Chery Қазақстандағы қытай автокөліктерінің рейтингінде бірінші орында

Chery - Tiggo7 Pro, Tiggo8 Pro Max, Tiggo9 модельдері. Фото: «Астана Моторс»
2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Chery бренді Қазақстанның автокөлік нарығының қытай сегментінде бірінші орынды сақтап келеді. Осы уақыт аралығында 4531 көлік сатылған, оның ішінде 1434 данасы сәуір айына тиесілі.
Осы көрсеткіштер сәуір рейтингісінің нәтижелерін айқындап, брендтің Қазақстандағы көшбасшылық позициясын тағы да растай түсті. Айта кетейік, Сһегу екі жылдан астам уақыт бойы қытайлық топ-сатылымдардың көшін бастап келеді. 2023 жылы Chery брендіне таңдау жасаған автокөлік иелерінің саны 12 мыңға жетсе, 2024 жылы олардың саны 14,8 мыңнан асты.

Қазақстан автокөлік одағының дерегі бойынша, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қазақстандықтар 66 мыңнан астам жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатып алған, ал оның ішіндегі 25 554 көлік қытайлық брендтер үлесінде. Сонымен қатар, әрбір бесінші қытай көлігі Chery брендінен (шамамен 18%) болды. Нәтижесінде қазақстандық нарықтағы жаңа автокөліктер арасында Chery үлесі 7% - ға жақындады.
Бүгінде Қазақстанда брендтің 6 моделі бар. Сонымен қатар, модельдік қатар брендтің рестайлинг нұсқалары мен жаңа үлгілерінің пайда болуының арқасында үнемі жаңартылып отырады.

Жаңа Chery Tiggo 7 моделі. Фото: «Астана Моторс»
Осылайша, сәуір айының соңында «Астана Моторс» құрамындағы Chery Kazakhstan брендінің дистрибьюторы жаңартылған Tiggo 7 флагмандық моделін таныстырды. Рестайлингтен кейін технологиялық жағынан жаңартылып, кроссовер жарқын және заманауи келбетке ие болды. Алдыңғы жағындағы жаңа массивті радиатор торы және Tiggo 8 Pro моделі үлгісіндегі LED технологиялы жарықдиодты оптика көлікке премиум сипат беріп, айшықтай түседі. Бүйір жағынан көлемді 19 дюймдік титан дискілері мен жаңа дизайндағы галоген фаралар ерекше назар аудартады. Бұл элементтер айрықша сымбат пен спорттық сипат береді.
Ұзындығы 4553 мм, ені 1862 мм және биіктігі 1696 мм құрайтын ықшам көлемді кроссовер тығыз трафик пен қаланың тар көшелерінде оны ыңғайлы ете түседі. Сонымен бірге 150 ат күші (110 кВт) мен 2000-3800 айн/мин диапазон аралығында 275 Нм максималды айналу сәтін беретін заманауи 1.6 литрлік GDI турбо қозғалтқышпен қамтылған. Роботты 7 сатылы DCT беріліс қорабымен біріктірілген қуат агрегаты жүріс кезінде сенімді жылдамдықты және берілістердің біркелкі ауысуын қамтамасыз етеді. Көліктің 2WD және 4WD режимдері арасында ауысу мүмкіндігі бар интеллектуалды толық жетекті жүйе кез-келген жол жағдайына бейімделе алады.

Жаңа Chery Tiggo7 моделінің интерьері. Фото: «Астана Моторс»
Кроссовердің интерьері жаңартылып, стильді қара және қою қоңыр реңкпен әрленген. Цифрлі басқару бөлігінде екі 12,3 дюймдік дисплейлер бір визуалды блогына біріктіріліп, мультимедиялық функциялар мен көлік параметрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Климаттық бақылау жүйесін батырмаларлар арқылы басқаруға болады. Аталған жинақтамаға жан-жақты бақылау камералары, тұрақ сенсорлары, жетілдірілген жүргізуші көмекшісі, круиздік бақылау жүйесі орнатылған. Жүргізуші орындығы электр жетегімен, реттелетін белдік тіреуішімен және баптауларды сақтау функциясымен жабдықталған. Қосымша жайлылық үшін орындықтар, руль, бүйір айналар, алдыңғы терезе мен әйнек жууға арналған бүріккештерді жылыту фунциясы бар. Алдыңғы орындықтар мен багаж есігі электр жетекпен қамтылған. Панорамалық шатыр салон ішін жарық әрі кең ете түседі. Көлемі 1500 литрді құрайтын сыйымды жүксалғыш өзіңізбен бірге қалада да, ұзақ сапарларда да қажет нәрсенің бәрін алып жүруге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы жаңа нұсқа екі жиынтықта ұсынылған. Еліміздің 17 қаласындағы 23 ресми дилерлік орталықта 13 390 000 теңгеден бастап қолжетімді. Tiggo 7 флагмандық моделіне кепілдік 5 жылға немесе 150 мың км-ге беріледі.

Chery Tiggo 2 Pro. Фото: «Астана Моторс»
Chery автокөліктері жақын арада «Made in Kazakhstan» белгісімен шығарыла бастайды. Өндіріс 2025 жылдың II тоқсанында Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытында басталады. Бірінші кезеңде мұнда Chery Tiggo 2 Pro өндірісі жолға қойылады. Болашақта аталған көліктің сегіз модельдік қатарын шығару қарастырылуда. Бұл жайт брендтің Қазақстанға ұзақ мерзімге келгендігін көрсетеді және клиенттердің көңіліне сенім ұялатады. Қазіргі уақытта «Астана Моторс еншілес кәсіпорнының құрылысы аяқталу кезеңіне жетіп қалды.
«Біз мәреге жеттік. Құрылысқа 202 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылды. Мультибрендті зауыттың пайда болуы – біздің компания үшін жаңа белес және қазақстандық автоөнеркәсіп дамуының жаңа кезеңі. Көп жұмыс жасалды, ұзақ және күрделі келіссөздер болды. Шетелдік тәжірибелер зерттелді, мамандарды дайындауға көп күш жұмсалды. Зауытта жалпы саны 3600 жұмысшы еңбек етіп, жақсы әлеуметтік пакетпен қамтылып, қолайлы жұмыс жағдайы жасалады», - деді «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
Жалпы ауданы 211 мың шаршы метрді құрайтын мультибрендті зауыт Алматының Индустриалды аймағында орналасқан. Дәнекерлеу және бояу арқылы ұсақ түйінді әдіспен жылына 120 мыңнан астам автокөлік өндіру жоспарланып отыр.
Жергілікті автокөлік өндірісі танымал Chery модельдерін отандық нарыққа жеткізу уақытын қысқартып, бағаның қолжетімді болуына оң әсер етеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Алматыдағы технопаркте аталған модельдерге арналған автокомпоненттерді локализациялау жоспарлануда.




