ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.
Жұмыстың алғашқы үш күнінде мұражайға 14000-нан астам адам келді. Олардың қатарында 14 000 Ұлы Отан соғысының ардагерлері (немесе оларға теңестірілген адамдар, еңбек ардагерлері), 16 ерекше қажеттіліктері бар адамдар, 770 зейнеткерлер, 432 мектеп жасына дейінгі балалар, 84 көпбалалы отбасы өкілдері, 1325 оқушы және 2178 студент болды.
Ашылу бағдарламасы төмендегі негізгі көрме жобаларының басталуымен ерекшеленді:
● «Қонақтар» - мұражай коллекциясынан құралған Қазақстан және Орталық Азия өнерінің экспозициясы;
● «Мен бәрін түсінемін» атты Қазақстанның жетекші заманауи суретшілерінің бірі- Алмагүл Меңлібаеваның алғашқы ретроспективасы;
● Ричард Серра, Билл Виола, Яйои Кусама және Ансельм Кифер секілді әлемге танымал шеберлердің жеке туындыларына арналған Суретшілер залы;
● Маңғыстаудағы Торыш алқабынан шабыт алып, мұражай үшін арнайы жасалған Алисия Кваденің мүсінінің ашылуы.
Бұған дейін музей алаңында Жауме Пленса мен Инка Шонибаренің Алматы үшін арнайы жасалған мүсіндері орнатылған болатын.
Ашылу бағдарламасында көрмелерден басқа панельдік пікірталас, суретшілермен кездесулер, перфоманстар мен фильмдер көрсетілді. Ашық аспан астындағы «Арқайым» этно-фольклорлық тобы мен dudeontheguitar музыкантының концерті өтті. Шеберхана атты мұражайдың шығармашылық кеңістігінде балалар мен ересектерге шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алматы өнер мұражайының ашылуы қаланың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Оған 100-ден астам халықаралық БАҚ өкілдері, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам кураторлар, суретшілер мен мұражай мамандары, оның ішінде Джауме Пленса мен Кира Перов, Билл Виоланың жұбайы келді.
«Менің өмірімде өнердің алатын орны зор. Мен Алматы өнер мұражайы басқаларға да осындай шабыт пен ортақтасу сезімін береді деп үміттенемін. Біздің алғашқы келушілеріміздің жылы лебізі аймақтың мәдени мұрасын сақтайтын және оның болашағы туралы әңгімелесетін алаң болатын орын құрудың қаншалықты маңызды екенін растайды. Бұл ілтипат мені шабыттандырады, сонымен бірге музей білім, диалог пен жаңалықтар ордасы болатынына сенімімді нығайтады» — деді Нұрлан Смағұлов.
Бүгінде мұражайда кескіндеме мен графикадан бастап фотосурет, бейне және инсталляцияға дейін әр түрлі жанрдағы 300-ден астам өнер туындылары бар. Коллекцияның 70%-дан астамын XX ғасырдың көрнекті қазақстандық суретшілер -Жанатай Шарденов, Токболат Тоғызбаев, Мақтум Кисамедин және Шаймардан Сариев туындылары құрайды. Сонда-ақ, топтамаға Қазақстанның заманауи өнерінің негізгі қайраткерлері-Рустам Халфин, Сәуле Сүлейменова, Саид Атабеков және т.б. жұмыстары кіреді. Көрерменді коллекциядағы жаңа туындылармен таныстыру мақсатында көрмелер үнемі жаңартылып отырады.
Almaty Museum of Arts Алматы мұражайы үнемі жаңартылып тұратын көрмелері, халықаралық жобалары, жетекші мекемелермен және кураторлармен серіктестіктері, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен шеберлік сыныптары бар мәдени орталық ретінде ойластырылған.
2025 жылдың қазан айында Tate Modern (Лондон) және Getty Foundation (Лос-Анджелес) бірлесіп жасаған алғашқы зерттеу бастамалары басталады.
Стандартты билет құны – 2000 теңге, жеңілдетілген билет – 500 теңге. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін тегін кіру қарастырылған. Билеттер мен экскурсиялық бағдарлама туралы толық ақпаратпен мұражайдың ресми сайтында таныса аласыз.
Жұмыс уақыты
Сейсенбі – жексенбі: 11:00 – 20:00
Дүйсенбі: демалыс
Мекен-жай: Қазақстан, Алматы қ, Әл-Фараби даңғылы, 28




