25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Жаһандық Chery қорытындысы мен жоспарлары

Chery International компаниясының атқарушы вице-президенті Чжу Шаодун конференцияда сөз сөйлегенде, компанияның дилерлік желіні жетілдіруді жалғастырып, қызмет көрсету сапасын жақсартып, озық өнімдер мен жоғары сервис деңгейінің арқасында әлемдік нарықтағы жайғасымдарды нығайтып, жаһандық серіктестермен бірге дамуға ниетті екенін атап өтті.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Chery International рекордық өсуге қол жеткізді – сатылымдар 36 %-ға артып, 2,6 млн автокөлікті құрады. 2027 жылдың соңына қарай бренд гибридтік автокөліктерді қоса алғанда, модельдік қатарды 43 модельге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр, ал биыл 300 мыңнан астам электрлендірілген автокөлікті өткізуге ниетті. Chery өз жетістіктерін де еске салды: 2024 жылғы Fortune Global 500 рейтингісінде 385-ші орын және бүкіл әлем бойынша 16 миллионнан астам пайдаланушы.


«Астана Моторс» фотосуреті

Chery Kazakhstan – жергілікті көшбасшылық

Конференция барысында Chery-дің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы бас компания тарапынан бірден үш номинацияда ең жоғары марапатқа лайық деп табылды:

  • Outstanding Exposure Award — брендті үздік алға жылжыту үшін сыйлық,
  • Top Market Share Award — көшбасшылық нарық үлесі үшін сыйлық,
  • Public Welfare Award — әлеуметтік бастамаларды қолдау үшін сыйлық

Өз кезегінде «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов өзінің және қызметкерлердің атынан қазақстандық дистрибьютордың жұмысына берілген аса жоғары баға үшін Chery компаниясына алғыс білдірді.


«Астана Моторс» фотосуреті. Нұрлан Смағұлов, «Астана Моторс» негізін қалаушы және Yin Tongyue, Chery Automobile төрағасы

«Алынған марапаттар біз үшін үлкен құрмет болып қана қоймай, сондай-ақ дұрыс даму векторын ұстанып келе жатқанымызды растайды. Chery-мен ынтымақтастығымыз – серпінді дамып келе жатқан, ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік: бірнеше жыл бұрын автокөліктерді Қытайдан импорттаудан бастап, бүгінгі таңда біз оларды Қазақстанда өндіруге кірістік.  Жақында Алматыда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты іске қосылады, оның модельдік желісінде бірнеше Chery моделі бірден ұсынылады», – деп атап өтті Нұрлан Смағұлов.

Конференцияда брендтің қазақстандық дилерлік орталықтарына ерекше құрмет көрсетілді, олар жоғары сервис деңгейін және брендтің дамуына өңірлік деңгейде қосқан үлесін растады. Chery Ақтөбе мен Chery Семей белсенді өсуі, икемділігі және нарықтағы өзгерістерге тиімді бейімделу қабілеті үшін лайықты бағаланды. Chery Астана клиенттермен үздік жұмысы үшін марапатқа ие болды. Chery Шымкент Crystal сату, сапалы сервис бойынша әсерлі нәтижелерінің арқасында үздік дилер болып танылды.

2025 жылы Қазақстан үшін жаңа модельдер

Бүгінгі таңда Chery-дің Қазақстандағы өңірлік дилерлік желісі елдің 19 қаласында 24 сату орнын қамтиды. Жыл соңына дейін тағы екі дилерлік орталықтың ашылуы жоспарланып отыр – Талдықорған мен Түркістанда. Қазақстандықтарға қолжетімді Chery модельдік желісінде бес кроссовер – Tiggo 2 Pro, Tiggo 4, Tiggo 7 Pro/Pro Max, Tiggo 8 Pro/Pro Max және флагмандық Tiggo 9, сондай-ақ бір седан, Arrizo 8 ұсынылған.


«Астана Моторс» фотосуреті

Chery конференциясы Шанхай халықаралық автокөлік индустриясы көрмесінің аясында өтіп, бренд негізгі ньюсмейкерлердің бірі болды. Ұсынылған жаңа өнімдер арасында Chery Himla (ICE/PHEV/EV) толық жетекті рамалы пикаптар желісі болды. Сондай-ақ Chery Arrizo 9 гибридті (PHEV) өкілдік седаны мен Chery Tiggo 10 толық өлшемді кроссовері көрсетілді.

Оған қоса, Arrizo 8, Tiggo 9, Tiggo 8 және Tiggo 7 модельдерінің PHEV-нұсқалары ұсынылды. Осы төрт гибрид Қазақстанда 2025 жылы сатыла бастайды деп күтілуде.

Қазақстан нарығында Chery 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап әрекет етіп келеді және толық емес төрт жыл ішінде еліміздегі ең танымал қытайлық автобрендке айналды. Нарыққа шыққан сәттен бастап биылғы наурызға дейін шамамен 35 мың автокөлік сатылды. Қатарынан екі жыл бойы Chery Қазақстанда ең көп сатылатын үздік 4 бренд қатарына еніп отыр.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.