Фото: Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев, "Қайрат" ФК басшысы Қайрат Боранбаев, бас жаттықтырушы Рафаэль Уразбахтин және қақпашы Темірлан Анарбеков.

«Селтикке» қарсы сенсациялық жеңістен кейін Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов футболшылармен кездесіп, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин мен қақпашы Темірлан Анарбековті құттықтады.

Қазақстан футболы тарихи сәтті бастан өткеруде. Алматылық «Қайрат» клубы аты аңызға айналған шотландиялық «Селтикті» жеңіп, сенсациялық түрде Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Голсыз аяқталған екі ойыннан кейін жолдама тағдыры пенальтиде шешілді. «Қайрат» ойыншыларының салқынқандылығы шешуші рөл ойнап, клуб өз тарихында алғаш рет Еуропадағы басты клубтық турнирге жолдама алды.

Тарихи жеңісті еліміздегі танымал бизнесмендердің бірі,  құрамына Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибуциясы кіретін Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов атап өтті.

Кәсіпкер жаттықтырушылар құрамын жеке құттықтап, бас бапкер Рафаэль Уразбахтинге жаңа Hyundai Palisade автокөлігінің кілтін сыйға тартып, аталған сәттің символдық мәніне тоқталды. Тарту етілген сыйлық та кездейсоқ емес. Себебі Hyundai Palisade - технологияны, сенімділікті және абыройды бағалайтындар үшін жасалған флагмандық кроссовер.

«Біз сіздің жеңісіңізді мақтан тұтамыз. Бұл тек «Қайрат» үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан футболы үшін зор қадам. Шын жүректен сізге жаңа табыстар тілейміз және команданы қолдауға әрқашан дайынбыз. «Қайрат» Еуропаны таң қалдыра алады деп сенеміз. Сіздерді алда Алматыда өтетін аты аңызға айналған мадридтік «Реалмен»  матч күтіп тұр. Бұл әлемдік деңгейдегі оқиға, біз сізге жанкүйер боламыз. Сіздер Қазақстан футболын дамытып жатырсыздар, ал біз қазақстандық автоөнеркәсіпті дамытып жатырмыз. Біз бірге еліміздің игілігі үшін еңбек етудеміз. Аталған көлік және барлық Hyundai модельдері Алматыдағы біздің Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылады. Алматылық футбол клубына арналған алматылық көлік», - деді Нұрлан Смағұлов.

Алматылық «Қайраттың» президенті Қайрат Боранбаев клубтың мұндай жетістікке өзі футболшы ретінде «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының сапында ұзақ жылдар ойнаған қазақстандық маманның басшылығымен жеткенін айтты.


Фото: бас жаттықтырушы Рафаэль Уразбахтин және қақпашы Темірлан Анарбеков

Рафаэль Уразбахтин өзіне көрсетілген құрмет пен ілтипат үшін алғыс айтып, бұл бүкіл футбол ұжымы мен ойыншыларының жеңісі екенін атап өтті.

"Біріншіден, мұндай сыйлықты алу мен үшін зор мәртебе. Көңіліңізге, сеніміңізге рахмет! Бұл менің ғана емес, ең алдымен футболшылардың, жаттықтырушылар құрамының, медициналық қызметкерлердің, біздің бүкіл футбол клубының еңбегі екенін атап өткім келеді. Бізді әрдайым қолдап, бізге сенім артқан жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді, ал біз өз тарапымыздан қазақстандықтарды жаңа жетістіктермен және жеңістермен қуантуға тырысамыз", - деді «Қайраттың» бас бапкері.


Фото: Рафаэль Уразбахтин «Кайрат» ФК формасына қолтаңба қою сәті

«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков те назардан тыс қалған жоқ. Нұрлан Смағұлов оған Apple Macbook табыстап, жас футболшыны алдағы белестерге жеңіспен шығуға тілектестігін білдірді.

Astana Motors үнемі мәдени, спорттық, білім беру және әлеуметтік жобаларға қаражат бөліп отырады. Бұл жолы футбол Hyundai бренді мен компаниясының құндылығы және ұлттық мақтаныш сезімі тоғысқан алаңға айналды.


Фото: Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, бас бапкер Рафаэль Уразбахтин және қақпашы Темірлан Анарбеков.

Айта кетейік, Hyundai Palisade жаңа буыны Қазақстанда тамыз айында таныстырылды. Автокөлік барлық Hyundai дилерлік орталықтарында қолжетімді. Модель туралы толығырақ сайтымыздан біле аласыз.


Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ, ОҒАН НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ҚОРЫ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛДІ.

Алматыда жаңа қоғамдық саябақ ашылды.

KGIR-2025: ASTANA MOTORS ӨНДІРІСТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов табыстады.

Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді.

GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.

BYD электробустарының алғашқы партиясы Қазақстандағы Astana Motors зауытында шығарылды

Қазақстанда BYD электробустарының алғашқы партиясы Astana Motors компаниясының жолаушылар және коммерциялық көліктер өндіретін зауытында шығарылды. Жергілікті өндірісті көруге Алматыға BYD Commercial Vehicles президенті Тянь Чунлун арнайы келді.

Смағұлов: Жаңа зауытының іске қосылуына байланысты 16 қыркүйектен бастап автокөлік бағаларын төмендетеміз

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды.

ALMATY MUSEIM OF ARTS МУЗЕЙІ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҮШ КҮНДЕ 14 МЫҢ КЕЛУШІ ҚАБЫЛДАДЫ

12 қыркүйекте Алматыда Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының салтанатты ашылуы өтті.