Chery бренді Asian Award 2025 салтанатында паралимпиадалық қозғалысқа қолдау білдірді

Asian Awards 2025 марапатының жеңімпаздары мен ұйымдатырушылары. Фото: Astana Motors
Астанада Asian Award 2025 марапаттау рәсімі өтті. Мәртебелі марапатты табыстау рәсімі Азия Паралимпиада Комитетінің (АПК) 8-ші Бас Ассамблеясы мен конференция аясында өтті. Іс-шараның ресми серіктесі қытайлық Chery бренді болды.
Азия параспортының болашағы айқындалған ауқымды форумға әлемнің 45 елінен келген 200-ден астам делегат бас қосты. Asian Award марапаттау рәсімінде Азиядағы паралимпиадалық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан спортшылардың, жаттықтырушылар мен ұйымдардың ерекше жетістіктері атап өтілді.
«Best Youth Athlete» номинациясы бойынша жүлдені Қытайдан келген жас парапланшы Шэнгао Хэге Chery International вице-президенті Чжу Шаодонг табыстады. Ол арманына сеніммен қарап, табандылық танытатын жандарға ешқандай шектеу жоқ екенін дәлелдеген спортшыларға шынайы алғысын білдірді. Паралимпиада ойындарының «ешқандай шектеу жоқ» қағидасы Chery брендіне де жақын.

Chery International вице-президенті Чжу Шаодонг. Фото: Astana Motors
«Өзіне ешқашан шектеу қоймайтын спортшылар секілді, біз де өзімізбен тынымсыз жұмыс істейміз, технологиялар мен өнімдерді дамытамыз және ұзақ мерзімді перспективаларға назар аударамыз. Осы шешімнің арқасында бүгінде біз бүкіл әлем бойынша 17 миллионнан астам тұтынушымыз бар. Біз Қытайдың жеңіл автокөліктер экспортында бірінші орынды иелендік және тағы да Fortune Global 500 халықаралық тізіміне ендік», - деді Chery International вице-президенті Чжу Шаодонг.
Қазақстанда брендті 2021 жылдан бастап Astana Motors құрамына кіретін Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторы ұсынады. Осы уақыт ішінде 40 000-нан астам автокөлік сатылды. Бұл аталған көліктің Қазақстан нарығындағы жоғары танымалдылығы мен сұранысын көрсетеді.
Компания табысының кілті оның даму мен әлеуметтік жауапкершілікті біріктіретін ESG (environmental, social, governance) философиясылық ұстанымында дейді Chery International вице-президенті Чжу Шаодун. Ол форум аясында АПК президенті Маджид Рашед және ҰПК басшысы Қайрат Боранбаевпен ресми кездесулер өткізіп, Азия параспорттын дамыту мен спортшыларға қолдау көрсету бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

ҰПК басшысы Кайрат Боранбаев, АПК президенті Маджид Рашед, Chery International вице-президенті Чжу Шаодонг, Astana Motors дистрибьюторлық желісін дамыту жөніндегі директоры Кит Симмонс. Фото: Astana Motors
Chery жай ғана жаһандық бренд емес, қазақстандықтарға жақын әрі түсінікті, қоғам өміріне белсенді араласатын бренд болуға ұмтылады. Осылайша, 2024 жылдың күзінен бастап Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми серіктесі атанып, турнирлерде паралимпиадашыларға қолдау көрсетіп, маңызды әлеуметтік жобаларға бастамашы болып келеді. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Көңілді старт» спорттық ойындары, қолжетімді және инклюзивті ортаны дамытуға арналған басқа да жобалар бар.

Астана қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының спорт залы. Фото: Astana Motors
«Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас серіктесі болу – зор және құрметті миссия. Біз әрдайым эмоция мен сезімге бөленіп отырамыз. Паралимпиадашылармен қарым-қатынас өмірлік ұстанымдарға жаңаша көзқараспен қарауға, бағыт-бағдарды қайта қарауға көмектеседі, команда және жалпы алғанда ел үшін көп нәрсе істеуге деген ниетпен толтырады», - деді Chery Kazakhstan дистрибуция директоры Нұрлан Шамгонов.
Технология мен бизнестің күшін пайдалана отырып, бренд елдегі паралимпиада қозғалысының дамуына елеулі үлес қосып, спортшыларға тосқауылдарды еңсеруге және алға қойған мақсатқа жетуге көмектесуді көздейді.

Asian Awards 2025 марапатын табыстау рәсімі. Фото: Astana Motors
Айта кетейік, Asian Award Азия марапаттау рәсімі — Азия паралимпиада спорты саласындағы басты оқиға. Мәртебелі жүлдені табыстау рәсімі алғаш рет Орталық Азияда өтті. Іс-шараны өткізу міндеті Қазақстанға тапсырылды, өйткені мұнда паралимпиада қозғалысы қарқынды дамып келеді, инклюзия және тең мүмкіндіктер құндылықтары насихатталуда. Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада комитетінің қолдауымен 19 паралимпиадалық спорт түрі қарқынды дамып келеді. Қазірдің өзінде 800-ден астам жарыс өтіп, қазақстандық спортшылар 80-нен астам халықаралық турнирлерге, соның ішінде ірі әлемдік старттарға қатысты.




