Astana Motors Чехияда Chery сатылымын бастайды

Chery-дің Чехияда өткен ресми таныстырылымы
Қытайдың Chery автокөлік өндірушісі 18 қыркүйекте Чехия нарығына ресми түрде шықты. Брендтің эксклюзивті дистрибьюторы – Орталық Азияның автокөлік нарығы көшбасшыларының бірі болып табылатын қазақстандық Astana Motors компаниясы.
Ресми таныстырылым Прага маңындағы Водерадкиде өтті және журналистерді, автокөлік сарапшыларын, дипломаттарды және бизнес өкілдерін қамтыған 180-нен астам қонақтың басын қосты. Қатысушылар бүкіл модельдер қатарын тест-драйвтан өткізіп, Chery-дің негізгі технологияларымен танысты.
Чехияда Chery бензинмен жүретін және гибридті нұсқалардағы мына кроссоверлерді ұсынды: Tiggo 4 HEV, Tiggo 7 (ІЖҚ және PHEV) және Tiggo 8 (ІЖҚ және PHEV). Сондай-ақ жыл соңына дейін Chery Tiggo 9 PHEV флагманының тұсаукесері өтеді.
Салтанатты рәсімге Чехияға Chery және Astana Motors топ-менеджерлері – Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, Chery International вице-президенті және ЕО өңірі бойынша CEO Джефф Чжан, Германиядағы Chery Europe R&D бас инженері Йохен Тютинг және Chery Europe вице-президенті Фрэнк Ван келді.

Фотосуретте: Chery Europe R&D бас инженері Йохен Тютинг, Chery Europe вице-президенті Фрэнк Ван, Chery International вице-президенті және ЕО өңірі бойынша CEO Джефф Чжан, Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов, ҚР ЧР Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Дүйсенбаев, Astana Motors CEO Бекнұр Несіпбаев, Astana Motors басқармасының мүшесі Кит Симмонс.
Іс-шараның өткізілуіне Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Дүйсенбаев қолдау көрсетті.
Сондай-ақ іс-шараға Чехиядағы Қытай Халық Республикасының консулы Лю Хайян; Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Мартин Фрелих және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысып, оның жоғары деңгейде өткенін айтты. Сондай-ақ Чехия бизнесінің жетекші өкілдері және ірі Қытай банктерінің басшылары да болды.
Джефф Чжанның айтуынша, Чехия өзінің мұрасымен, инновациясымен және энергиясымен шабыттандырады:
«Бұл қадам – Еуропадағы Chery үшін стратегиялық кезең. Біз көптеген еуропалықтар инновациялық және тұрақты болашақ жолында Chery-ді таңдайды деп үміттенеміз».
Нұрлан Смағұлов маусым айында дистрибьюторлық келісімге қол қойған сәттен бастап көп нәрсенің жасалғанын және брендтің болашағына сенімді екенін атап өтті:
«2021 жылдан бастап біз Chery-мен жұмыс істеп келеміз. Біз оны Қазақстандағы Қытай брендтерінің ішіндегі №1 бренд болуына бірлесіп қол жеткіздік, қазір бізде 26 дилер, 7 модель бар, Chery-дің нарықтағы үлесі 9%-ды құрап отыр. Биыл біз Алматы қаласында роботтандырылған дәнекерлеу және шанақты бояу арқылы CKD тәсілімен автокөлік шығаратын зауыт аштық. Бұл біз үшін жаңа кезең. Чехияға автокөліктердің тікелей Қытайдан жеткізілетінін атап өткім келеді. Біз Chery-дің Astana Motors компаниясына білдірген сенімі үшін алғыс айтамыз және Chery автокөліктерінің Еуропа үшін сапасы мен тартымдылығына және жаңа нарықта өз күшіне ие болатынына сенімдіміз».

Astana Motors командасы Chery-дің Чехиядағы таныстырылымында
Astana Motors Прага қаласындағы көшбасшы дилерлік орталықты өзі ашады. 18 қыркүйектегі рәсімде Чехияның негізгі қалаларында тағы 8 серіктеспен дилерлік келісімдерге қол қойылды. 2026 жылдың соңына дейін дилерлік желідегі орталықтар саны 26-ға дейін өсіп, бүкіл ел бойынша брендтің барынша көп аймақта орналасуын қамтамасыз етеді.

Chery автокөліктері Чехия кезеңіндегі Афина (Греция) – Прага (Чехия) автошеруі кезінде
2025 жылы Chery компаниясы 115-тен астам елде ұсынылған Қытайдың ірі автокөлік өндірушілерінің қатарына кіргенін атап өту керек. Жаһандық пайдаланушылар базасы 17 миллион адамға жетті.
Чехияға кіру Еуропадағы гибридті және қосылатын гибридті автокөліктерге сұраныстың өсуімен сәйкес келеді. Chery үшін бұл нарық үлесін алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар еуропалық экспансияға бағытталған стратегиялық қадам.

Афина (Греция) – Прага (Чехия) автошеруінің мәресі
Компания қазірдің өзінде 5 млн экспортталған автокөлік көрсеткішіне жетті, ал жақында қашықтығы 3000 км-ден астам Афина (Греция) – Прага (Чехия) автошеруі Tiggo модельдерінің сенімділігі мен технологиялығын растады.
Chery еуропалық брендтермен бәсекелесіп қана қоймай, тұтынушыларға жаңа технологиялар мен көбірек таңдау ұсынуға ниет білдіріп, инновация мен қол жетімділікті басты назарға алып отыр.




