Суретте: Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты өз жұмысын бастады. Осыған орай Astana Motors зауытта шығарылатын автокөліктердің бағасы төмендейтінін хабарлайды.

Қазіргі таңда зауыттың құрал-жабдықтары толығымен орнатылып, іске қосылды. Зауыт іске қосу және ретке келтіру жұмыстарын жүргізіп, Chery, Changan, Haval автокөліктерін шығаруға арналған құрамдас бөліктердің алғашқы партиясын алды.

Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов өндірісті локализациялаудың арқасында автокөліктер қолжетімді болатынын айтып, 16 қыркүйектен бастап Chery, Changan және  Haval модельдерінің бағасы төмендейтінін хабарлады.

«Өнеркәсіптік құрастыру бойынша мемлекетпен келісім аясында зауыт дәнекерлеу және бояу (CKD) арқылы ұсақ түйінді өндіріс әдісін қолданып, өнімнің 30%-ын қамтамасыз етуге міндеттенді. Автокөліктерді локализациялау арқасында олардың құны төмендейді. Осы орайда, біз жауапты кәсіпкерлер ретінде модельге байланысты жоғарыда аталған автокөліктердің бағасын 7-15%-ға төмендетеміз», - деді Нұрлан Смағұлов.

Автокөліктердің жаңа бағалары туралы толығырақ жақын арада Қазақстандағы Chery, Changan, Haval және Tank ресми дилерлері хабарлайтын болады. Аталған брендтер мен өндіруші зауыт Astana Motors компаниясының құрамына кіреді.

Айта кетейік, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының өндіріс қуаты - жылына 120 мың автокөлік. Өндіріс аумағы - 211 мың шаршы метр, ал жер телімі - 309 мың шаршы метр. Кәсіпорын толық өндіріс қуатына шыққан кезде жұмыс орын саны 3600 адамды құрайды. Қазіргі таңда 1700 адам жұмыспен қамтылған.

Өндірістік кешен аймағында роботтандырылған және автоматтандырылған дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтары, компоненттер қоймасы, шанақтарды автоматты жеткізу қоймасы, таразылау орны, сынақ алаңы, лак-бояу және дайын өнім қоймалары, инженерлік желілер, әкімшілік-шаруашылық ғимараты және т.б. орналасқан.

Мультибрендті зауытта барлығы 54 робот жұмыс істейді. Дәнекерлеу цехы шанақ элементтерінің қосылған жерлерінің жоғары дәлдігі мен тұрақты сапасын қамтамасыз ететін 17 жапондық Fanuc роботымен жабдықталған. Бояу цехында ABB (Швеция-Швейцария) маркалы 34 өнеркәсіптік робот пен атомизатор жұмыс істейді. Катафорез желісінде 20 ванна орнатылған. Бұл жоғары технологиялық деңгейде шанақты өңдеуге және коррозияға қарсы жабынды жағуға мүмкіндік береді.

Құрастыру цехында үш Fanuc роботы жұмыс істейді. Олар алдын ала белгіленген бағдарлама траекториясына сәйкес автокөліктің шыны элементтеріне желім жағу бойынша тапсырмаларды орындайды. Роботтар құрастыру процесінің сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған.

Зауытқа қажетті құрал-жабдықтардың негізгі жеткізушісі BMW, Hyundai, Toyota, Jaguar, Land Rover, BYD, Mercedes-Benz, Volkswagen және т.б. жаһандық авто алпауыттарға құрал-жабдықтарды шығаруда көшбасшы - Automotive Engineering Corporation (ҚХР) болды.

Сондай-ақ зауытта Siemens (Германия), ABB (Швеция-Швейцария), Schneider (Франция), Fanuc (Жапония) және т.б. әлемдік брендтердің жабдықтары да бар.

Мультибрендті зауыттың құрылысын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қарашада Алматыға жұмыс сапары кезінде бастауға рұқсат берген болатын.

Техникалық лицензиялау туралы келісімдерге (TLA) 2023 жылғы мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары барысында Сиань қаласында қытайлық іскер топ өкілдерімен өткен дөңгелек үстел кезінде қол қойылды.

Жобаға салынған инвестиция көлемі 202 миллиард теңгеден асты. Оның 37% —  Astana Motors компаниясының жеке қаражаты, ал 63% — Қазақстанның Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының кредиттік құралдары арқылы  9%  мөлшерлемеде 15 жылға қарызға алынған қайтарымды қаражат есебінен қаржыландырылды. Жоба ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

ASTANA MOTORS CHERY-ДІҢ ЧЕХИЯДАҒЫ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ БОЛДЫ

Сатылым күзде бензин және гибридті (PHEV) қозғалтқыштары бар Chery Tiggo 7 және Chery Tiggo 8 кроссоверлерінен басталады.

Тарихи максимум: Changan CS55 Plus - Қазақстандағы қытай автобрендтері арасында сатылым көшбасшысы.

2025 жылғы мамыр айының сатылым қорытындысы бойынша қытайлық жеңіл автокөлік сегментіндегі 18% нарық үлесі Changan брендіне тиесілі болды.

Chery Kazakhstan: Қытайдағы конференцияда бірден үш сыйлық

25–27 сәуірде Қытайдағы Уху қаласында 97 елдегі дилерлер мен дистрибьюторлардың 3 мыңға жуық өкілі жиналған Chery 2025 халықаралық бизнес-конференциясы өтті. «Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan компаниясының бірден үш номинацияда жеңімпаз атануы жарқын сәттердің бірі болды.

Қытайдағы Changan Kazakhstan өкілдігінің қос жеңісі: сату және жергілікті жерде шығару бойынша марапатталуы

Changan автокөлік брендінің жаһандық дилерлік конференциясында қазақстандық дистрибьютор бірден екі номинация – «Key product contribution award» және «Best localization award» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Қазақстанның Шанхайдағы жетістігі: «Астана Моторс» - ең үздік GWM дистрибьюторларының бірі

24 сәуірде Шанхайда Great Wall Motor компаниясының халықаралық дистрибьюторлық конференциясы өтті. Іс-шараға әлемнің 86 елінен 600-ден астам өкіл қатысты.

Hyundai тағы да үздік: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бренд сатылым рекордына қол жеткізді

Hyundai 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық автонарықтың ресми сатылымының бүкіл тарихындағы рекордтық көлік санын сатты - 11 705 бірлік. Брендтің сатылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті (9 277 бірлік).