылы әлемдік автокөлік өндірушілердің үздік 10-дығындағы өз орнын сақтап қалу үшін кемінде 5 млн автокөлік сатуды жоспарлайды.

Айтпақшы, Changan қызметінің профилі тек автомобиль өндірісі ғана емес, сонымен қатар маңызды зерттеулер мен техникалық әзірлемелер болып табылады. Жыл сайын концерн кірісінің 5%-дан астамы Италияда, Жапонияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Германияда және Қытайдың өзінде орналасқан 9 ғылыми-зерттеу және дизайн орталықтарының жұмысына инвестицияланады. Сондай-ақ компанияның арсеналында бүкіл әлем бойынша 180-нен астам түрлі зертхана және бүкіл Азия аймағындағы ең ірі сынақ алаңы бар. Осылайша, концерннің басқа бір ауқымды жоспарын – тағы 60 жаңа модельді жобалау және құру үшін 10 миллиард доллар инвестициялау жоспарын іске асыру үшін барлық ресурсы бар.

Компания сонымен қатар сыртқы нарықтардағы қатысуын кеңейту бойынша Vast Ocean Plaza стратегиясын іске асыруды негізінен Changan, Deepal және Avatr сияқты брендтерді импорттау арқылы жалғастыруға ниетті.


Фотосурет: «Астана Моторс». Changan Kazakhstan марапаттары – «Key product contribution award» және «Best localization award».

Key Product Contribution Award марапаты: сандар сөйлейді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Changan Қазақстан автокөлік одағының (ҚАО) статистикасына сай Қазақстандағы ең танымал 10 брендтің қатарына кірді, оның үлесі жылдық өсім +39,8% болғанда 4,4% құрайды. Қытайлық автокөлік брендтері арасында рейтингте Changan сенімді түрде бесінші орында тұр, бренд Қазақстанға келген сәттен бастап 16,5 мыңға жуық автокөлік сатылды. Changan Қазақстанда ресми түрде 2022 жылдың тамыз айынан бастап ұсынылды, автокөліктер сатылымы 2022 жылдың қазан айында басталды. Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін қолжетімді модельдік қатарға брендтің 9 моделі кіреді: алты кроссовер - UNI-K, CS35PLUS, CS55PLUS, CS75PLUS, CS95, UNI-T; 2 седан - UNI-V, ALSVIN және пикап Hunter Plus.

Бүгінгі таңда Changan автокөліктері Қазақстанның 14 қаласында 20 ресми дилерлік орталықтар желісі арқылы қолжетімді. 2025 жылға арналған жоспарда Астана, Ақтау, Тараз, Петропавл және Жезқазған қалаларында жаңа сату нүктелерін ашу есебінен өңірлік желіні 25 дилерлік орталыққа дейін кеңейту көзделген. 2030 жылы бүкіл Қазақстан бойынша 30 дилерлік орталық жұмыс істейтін болады.


Фотосурет: «Астана Моторс».  Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытында

Best Localization Award марапаты: Changan «made in Kazakhstan» автокөліктері

Қазір автокөліктер Қазақстанға Қытайдағы зауыттардан тікелей келеді, бірақ көп ұзамай автокөліктер Қазақстанда да шығарылатын болады. Осылайша «Астана Моторс» 2025 жылдың II тоқсанына іске қосылуы жоспарланған Алматы индустриялық аймағындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытында шығарылатын брендтің модельдер қатарының өндірісін жолға қойып отыр.  

Алайда «Астана Моторс» пен Changan арасындағы серіктестік – бұл тек Қазақстан аумағымен шектелмейді. 2025 жылғы наурыз айында компаниялар Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды – құжат жақын арада дистрибьютерлік келісім жасасу үшін негіз болады, оның аясында «Астана Моторс» Польшадағы қытай брендінің ресми өкілі болады және сол жерде автоконцерннің негізгі брендтерін - Changan, Deepal және Avatr брендерін сататын болады.

«Алынған марапаттар – біздің команданың жұмысын ғана емес, сонымен қатар қарқынды дамып келе жатқан бүкіл қазақстандық нарықты мойындау. Біз сатудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті өндіріс үшін берік негіз қалағанымызды мақтан тұтамыз. Біз үшін Changan автомобильдерінің қазақстандықтарға жақындай түсуі маңызды. Бұл үлкен жолдың бастамасы ғана, алда Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де көптеген ауқымды міндеттер тұр», - деп атап өтті «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Changan 2025-маусымындағы Freedom QJ League-ның ресми серіктесі болды

Freedom QJ League 2025 жаңа маусымын «Астана Моторс» құрамына кіретін, Қазақстандағы Changan Қытай брендінің ресми дистрибуторымен серіктестікте бастайды. Стратегиялық келісім жасасу туралы 2025 жылғы 31 наурызда Астанада өткен баспасөз конференциясында мәлімделді.

«Астана Моторс» Changan Automobile Group компаниясының Польшадағы стратегиялық серіктесі атанды

2025 жылғы 21 наурызда Германияның Майнц қаласында «Астана Моторс» (Қазақстан Республикасы) мен Changan Automobile Group (Қытай Халық Республикасы) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Астана Моторс» компаниясына жақын арада дистрибьюторлық келісімге қол қою үшін негіз болатын бизнес-жоспар дайындау процесін бастау құқығын береді.