Астана. Freedom QJ League лигасының 2025 маусымын бастайтыны туралы баспасөз конференциясы. Фотосурет: QJ League

Freedom QJ League 2025 жаңа маусымын «Астана Моторс» құрамына кіретін, Қазақстандағы Changan Қытай брендінің ресми дистрибуторымен серіктестікте бастайды. Стратегиялық келісім жасасу туралы 2025 жылғы 31 наурызда Астанада өткен баспасөз конференциясында мәлімделді.

Іс-шара Freedom QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турловтың, Freedom QJ League Президенті Рохус Шох пен Changan Auto Kazakhstan дистрибуциясы директорының орынбасары Сергей Галкиннің қатысуымен өтті.

Changan дистрибуциясында атап өткендей, Freedom QJ League лигасымен стратегиялық әріптестік Қазақстанда жасөспірімдер футболының өсуі мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл қадам жас таланттарды қолдау көрсетіп, футболшылардың жаңа буынын қалыптастыруға көмектеседі және жанкүйерлер үшін қайталанбас спорттық тәжірибе сыйлайды.


Changan Auto Kazakhstan дистрибуциясы директорының орынбасары Сергей Галкин. Фотосурет: QJ League

«Changan бренді мен «Астана Моторс» компаниясы атынан осы тамаша жобаның Премиум серіктестері болу – біз үшін үлкен мәртебе. Футбол – бұл жай ғана жарыс емес, сонымен қатар жастар үшін өз қабілеттерін көрсетуге, командада жұмыс істеуге үйренуге және жаңа биіктерге ұмтылуға мүмкіндік. QJ лигасы сияқты бастамаларды қолдау – бұл біздің еліміздің және балаларымыздың болашағына салатын инвестиция. Біз осы маусымда көптеген тамаша сәттер мен жаңа жұлдыздарды көреміз деп үміттенеміз. QJ лигасының әрбір қатысушысы – салауатты және белсенді қоғамды қалыптастыруға жасалған қадам», – деп атап өтті Changan Auto Kazakhstan дистрибуциясы директорының орынбасары Сергей Галкин.

Changan ресми серіктес ретінде Freedom QJ League-ның барлық негізгі оқиғаларына, соның ішінде ашылу матчына, маусымның жабылу салтанатына, өңірлердегі футбол мерекелеріне, QJ лигасының барлық жұлдызды матчына және қайырымдылық бастамаларына белсенді түрде қосылады. Турнирлерде жанкүйерлер инновациялық автокөліктерді өмірде сынап көруге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар Changan Лиганың digital-жобаларының негізгі серіктесі болып табылады. Атап айтқанда, маусымның үздік ойыншысы брендтің атынан футбол алаңындағы өз таланты мен көшбасшылығын танытуының символы ретінде «Changan Most Valuable Player» эксклюзивтік сыйлығын алады. Сондай-ақ статистика мен жанкүйерлердің дауысы негізінде «Changan Team of the Week» символдық құрамалары құрылатын болады. Ойыншылардың және жұлдызға айналған қонақтардың қатысуымен челлендж, сұхбат және эксклюзивтік контент ұйымдастыру көзделеді.  


Freedom QJ League президенті Рохус Шох.  Фотосурет: QJ League

«Жаңа серіктесіміз Changan компаниясын қуана қарсы аламыз. Бұл тек футбол индустриясы үшін ғана маңызды оқиға емес. Бизнес қазақстандық жастарды қолдаған кезде, қазақстандық футболдың болашағы еліміздің спорттық маркетингіндегі мүлдем жаңа дәуірі басталады.  Бұл Freedom QJ League және Changan үшін үлкен жауапкершілік екенін түсінемін. Біз көпжылдық серіктес болатынымызға және отандық жасөспірімдер футболын ілгерілету үшін бар күшімізді салатынымызға сенімдімін. Changan компаниясына сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз. Өйткені жеке бизнес бәрі ашық және жүйелі жұмыс істейтін жерге келеді», - деп түсіндірді Freedom QJ League президенті Рохус Шох.

