Changan CS55 Plus. Фото: «Астана Моторс»

2025 жылғы мамыр айының сатылым қорытындысы бойынша қытайлық жеңіл автокөлік сегментіндегі 18% нарық үлесі Changan брендіне тиесілі болды.

Қазақстан автокөлік одағының (ҚАО) статистикасына сәйкес, 2025 жылдың мамыр айында «Астана Моторс» құрамындағы Changan дистрибуциясының сатылымы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Осылайша, ел ішінде мамыр айында сатылған әрбір бесінші қытай көлігі Changan брендінен болып отыр.

2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Changan ресми дилерлері 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3847 жеңіл автокөлік сатып, 4,1% өсімге қол жеткізді.

Қазақстандық ресми дилерлер ұсынған Changan CS55 Plus көлігі (864 дана) тек қана 2025 жылдың мамыр айында ғана емес, сондай-ақ елдегі ресми статистика тарихында ең көп сатылған модель болып отыр. Осылайша, Changan қытайлық жеңіл көліктер сегментінде Қазақстандағы сатылым бойынша тарихи рекорд орнатты.

Брендтің қарқынды дамуының негізгі факторы дистрибуция басшылығының өзгеруі мен жаңа бизнес стратегиясын іске асыруға байланысты болды.

2025 жылдың 4 наурызынан бастап «Астана Моторс» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Денис Коломацкий Қазақстандағы Changan дистрибуциясына басшылыққа келді.


Денис Коломацкий, Қазақстандағы Changan дистрибуциясының директоры, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, «Астана Моторс» басқарма мүшесі. Фото: «Астана Моторс»

Денис Коломацкий 2011 жылдан бері «Астана Моторс» құрылымында жұмыс істейді. 2018 жылдан 2023 жылға дейін Hyundai дистрибуциясын басқарды. Hyundai брендінің Қазақстан мен Өзбекстандағы дамуына, соның ішінде Алматыдағы жеңіл автокөлік өндірісі секторына жауапты болды және брендті нарықтың көшбасшысы деңгейіне дейін жеткізді.

Changan брендінің Қазақстандағы үлесінің айтарлықтай артуы жаңа стратегияның тиімділігін көрсетеді. Дистрибьютор бизнес-процестерді оңтайландырды, дилерлік маржаны өсірді және KPI енгізді, өнім қатарын кеңейтті, дилерлік орталықтағы қызметкерлердің біліктілігін арттырып, ынталандыру жүйесін енгізді.

Денис Коломацкий, Қазақстандағы Changan директоры: «Changan тартымдылығы бойынша №1. Брендтің көліктері озық технологиялы жабдықтармен, футуристік дизайнымен ерекшеленеді. Бұған тағы сатылымның таза заңды жолдары мен сенімді кепілдікті қосыңыз. Біздің клиенттеріміз автокөліктің ресурстары мен ресми дилерлердің артықшылықтарын бағалайды. Бұл - бізге берілген бағаның басты критериі. Бір сөзбен, қазақстандықтардарға бізге сенім артады, ал біз сәйкесінше міндетті түрде автокөлікке, оның қосымша бөлшектеріне және қызмет көрсету сапасына жауапкершілік аламыз. Осылайша Changan автокөліктері көпшілікке қолжетімді болу үшін біз арнайы бағдарламалар бойынша автокөліктерді сатып алуға қолайлы жағдайлар жасадық».

Болашақта дистрибьютор дилерлік желіні дамытуды жалғастыра береді. Компанияның жақын арадағы жоспарына сай 2025 жылдың соңына дейін Қазақстандағы дилерлік орталықтар санын 30-ға дейін жеткізу көзделген. Бүгінгі таңда еліміздің 14 қаласында 21 дилерлік орталық пен шоурум бар.


Changan CS55 Plus. Фото: «Астана Моторс»

Қазақстандағы дистрибьютордың жетістіктері 2025 жылдың сәуір айында брендтің бас кеңсесі орналасқан Чунцин қаласында (ҚХР) атап өтілді. Дүниежүзілік дилерлік конференцияда Changan Kazakhstan шетел нарығында тиімді бизнес жүргізу мен алдағы даму потенциалының жоғары көрсеткіштері үшін Key Product Contribution және Award Localization Award номинациялары бойынша үздік деп танылды.

«Астана Моторс» баспасөз қызметі

press@astana-motors.kz

Контакт-центр 7007


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).

"Астана Моторс" Hyundai Trans Kazakhstan зауытын жаңғыртып, жаңа роботтар орнатты

"Астана Моторс" компаниясына қарасты Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ауқымды модернизация болып, жаңа жабдықтар орнатылды.

ҚазҰУ мен Астана Моторс» серіктестігі жаңа деңгейге шықты

«Астана Моторс» құрамына кіретін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.