Абылай Жәкішев, Нұрлан Смағұлов, Бекнұр Несіпбаев. Фото: QazElastoPlast

Алматы облысының Жамбыл ауданында автокөлік компоненттері мен аксессуарларын шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Алғашқы келісімшарт Astana Motors құрамындағы Hyundai дистрибьюторымен жасалды, деп хабарлайды QazElastoPlast баспасөз қызметі.

Іс-шараға Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Astana Motors компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Алматы облысы әкімдігінің, Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілдері, QazElastoPlast зауытының құрылтайшысы және директоры Абылай Жәкішев бастаған ұжым мүшелері қатысты.

"Жобаны QazElastoPlast компаниясы 600 миллион теңге көлемінде толығымен жеке қаражаты есебінен жүзеге асырды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 300 мың автокөлік төсеніш жинағын немесе 1 мың тоннадан астам дайын өнім шығаруға жетеді. Өндірістік цехтың жалпы ауданы 1 мың шаршы метрді құрайды. 30 жұмыс орны ашылды", - деді зауыт иесі әрі директоры Абылай Жәкішев.

Салтанатты шара аясында зауыт пен Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясының директоры Марат Смағұлов арасында автокөлік аксессуарларын жеткізуге жөніндегі офф-тейк келісімшартқа қол қойылды.


Қазақстандағы Hyundai QazElastoPlast компаниясымен келісімшартқа отырды. Фото: QazElastoPlast

Нұрлан Смағұлов Astana Motors үшін Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін дамытуды қолдау аса маңызды екенін атап өтті.

"Ел ішінде бөлшектер мен аксессуарларды көбірек шығару жолында біз мақсатты түрде автокомпоненттерді өндіретін кәсіпорындар кластерін қалыптастырудамыз. Бұған дейін Қазақстанда автокөлік төсеніштері өндірілмей келді, бүгін міне біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз. Біз аталған сала мен тұтынушыларымыздың мүддесі үшін ынтымақтастығымызды дамытуға және оның мүмкіндіктерін кеңейтуге дайынбыз", - деді Нұрлан Смағұлов.


Абылай Жәкішев Нұрлан Смағұловқа дайын өнімдерді көрсетуде. Фото: QazElastoPlast

Өз кезегінде Абылай Жәкішев Astana Motors компаниялар тобымен ынтымақтастық зауыттың тұрақты іске қосылуында маңызды фактор болғанын атап өтті.

"Hyundai ресми дистрибьюторымен және Astana Motors құрамындағы басқа да компаниялармен ынтымақтастық зауытты тапсырыстармен қамтамасыз етуге сенімділік береді, сонымен бірге OES, яғни ресми жабдық жеткізушісі мәртебесін алуға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін зор мәртебе. Сонымен бірге барлық халықаралық техникалық стандартқа сай болу және жоғары сапалы өнімдерді шығару жолында үлкен жауапкершілікті жүктейді. QazElastoPlast толықтай Astana Motors компаниясының ұстанымдары мен құндылықтарын қолдайды және оған сай келеді. Біз өнеркәсіпті дамытуды, өндірісті локализациялауды және тұтынушыларды жоғары сапалы қазақстандық өніммен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз", - деді ол.

QazElastoPlast — Қазақстандағы термопластикалық эластомерден (ТПЭ) жасалған көлік төсеніштерін шығаратын алғашқы кәсіпорын. Бұл — берік, икемді және сыртқы әсерлерге төзімді заманауи экологиялық таза полимерлі материал. Өндіріс технологиясы алюминий матрицаларының көмегімен (пресс-формалар) экструзия арқылы және вакуумда қалыптауға негізделген.

TЭП төсеніштер шығару — өндірістің бірінші кезеңі ғана. Болашақта компания халықаралық автоконцерндерден аккредитациядан сәтті өтіп, OEM жеткізушісі мәртебесін алу үшін пресс-қалыптар, түкті төсеніштер, шанақ асты жабындары және нығыздағы резеңкелер өндірісін игеруді жоспарлап отыр. Өз кезегінде бұл жаңа серпін беріп, отандық және шетелдік автокөлік шығаратын зауыттарға өнімдерді тікелей жеткізуді бастауға мүмкіндік береді.


QazElastoPlast қызметкерлері. Фото: QazElastoPlast

Көлік төсеніштерінің сатылымы TOSEM жеке брендімен жүзеге асырылады. Компанияның негізгі клиенттері ресми дистрибьюторлар, дилерлер және қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сататын онлайн/офлайн дүкендер болады.

QazElastoPlast кәсіпорнының іске қосылуы облыс әкімдігі тарапынан қолдау тауып, жобаның өңірді индустрияландыруға, жұмыс орындарын ашуға қосқан қомақты үлесі және импортқа тәуелділікті азайтып, экологиялық таза өндіріс технологияларына көшуге тағы бір қадам екені атап өтілді.


QazElastoPlast зауытының ашылу салтанаты. Фото: QazElastoPlast


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.