Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанада өткен VIII қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел (KGIR-2025) аясында марапаттау рәсімін өткізді.

Astana Motors компаниясы "Өндірісті локализациялауға қосқан үлесі үшін" марапатына ие болды.

«Біздің мақсат - толық циклді автокөлік өнеркәсібін, соның ішінде компоненттер өндірісін құру. Осы бағытта біз ұсақ түйінді өндірістің жоғары үлесі бар автокөлік зауыттарын салып жатырмыз. Сондай-ақ Алматы индустриалды аймағында мультимедиялық жүйелер мен автокөлік орындықтары сияқты автокомпоненттер шығаратын технопаркті іске қостық. Біз бұл жолымызды 2011 жылы Алматыда автобус және коммерциялық көліктер шығаратын зауытты іске қосудан бастадық. 2020 жылы біз жылына 50 000 көлік шығаратын  Hyundai Trans Kazakhstan автокөлік зауытын салдық, ал 2023-2024 жылдары модернизациядан өткізіп,  роботтар орнаттық. Биыл біз жылына              120 000 көлік шығаратын Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытын іске қостық. Бүгінгі таңда бұл -  ұсақ түйінді өндіріс көлемі бойынша ең ірі кәсіпорын» - деді Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев.


Алматы Индустриалды аймағындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты  

Өндірісті локализациялау Қазақстан экономикасы үшін ұзақ мерзімді әсер береді. Astana Motors үшін бұл толыққанды өнеркәсіптік экожүйені құруға, импортқа тәуелділіктен арылуға, логистикалық шығындарды және валюта бағамының ауытқуларын азайтуға, өнімдерді қолжетімді етуге бағытталған қадам. Қазақстандықтар қазірдің өзінде оның әсерін сезінді. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты алғашқы автокөлік партиясын шығарды. Бұл Осы ретте Қазақстанда өндірілген Chery, Changan және Haval модельдерінің бағасын 16 қыркүйектен бастап орта есеппен 7-15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.


Astana Motors технопаркіндегі Almaty Autoparts Production орындықтар өндіру  зауыты

Локализация жұмыс орындарын құрады, инженерлік біліктілікті арттырады және автокөлік бөлшектерін өндіруден бастап қызмет көрсетуге дейінгі салалардың пайда болуын ынталандырады. Бұл экономиканың шикізаттық емес секторының дамуына және ішкі нарықта жасалған қосымша құн арқылы ЖІӨ-нің өсуіне тікелей ықпал етеді. Шетелдік серіктестер үшін локализация стратегиялық артықшылықтарды да ұсынады, яғни Қазақстан қолайлы географиялық орналасуының арқасында, Еуразия нарықтарына шығу мүмкіндігі және тұрақты бизнес ортасы бар өндірістік орталыққа айналады.


Astana Motors технопаркіндегі Almaty Autoparts Production орындықтар өндіру зауыты

«Сондықтан локализация – біздің тұрақты өнеркәсіптік даму пайдасына бағытталған саналы таңдауымыз», - деп атап өтті Astana Motors компаниясының бас директоры.


Astana Motors технопаркіндегі Kazakhstan Mobility Engineering мультимедиялық жүйелер өндіру зауыты

Айта кетейік, KGIR – 2017 жылдан бастап жыл сайын Премьер-Министрінің басшылығымен өтетін Қазақстан Республикасының маңызды инвестициялық шарасы. Іс-шара бизнес көшбасшыларын, үкімет өкілдерін, халықаралық ұйымдар мен даму институттарын бір алаңға біріктіріп, мемлекет пен халықаралық инвестициялық қоғамдастық арасындағы диалог үшін тиімді платформа ретінде өзін танытты.

2025 жылы KGIR сегізінші рет өткізіліп отыр. Биылғы жиында 40 елден келген үкімет, бизнес, инвестициялық қорлар, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, жалпы саны 700-ден астам қатысушы бас қосты.

KGIR-2025 негізгі тақырыбы – «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан тұрақты экономикалық даму орталығы ретінде». Қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен инвестициялық мүмкіндіктерді, болашақ тұрақты экономиканы қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін, инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, технология және жасыл экономиканы дамытуды талқылады.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.

ASTANA MOTORS CHERY-ДІҢ ЧЕХИЯДАҒЫ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ БОЛДЫ

Сатылым күзде бензин және гибридті (PHEV) қозғалтқыштары бар Chery Tiggo 7 және Chery Tiggo 8 кроссоверлерінен басталады.