Freedom QJ League 2023 жылы құрылды. Қазақстанның футбол федерациясы бұл жобаны елімізде тұрақты футбол экожүйесін жасау үшін құрды. Өткен жылы Лига «Үздік спорттық ұйым» номинациясы бойынша MetaRatings Top Awards 2024 сыйлығының иегері атанды.

3-ші маусымның басталуы 2025 жылы 19 сәуірге жоспарланды. Лига құрамына үш жаңа команда кіреді: "КФФ U-16", "Хан-Тәңірі" және "Жеңіс". Маусымда барлығы 54 командадан 1 620 жас ойыншы жарысады, олар Қазақстанның 18 өңірінен қатысады. Қыздарға арналған турнир алғашқы рет өтеді. Барлығы 542 матч ойналады. Белгілі болғандай, жеңімпаздар УЕФА жасөспірімдер лигасына Қазақстанның атынан қатысу құқығын алады.

 

«Футбол - еліміздегі ең танымал және бұқаралық спорт түрі. Біз әдемі, ең үздік футбол ойнау үшін ұйымдастырушылар жағында да, футбол алаңында да жеткілікті талантты жастар бар екеніне сенеміз. Әлемдегі ең беделді жарыстарға да қатысып, жеңіске қол жеткізе бастауымызға еш кедергі жоқ. Бұл шынымен ұзақ мерзімді жоспарлауды қажет етеді. Бізді қолдайтын барлық серіктестерімізге көп-көп рақмет. «Астана Моторс» компаниясы мен Changan брендіне биылғы жылы балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға қосылғаны үшін алғыс білдіреміз. Менің ойымша, біз Қазақстандағы футболды нағыз күшті, кәсіби, шынымен Еуропада бәсекеге қабілетті футболға айналдыра аламыз. Бұл бәріміз бірлесіп өткенде еңсерілетін жол», - деді Freedom QJ League Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.

2025 жылы 23 тамызда Алматыда QJ League құрамасының әлемдік футболдың ең мықты академиясының бірі - Мадрид қаласының «Атлетико» командасының тәрбиеленушілерімен кездесуі өтеді. Changan бренді сонымен қатар бірегей демеушілік белсенділіктер мен эксклюзивті контентті ұсынатын маңызды матчтың ресми серіктесі болады.


Астана. Freedom QJ League лигасының 2025 маусымын бастайтыны туралы баспасөз конференциясы. Фотосурет: QJ League

Changan брендінің Қазақстан нарығына 2022 жылы қыркүйек айында келгенін естеріңізге саламыз. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның автокөлік одағының деректеріне сай, бренд ең табысты 10 брендтердің қатарына кірді. Қазіргі таңда қазақстандықтарға седаннан бастап кроссовер мен пикапқа дейінгі 9 түрлі модель қолжетімді. Оларды еліміздің 14 қаласында ұсынылған 20 дилерлік орталықта сатып алуға болады. Биыл Changan Auto Kazakhstan дистрибьюторы еліміздің 18 қаласында 25 дилерлік желіге дейін, ал 2030 жылға қарай 30 дилерлік желіге дейін ашуға ниетті. 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап Changan модельдер қатарындағы алғашқы CS55 Plus моделі Алматы қаласындағы мультибрендтік зауыттан шығарылатын болады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Астана Моторс» Changan Automobile Group компаниясының Польшадағы стратегиялық серіктесі атанды

2025 жылғы 21 наурызда Германияның Майнц қаласында «Астана Моторс» (Қазақстан Республикасы) мен Changan Automobile Group (Қытай Халық Республикасы) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Астана Моторс» компаниясына жақын арада дистрибьюторлық келісімге қол қою үшін негіз болатын бизнес-жоспар дайындау процесін бастау құқығын береді.